Қазақстан • 19 Маусым, 2018
Елорда меймандарды қарсы алуға дайын ба?
Астананың Арқа төріне қоныс аударғанына да аттай жиырма жыл заулап өте шықты. Елдегі және халықаралық аренадағы сан салалы мәселелер талқыланатын басты алаң болғандықтан, шаһарға әрісі – алыс шетелдерден, берісі – өзіміздің өңірлерден келушілердің қарасы қалың екені түсінікті. Ал қалаға келген әр мейманның ұмытылмас әсер алып, жақсы пікірде қалуы үшін қызмет көрсетудің жоғары деңгейде жүргізілуі аса маңызды.
Қазақстан • 19 Маусым, 2018
Айман Мұсақожаева: Астана арманыма жол ашты
Менің Астанаға келуім де, Арқа төрінде өзім өмір бойы армандаған Өнер университетін ашуым да тек қиял-ғажайып ертегілерінде ғана болатын таңғажайып оқиғадай көрінеді.
Қазақстан • 19 Маусым, 2018
Ұлттық экономика министрі халыққа есеп берді
Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменовтің халыққа есеп беру кездесуі өтті. Жиында ол Ұлттық экономика министрлігі қызметінің 2017 жылдың негізгі қорытындылары және үстіміздегі жылдың міндеттері туралы баяндады.
Қазақстан • 19 Маусым, 2018
Жатақхана мәселесі оң шешіледі
Кеше Үкімет үйінде Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова мен Ұлттық тестілеу орталығының директоры Рамазан Әлімқұловтың қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті. Онда Президенттің «Бес әлеуметтік бастамасын» іске асыру аясында студент жастарды жатақханамен қамту мәселесі кеңінен сөз болды.
Қазақстан • 19 Маусым, 2018
Түркілік сананы жаңғыртатын форум
Кеше Астанада Халықаралық Түркі академиясы ұйымдастырған Халықаралық III «Ұлы Дала» гуманитарлық ғылымдар форумы өтті. Жиынға Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова қатысты.
Қазақстан • 19 Маусым, 2018
«Әдебиет бульвары» мен «Ғарыш саябағы»
Көзіқарақты қала тұрғындары жаз шыққаннан бері Есілдің оң жағалауындағы көшелердің бойында абаттандыру жұмыстары қызу қарқын алғанына тәнті болуда. Бұл бос алаңқайлардағы қызу еңбек таңмен таласа басталып, көз байлана толас табады. Жұмысшылардың Қала күні мерекесіне дейін тапсырылған міндетті еңсеріп тастауға деген құлшынысы көңіл марқайтады.
Қазақстан • 19 Маусым, 2018
Ақмоланы мен алғаш 1952 жылы көрдім. Біздің ауыл, туған жеріміз мына Нұра ауданы, соның орталығы. Осы арадан 100 шақырым жерде. Туғаннан астаналықпын деуіме болады. Үлкен ағам әскери міндетін теңіз флотында өтеді. Владивостокта. Ол кезде әскерде бес жыл жүреді. Жыл сайын демалысқа келіп тұрады. Сонда бірінші рет ағайындармен бірге жүк машинасымен келіп, қарсы алғанбыз.
Аймақтар • 18 Маусым, 2018
«Индустриялық даму» бағыты бойынша сараптама комиссиясының отырысы өтті
«Нұр Отан» партиясы Сайлауалды бағдарламасы «Индустриялық даму» бағыты бойынша сараптама комиссиясының Мұнайлы ауданындағы көшпелі отырысы өтті. Отырыста «Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық дамуы жөніндегі мемлекеттік бағдарламасының Мұнайлы ауданында жүзеге асырылу барысы туралы» тылқыланды.
Аймақтар • 18 Маусым, 2018
Маңғыстау облыстық филармониясында дәстүрлі ән-күй кеші өтті
Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында М. Өскінбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық филармониясы дәстүрлі ән-күй кешін өткізді. Өнер зерттеушілері қазақтың халық музыкасын аймақтық, орындаушылық ерекшеліктеріне орай Батыс, Жетісу, Сыр бойы, Алтай-Тарбағатай мектебі деп 5-ке бөліп қарастырады. Өткізілген концертте осы белгілі мектептердің барлығы қамтылды. T Определить языкАзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский АзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский Звуковая функция ограничена 200 символами Настройки : История : Обратная связь : Donate Закрыть
Аймақтар • 18 Маусым, 2018
«Батыс» өңірлік қолбасшылығында үздік сержанттар анықталды
Аталмыш конкурс Маңғыстау облысы Бейнеу ауылында өтті. Бес күн ішінде өңірлік қолбасшылықтың ең мықты сержанттары сайысқа түсіп, «Үздік батальон сержанты», «Үздік рота сержанты», «Үздік взвод сержанты» және « Үздік бөлімше сержанты» номинацияларында бақ сынасты.