Руханият • 16 Қазан, 2022
Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада көрнекті жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Дүкенбай Досжанның туғанына 80 жыл толуына орай «Дүкенбай Досжан әлемі: жазушылық зертханасы және ұлт тағдыры» атты дөңгелек үстел мәжілісі өтті.
Сұхбат • 12 Қазан, 2022
Нағашыбай Алпысов, жыршы: «Қаншеңгелді» қақпақылға салмайық...
Жақында редакцияда Қостанайдан Астанаға ат арытып келген жыршы Нағашыбай Алпысов қонақта болып, биыл туғанына 150 жыл толған Ахмет Байтұрсынұлының өмір жолы мен шығармашылығы және жалпы Торғайдағы ақындық мектеп туралы әсерлі әңгіме өрбітті. Сондай-ақ жыршы Ахмет Байтұрсынұлының туындысы деп телініп жүрген белгілі ақын Хамитбек Мұсабаевтың «Қаншеңгел» поэмасы туралы да айтты. Біз сұхбатты осы шығармадан бастадық.
Қоғам • 11 Қазан, 2022
Астана қаласы әкімдігінің Орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты Балалар және жасөспірімдер кітапханасында «Оқитын ұлт» жобасы аясында «Ай сәулесімен кітап оқиық» атты қызыққа толы кітапхана түні өтті.
Әдебиет • 10 Қазан, 2022
Әрбір талантты жазушының «ә» дегеннен әдебиетке келгенде оқырманды жалт қаратып, есімін әйгілеп, қолтаңбасын танытқан бірегей шығармасы болады. Көрнекті жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Дүкенбай Досжанның (1942-2013) дәл сондай төлбасы туындысы – «Жібек жолы» романы. Қабырғалы қаламгер бұл романды 27 жасында жазып, ол 1973 жылы «Жазушы» баспасынан 60 мың таралыммен жарық көрген. Сондай-ақ 1983 жылы «Дружба народов» журналының қосымша жазылымы жүйесінде 300 мың данамен басылып, іле-шала шығарма мадияр, украин, неміс, түрік, моңғол, пұштын тілдеріне аударылған. Тарихи туынды туралы сол кезде тәжік Зұлфықаров, әзербайжан Анар, қырғыз Қасымбеков, армян Грант Матевосян, молдаван Ион Друцэ, орыс Иван Уханов секілді белгілі жазушылар жылы лебізін білдіріпті.
Таным • 10 Қазан, 2022
Әдебиетімізде «Көшпенділер» және «Алтын Орда» атты трилогияларымен тарихи тақырыпқа алғаш түрен салып, тұтас бір мектеп қалыптастырған Ілияс Есенберлиннің орны бөлек. Ақмола облысындағы Атбасар қаласында көрнекті жазушы атындағы әдеби музей жұмыс істейді, онда айтулы тұлғаның өзі тұтынған біраз жеке заттары сақталған. Соның ішінен қаламгердің ұнатып, үнемі киіп жүрген плащына тоқталсақ дейміз.
Абай • 05 Қазан, 2022
Қазақ бейнелеу өнерінде хакім Абай атамыздың бейнесін бояу түсімен сөйлетпеген қылқалам шеберлері кемде-кем. Және олардың бәрінде де ақын тұлғасы әр қырынан бейнеленіп, айшықты сомдалған. Сондай жұртшылық көңілінен шыққан туындының бірі, көрнекті суретші Тоқболат Тоғысбаевтың «Абай» портреті.
Таным • 05 Қазан, 2022
Астанадағы Тұңғыш Президент кітапханасында «Ата-ана жүрегінің мейірімі» атты корей дәстүрлі балалар киімі көрмесінің ашылуы өтті.
Өнер • 04 Қазан, 2022
Астанада Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен «New Music Generation 2022» атты ІV халықаралық композиторлар байқауы басталды.
Руханият • 25 Қыркүйек, 2022
Алаш ардақтысы Міржақып Дулатұлы өткен ғасыр басында: «...Әдебиеті жоқ халықтың дүниеде өмір сүруі, ұлттығын сақтап ілгері басуы қиын. Әдебиеті, тарихы жоқ халықтар басқаларға сіңісіп, жұтылып жоқ болады. Қай жұрттың болса да жаны – әдебиет, жансыз тән жасамақ емес», деп айтқан осы бір ұлағатты сөзінен қазақтың қаншама ғасыр бойы түрлі теперіш пен зобалаңды көрсе де ұлттық болмысы мен рухын жоғалтпауының негізі құнарлы әдебиетімізде жатқанын түсінеміз. Әдебиетіміздің бар асылы кітапта. Бір кезде халқымыз кітапқұмар ұлтқа айналды. Ақын-жазушылардың мыңдаған тиражбен жарық көрген шығармалары әп-сәтте тарап, оқырман қолында жүрді. Қазір осы қасиетіміз сақталып қалды ма, нақты айта алмаймыз. Өйткені қоғам, уақыт өзгерді. Құндылықтар алмасты. Алайда кітаптың орны, қадір-қасиеті бөлек. Кітапты пір тұтқан ұлт алға шығып, өркениет даңғылында көш бастады. Бүгінде Батыс елдері кітап оқуға қайта бет бұрды. Бізде бұл үрдіс байқала ма? Осы ретте жазушы, фиология ғылымдарының докторы, профессор Серік Асылбекұлы, ақын, журналист Қонақбай Саттаров, фрилансер аудармашы Динара Мәзен, жазушы, әдеби байқаулардың лауреаты Жадыра Шамұратова, «Қазына» кітап дүкендері желісінің басшысы Алмас Шәйкен дөңгелек үстел мәжілісінде тақырыпқа қатысты бірқатар мәселені талқылап, ой-пікірлерін ортаға салды.
Қазақстан • 25 Қыркүйек, 2022
Академик тұрған үйге ескерткіш-тақта орнатылды
Астанада аса көрнекті әдебиеттанушы ғалым, сыншы, Ұлттық ғылым академиясының академигі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Серік Қирабаевтың 2009-2021 жылдары тұрған Ш.Қалдаяқов 2 мекенжайындағы үйіне ескерткіш-тақта қойылды. Мазмұнды іс-шараға Парламент депутаттары, зиялы қауым өкілдері және академиктің отбасы мен шәкірттері қатысып, ұзақ жылдар жоғары білім мен ғылым саласында еңбек етіп, өнегелі із қалдырған айтулы тұлғаны еске алды.