Азамат ЕСЕНЖОЛ
Азамат ЕСЕНЖОЛ«Egemen Qazaqstan»
502 материал табылды

Өнер • 16 Маусым, 2021

Айтбаевтың «Бақыты»

Өткен ғасырдың алпысыншы жылдары ұлттық бейнелеу өнеріне теңіздей буырқанған талантты бір буын келді. Осы буынға өнертанушылар «Қатаң стиль» өкілдері деп баға берген. Сол  үркердей шоғырдың ішінде дарынды қылқалам шебері Салихитдин Айтбаевтың  ешкімге  ұқсамайтын қолтаңбасы анық байқалды. Әсіресе, автордың 1966 жылы салған «Бақыт» деген картинасы  бейнелеу өнерін жоғары бағалайтын талғампаз жұрттың көңілінен шықты. Бұл кезең кеңестік дәуірдің дүбірлеп тұрған шағы болғандықтан,  қазақтың биік болмысын бедерлеген  туынды  «Молодая гвардия» журналында сыналып, авторға «ұлтшыл, түрікшіл» деген айып тағылды.

Өнер • 10 Маусым, 2021

Мергенов мүсіндері

Сіз Қазақстанның халық суретшісі, қайталанбас талант иесі Еркін Мергеновтің мүсіндерін көрдіңіз бе? Көрсеңіз, ғажа­йып бір күйге бөленіп, шынайы өнердің үлгісін көрер едіңіз.

Тарих • 09 Маусым, 2021

Балуанның белдігі

Елордадағы Ұлттық музейде биыл туғанына 150 жыл толған, күрес­тің бір­неше түрінен әлем чемпионы, даңқты балуан Қажымұқан Мұңайт­пас­ұлына қатысты  бірнеше жәдігер сақталған.

Өнер • 08 Маусым, 2021

Еске алу концерті өтті

Алматыда Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық ас­паптар оркестрінің ұйытқы болуымен дәулескер күйші, Қа­зақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреа­ты Қаршыға Ахмедияровтың туғанына 75 жыл толуына орай «Күй қаршыға – Күй ғұмыр» атты еске алу концерті өтті.

Өнер • 06 Маусым, 2021

Жаңа ереже өнерді өрістетеді

Жалпы, халқымыз табиғатынан өнерге жақын. Соның ішінде ән мен күйге келгенде алдына қара салдырған емес. Ұлы Шоқанның досы, тамаша ғалым Г.Потанин: «Маған бүкіл қазақ даласы ән салып тұрғандай көрінеді» деп бекер айтпаса керек. Ертеде дауысы алты қырдан асатын әншілер болғандығын білеміз.

Өнер • 04 Маусым, 2021

Өрнегі айшықты актриса

Өмірден ерте өткен талантты жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Оралхан Бөкейдің шоқтығы биік шығармасының бірі – «Сайтан көпір» повесі. Бұл туындының бас кейіпкері –  өмірде болған адам, автор сол арқылы бес күндік тірліктегі жақсылық пен жамандықтың, адалдық пен арамдықтың, әділдік пен әділетсіздіктің бітіспес күресін өзек етіп, жұмыр басты пенденің жан сырындағы қалтарыс-бұлтарысын шынайы шеберлікпен аша білген. Қазір де бұл шығарма ойлы оқырмандар қолынан түсе қойған жоқ.

Тарих • 31 Мамыр, 2021

Батыр анасының ағаштөсегі

Ел ішінде тарихтың тұңғиығынан сыр шертетін көне жәдігерлер жетерлік. Сондай асыл дүниенің бірі – Қостанай облысы Амангелді аудандық мемориалдық мұражайындағы халық батыры Амангелді Имановтың анасы Қалампырдың ағаштөсегі.

Өнер • 24 Мамыр, 2021

Пейзаж шебері

Былтыр қаңтар айында астанадағы «Мәңгілік Ел» салтанат қақпасы галереясында Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, талантты қылқалам шебері Жайық Күшікбаевтың «Көкжиек сызығы» атты жеке көрмесі өтіп, оған автордың кейінгі жылдары салған біраз туындысы қойылды.

Сұхбат • 21 Мамыр, 2021

Тағдыр тоғыстырған мамандық

21 мамыр – еліміздегі Мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесі.

Өнер • 18 Мамыр, 2021

Гүлдердің сырын ұққан...

Жуырда Елбасы кітапханасында дарынды суретші Анар Әбжанованың «Алатау жауһарлары» атты жеке көрмесі ашылды. Бұл мазмұнды іс-шара Елбасы кітапханасының жинағындағы танымал авторлардың шығармашылығын насихаттауға бағытталған «Тәуелсіздіктің мәдени коды» жобасы аясында ұйымдастырылды.