Өнер • 13 Мамыр, 2021
Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы мен Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 25 жылдығына орай «Ең бірінші бақытым...» атты республикалық студенттер айтысы өтті. Айтулы дәстүрге айналған жыр додасына 10 ақын қатысып, сөз сайысының көрігін қыздырды.
Өнер • 11 Мамыр, 2021
Былтыр ұлттық бейнелеу өнерін ғажайып туындыларымен байытқан, алғашқы кәсіби қылқалам шеберлерінің бірі, Қазақстанның халық суретшісі Молдахмет Сыздықұлы Кенбаевтың туғанына 95 жыл толды. Өмірде өте қарапайым ғұмыр кешкен талантты тұлғаның мерейтойы елеусіз өтіп кетті. Сонда да өнерде өшпес із қалдыра білген суретшінің есімі ұмытылмайды деп сенеміз.
Қазақстан • 06 Мамыр, 2021
Болашақты бейнелейтін NUR ALEM
Қазақстанның Тұңғыш Президенті − Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен осыдан төрт жыл бұрын елордада «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі дүркіреп өтті. Дүниежүзілік деңгейде ұйымдастырылған айтулы іс-шараға 115 мемлекет пен 22 халықаралық ұйым қатысып, оны 4 млн адам тамашалады. Жалпақ әлем назар аударған көрмеде жаңашыл ғылыми-техникалық жетістіктермен бірге соған қатысушы елдердің тарихы мен салт-дәстүрі, мазмұнды мәдениеті көрсетілді.
Оқиға • 04 Мамыр, 2021
Елордада даңқты балуан Қажымұқан Мұңайтпасұлының туғанына 150 жыл толуына орай «Күш атасы – Қажымұқан» атты тақырыпта музей сабағы өтті.
Ең қысқа әңгіме • 03 Мамыр, 2021
Кеңес заманында қажыға барған...
Кеңес өкіметі орнағанға дейін Торғай өңірінде 54 мешіт болыпты. Сол кезде Алланың үйі имандылықтың ұясы ғана емес, балалар сауатын ашқан мектептің рөлін атқарды десек артық айтқандық болмас. Қызылдар билікке келгеннен кейін елдегі аузы дуалы, дәулетті азаматтармен бірге діни қайраткерлерді де қуғындады. Соның кесірінен білікті имамдар мен молдалар сырт жерге бой тасалап кетті.
Әдебиет • 29 Сәуір, 2021
Жаңа әдебиеттің атасы – ескі әдебиет
Әдебиеттің әңгімесі ешқашан таусылып көрген емес. Қаламды қасиет тұтқан әр қаламгердің ол жайында өз көзқарасы мен айтары бар. Осы орайда біз «Әдебиет –ардың ісі» деген ұлы ұғымға адалдық танытып келе жатқан жазушы Қуандық Түменбаймен жүздесіп, қазіргі көркем сөз өнері мен шығармашылығы туралы әңгіме өрбіткен едік.
Оқиға • 26 Сәуір, 2021
Биыл халқымыздың аса көрнекті ағартушысы, жазушы, этнограф, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсаринің туғанына 180 жыл толып отыр. Осыған орай елордадағы Ұлттық музей мен Қостанай облысының ұлы ұстаз атындағы мемориалдық музейі бірлесіп, «Үміт еткен көзімнің нұры балам...» атты дөңгелек үстел мәжілісі мен Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын, ғалым Серікбай Оспановтың «Ыбырай жолы» кітабының таныстырылымын өткізді.
Руханият • 22 Сәуір, 2021
Бұл көне жәдігер Қостанай облысы Амангелді ауданындағы, халық батыры Амангелді Иманов атындағы мемориалдық мұражайында тұр. Оны музейге Тілеулі батырдың ұрпағы, соғыс және еңбек ардагері Тайжан Батырбеков қария 1986 жылы өткізіпті.
Руханият • 20 Сәуір, 2021
Былтыр ұлы ақынның айтулы мерейтойы аясында «Абай» телеарнасы ашылып, мәдени-рухани өміріміз жаңаша бір серпілгендей болды. Қазір осы арнадағы «Руханият», «Сарасөз», «Үркер», «Жәдігер», «Бір туынды», «Дәуір даналары» атты тарих пен өнерді кең қамтыған байыпты бағдарламалар көрерменнің көз қуанышына айналды. Осы қатарға өз ортасынан оза шауып жүрген сан қырлы мамандық иелерін дәріптейтін «Есімдер» бағдарламасын қосар едім. Жақында содан «Астана Балет» театрының жетекші солисі, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты Риза Қанатқызы туралы жып-жылы хабар берді. Соны көріп отырып, талантты балеринаның өнер жолына қызықтық. Оның айтқан әрбір сөзінен қазақы тәрбиенің қайнарына қанып өскендігі байқалып тұрды. Жас болса да балет өнерінде өз қолтаңбасы қалыптасқан.
Ауыл • 19 Сәуір, 2021
Ауыл мәдениетінің ауқымы тарылмасын
Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсына келіп: «Туған жерге деген сүйіспеншілік нені білдіреді, жалпы бағдарламаның мәні неде? Бірінші, бұл білім беру саласында ауқымды өлкетану жұмыстарын жүргізуді, экологияны жақсартуға және елді мекендерді абаттандыруға баса мән беруді, жергілікті деңгейдегі тарихи ескерткіштер мен мәдени нысандарды қалпына келтіруді көздейді», деп айтқан еді.