Азамат ЕСЕНЖОЛ
Азамат ЕСЕНЖОЛ«Egemen Qazaqstan»
606 материал табылды

Руханият • 23 Тамыз, 2021

Хакім хазірет

Биылғы мамыр айында ел газетінде «Кеңес заманында қажыға барған» атты («Егемен Қазақстан» 03.05 2021. ж) Нүркей қажы Биғабылұлы туралы мақаламыз жарық көрген еді. Сол қасиетті сапарға елімізден Нүркей қариямен бірге Хакім Омарұлы мен Еркін Қозыбаев деген тағы екі қазақ азаматы да аттанған. Жуырда осы дүниені газеттен оқып, суреттен әкесінің бейнесін көрген Хакім қажының қызы Хамида апай хабарласып, сол кездегі түрлі кедергіге қарамастан екі мәрте қажылыққа барған әкесі туралы айтып берді.

Тарих • 22 Тамыз, 2021

Хакім Хазірет

Биылғы мамыр айында ел газетінде «Кеңес заманында қажыға барған» атты («Егемен Қазақстан» 03.05 2021. ж) Нүркей қажы Биғабылұлы туралы мақаламыз жарық көрген еді. Сол қасиетті сапарға елімізден Нүркей қариямен бірге Хакім Омарұлы мен Еркін Қозыбаев деген тағы екі қазақ азаматы да аттанған. Жуырда осы дүниені газеттен оқып, суреттен әкесінің бейнесін көрген Хакім қажының қызы Хамида апай хабарласып, сол кездегі түрлі кедергіге қарамастан екі мәрте қажылыққа барған әкесі туралы айтып берді.

Әдебиет • 19 Тамыз, 2021

Жаңа ғасыр суретшісі

Халқымыздың қаһармандық болмысын көркем сөзбен зерлеген «Қамбар батыр» жырын оқымаған қазақ баласы сирек шығар деп ойлаймыз. Бүгінде көне жырдың 19 нұсқасы бар екен. Оны алғаш Л. Мейер деген зерттеуші жазып алып, 1865 жылы «Киргизская степь Оренбургская края» атты журналға бастырған. Бұл – Қамбар батыр оқиғасын Сыр бойындағы Алтыасар тарихымен байланыстырған аңыз үлгісі. Одан соң 1888 жылы Қазан университетінде «Қисса-и Қамбар» және 1903 жылы Қазан қаласында «Тоқсан үйлі тобыр» деген атпен жырдың алғашқы нұсқалары жарық көрген.

Өнер • 17 Тамыз, 2021

Корея кескіндеме көрмесі ашылды

Елордадағы Ұлттық музейде ел Тәуелсіздігінің отыз жыл­дығына орай Корея Республикасы елшілігінің Корей мә­дени орталығының ұйытқы болуымен Sumukhwa Monologue атты сиямен салынған кескіндеме көрмесі ашылды.

Тарих • 13 Тамыз, 2021

Абылай ханның қылышы

Елбасы кітапханасында қазақ тарихындағы бірегей тұлға – ұлы Абылай ханның қылышының бөлігі сақталған.

Өнер • 12 Тамыз, 2021

Қайталанбас қолтаңба

Осы суретке қараған сайын, одан бір жылылық көрем. Ата мен әже алдарына немересін алып, соның қызығына тоймай, тамашалап отыр. Бала күнімізде осы көріністі ауылда жиі көрдік. Ата-әжеміз бізді де осылай алдарына алып, қызықтап отыратын. Жалпы, бұл туындының маңызы зор, қараған жанға мазмұнды ой салады. Автор осы суреті арқылы әке-шеше мен баланың арасындағы байланыс, ұрпақ жалғастығы деген өмірлік қағиданы көркем жеткізеді. Мұны суретші 1968 жылы қарындашпен салыпты. Оның иесі ұлттық бейнелеу өнерінде қайталанбас қолтаңбасын қалдырған көрнекті қылқалам шебері Шаймардан Сариев.

Театр • 12 Тамыз, 2021

Шағын эпизод шебері

Елордадағы  Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық Қазақ музыкалық-драма театрының актері Дастан Әлімовті мен алғаш көрнекті жазушы Шыңғыс Айтматовтың «Ақ кеме» спектакліндегі бас кейіпкер – жас баланың бейнесіндегі рөлі арқылы таныдым. Бұл туындыны   режиссер Нұрлан Жұманиязов сахналады. Осы қойылымда кішкентай кейіпкермен Дастанның жан-дүниесінде бір ұқсастық бар екені байқалды. Өйткені жеткіншектің  қуанышы мен қайғысын, қиялы мен сағынышын актер жүрегімен сезініп, көрерменге шынайы  жеткізе білді.

Қазақстан • 11 Тамыз, 2021

Сәкентау

Халқымыз оты құнарлы, суы мол, табиғаты көр­кем, талай талантты тұл­­ғалар туған – Баян­ауыл­ды «құт қонған жер» деп дәріптейді. Осы өңірде дауылпаз ақын, мемлекет және қо­ғам қайраткері Сәкен Сей­­фулиннің есімімен ата­латын тау бар.

Өнер • 11 Тамыз, 2021

Біржан салдың «Айбозымы»

Қазақ өнерінің алыбы – Біржан сал бабамыздың асқақ «Айбозым» әнін жұртшылық жақсы біледі. Бұл әнді алғаш сахнада орындаған – дүлдүл әнші, Мемлекеттік сыйлықтың лау­реаты Қайрат Байбосынов. Біз бүгінгі әңгімемізде бір кездері ұмыт бола бастаған осы туындының қайта жарыққа шығуына себепкер болған бір оқиғаны баяндасақ дейміз. Оны бізге белгілі ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Қорғанбек Аманжол айтып берген еді.

Өнер • 10 Тамыз, 2021

Ашық аспан астындағы галерея

Бас шаһардағы ЭКСПО іскерлік орталығы аумағындағы NUR ALEM болашақ энергиясы мұражайының алаңында шілдеден қыркүйектің соңына дейін қала тұрғындары мен қонақтарына қызықты бірегей кеңістік ұйымдастырылды. Онда отандық және шетелдік суретшілердің, мүсіншілер мен фотографтардың көрмелері, музыканттардың жанды дауыста орындалған шығармалары ұсынылады.