Азамат ЕСЕНЖОЛ
Азамат ЕСЕНЖОЛ«Egemen Qazaqstan»
606 материал табылды

Өнер • 16 Қараша, 2022

Ұлттық құндылықтарды айшықтаған

Елордадағы Ұлттық музейде Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, талантты қылқалам шебері Оралбек Қабөкенің «Бейне» атты жеке көрмесі ашылды.

Саясат • 16 Қараша, 2022

Азалы арқау

Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлына арнаған өлеңдердің ішінде құранқари ақын Файзолла Сатыбалдыұлының «Ахмет қайтыс болды дегенде...» атты арнауының мәні де, мазмұны да бөлек. Бұл өлеңді жай сыдыртып оқып өте алмайсыз. Бар-жоғы сегіз шумақтан тұратын арнауда Алаш ардақтысының асыл қасиетін шынайы жеткізген. Оны автордың өзі де қуғындалып, қамығып жүргенде жазса керек.

Өнер • 15 Қараша, 2022

Дарындыларды даралаған жоба

Астанадағы Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйы­мында ерекше білім беру қа­жеттілігі бар дарынды бала­ларға арналған «Арман асулары» атты республикалық фес­тивалінің қанатқақты жобасы өтті. Мазмұнды шара биылғы «Балалар жылы» аясында ұйымдастырылды. Оған Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев қатысты.

Таным • 10 Қараша, 2022

Биологиялық өнер өрісі

Астанадағы Форте банктің көрме залында «Құланшы» заманауи өнер орталығының қолдауымен Назарбаев университеттің iGEM студенттер ұйымы Қазақ ұлттық өнер университетімен бірлесіп, «In Vivo: Адам алуандылығы» атты биологиялық өнер көрмесін өткізді. Бұл іс-шара Орталық Азия көлемінде алғаш өтіп отыр.

Өнер • 09 Қараша, 2022

Әсем әннің құдіреті

«Ән – көңілдің ажары» деген сөзде көңілдің нәзік қылын тербейтін бір сиқырлы сыр бар. Түрлі зобалаңды басынан өткерсе де халқымыз ішкі мұңы мен қайғысын ән арқылы емдеп, әннен жылу алып, ән айтып қанаттанды. Біздің бала күнімізде ауылда жиын-тойда аналарымыз бастары қосыла қалғанда, халық әндерінен бастап, сол кезде ел ішіне кеңірек жайылған әндерді нақышына келтіріп, шырқай жөнелетін. Сонда көбінесе айтылатыны – «Ауылым» әні. Әсіресе оны Дәкіш апа сыңғырлаған бұлақтай дауысымен шырқағанда, оған отырғандар ғана емес, дала да, ай да, жұлдыз да, аспан да бірге қосылғандай әсерге бөлейтін.

Руханият • 08 Қараша, 2022

Қаламгерді еске алу

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде белгілі журналист, ақын Смағұл Рахымбекті еске алу кеші өтті. Онда қаламгердің замандастары мен жерлестері сөз алып, тағылымды естелік өрбітті.

Қоғам • 07 Қараша, 2022

Ұлт ұстазына жолданған хат

Астанадағы Ақселеу Сейдімбек атын­дағы №54 мектеп-лицейде «Қара­ ша­­ңырақ» ұлттық тәрбие беру мек­тебінің ұйымдастыруымен Ахмет Бай­тұрсынұлының 150 жылдығына орай елордалық мектеп оқушылары арасында «Ел – бүгіншіл, менікі ертең үшін» атты шығармашылық сайыс өтті.

Қазақстан • 04 Қараша, 2022

Қонаевтанушы – құрметті азамат

Белгілі қаламгер, қонаевтанушы Ораз Қауғабай «Алматы облысының құрметті азаматы» атанды. Оны танымал публициске Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Қонаев қаласында тапсырды.

Өнер • 03 Қараша, 2022

Ұлттық бояуы қанық туындылар

Жақында елордадағы Мемлекеттік Әскери-тарихи музейде Суретшілер одағының мүшесі, белгілі қылқалам шебері Аманат Назарқұлдың «Елім менің» атты жеке көрмесі өтті. Мазмұнды іс-шара Респуб­лика күні­мен бір­ге Қазақстан мен Германия Федера­тив­тік Респуб­лика­­сының дипломатиялық қарым-қаты­насының 30 жыл­­дығына арналды.

Қоғам • 02 Қараша, 2022

Тұлға тағылымы

Астанадағы Мұстафа Шоқай атындағы №51 мектеп-гимназиясында «Ұлты үшін туған ұлы тұлға – Мұстафа» атты тағылымды кеш өтті. Оған Парламент депутаттары Нұртөре Жүсіп, Қазыбек Иса, Түркиядағы Мимар Синан көркем өнер университетінің профессоры Әбдуақап Қара, саяси ғылымдар докторы, профессор Әбдіжәлел Бәкір қатысты.