Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
90785 материал табылды

Қазақстан • 13 Маусым, 2018

2500 жылдан астам тарихы бар латын әліпбиінің қазақ тарихындағы қолданысы

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Жазу тарихы» мұражайына (2003) бас сұғып, төңірекке жіті көз жіберсек, түбі бір түр­кі жұрты қолданған – 16 жазу үл­гісін аңғарар едік (мысалы, Арамей, Байырғы түркі, Брахми, Соғды, Ұйғыр, Манихей, Қидан, Қытай, Сириялық әліпби, Армян, Моңғол, Тод, Төте жазу (А.Байтұрсынұлы үлгісі), Латын, Кирилл). Әрбірінің белгі, ерекшеліктері та­нылып, жазу-сызу өнерінің даму жо­лынан түркілік мәдениет, әліпби мә­н­і, ұнамды үлгі, үрдістері кеңінен кө­рі­ніс береді. Бұған қарап, ақын айт­қан­дай: «...Тарих қызықтырады, тарих беттері қызығушылық тудырады» 

Қазақстан • 13 Маусым, 2018

Заңнама институтының құрылғанына – 25 жыл

Елімізде ұлттық заңнаманы қалып­тас­­тыруда, халықтың құқықтық мә­де­ниет деңгейін көтеруде, құқық­тық көмек пен насихат және заң қыз­меттерін көрсетуде Қазақстан Рес­­публикасы Президентінің 1993 жыл­­ғы 16 маусымдағы Жарлығына сәй­­кес құрылған, яғни биылғы жы­лы 25 жыл толатын Қазақстан Респуб­ли­ка­сының Заңнама институты мен Республикалық құқықтық ақпарат ор­талығының орны ерекше. 

Қазақстан • 13 Маусым, 2018

Президент сыйлығын беру жөніндегі комиссияның отырысы өтті

Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы 2018 жылғы сыйлықтарын беру, гранттарын тапсыру және алғысын жариялау жөнінде Қоғамдық комиссияның отырысы өтті.

Әлем • 13 Маусым, 2018

Дональд Трамп пен Ким Чен Ынның кездесуі ортақ келісіммен аяқталды

Кеше АҚШ пен Корей Халық Демократиялық Республикасының басшылары кездесіп, екі ел арасын­дағы қордаланған мәселелерді талқы­лады. Бұл – екі елдің іс басындағы президенттерінің тұңғыш кездесуі. Дональд Трамп пен Ким Чен Ын жүздескен Сингапур саммитінің басты тақырыбы ҚХДР-ды ядролық қарудан тазарту мәселесі болды.

Қазақстан • 13 Маусым, 2018

ҚХА Ғылыми сарапшылық кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті

Ұлттық академиялық кітапханада ҚХА-ның ХХVІ сессиясының тапсырмаларын орындау бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының Ғылыми сарапшылық кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.   

Үкімет • 13 Маусым, 2018

Үкімет отырымында елді мекендерді сумен жабдықтау мәселелері қаралды

Кеше Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында 2018 жылдың алғашқы жарты жылдығындағы әлеуметтік-экономикалық даму мен республикалық бюджеттің атқарылу қорытындылары қаралып, елді мекендерді сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту, шағын және орта кәсіпкерлікті цифрландыру мәселелері талқыланды.  

Аймақтар • 13 Маусым, 2018

Алакөлге ұшақ билетінің құны екі есе қымбаттаған

«Жақында Үржар ауданына барып қайттым. Барғанда аудан орталығына дейін ұшаққа 10 мың теңге төледім. Өскеменге қайтайын деп әуежайға келсем билет бағасы 22 мыңнан асып жығылыпты. Не болса да билет алайын деп кассаға барсам, «ұшақ ұшпайды» деді. «Неге?» десем, «ұшатын кісі жоқ» дейді. Әрине 22-23 мыңға кім ұшсын?! Астана мен Алматыдан қатынайтын бағыттардың бағасынан да жоғары. Бұдан кейін Алакөлге демалушылар қайдан келсін?! Суға шомылу маусымы кезінде бағаны төмендеткеннің орнына көтергендерін қалай түсінеміз?» дейді Өскемен қаласының тұрғыны, жазушы Әлібек Қаңтарбаев.

Қазақстан • 13 Маусым, 2018

Астана-20: Мәртебелі мегаполистің мәуелі мәдениеті

Әлемнің әр шалғайындағы шамшырақ астаналар тек телегей тарихымен, дәуірлік дәстүрлерімен, айшықты архитектурасымен ғана әспеттелмесе керек. Бақандай бір мемлекеттің мерейіне баланар бас қаланың абырой-беделін айқындар басқа да басымдықтар баршылық. Алыс-жақыннан келген ағайын ең алдымен оның мәдени-рухани байлығына мән беруі әбден мүмкін.

Яндекс.Метрика