Қазақстан • 13 Маусым, 2018
«Ашық әлем. Жас турист. Жасөспірім іздеуші» атты облыстық форум өтті
Қарағанды облысындағы Ақтоғай ауданы туризм саласынан нәпақа іздеген жандардың назарын өзіне аударып жүрген жерұйық мекеннің бірі. Таяуда осы аудандағы Бектауата баурайында туристік-өлкетанушылар экспедициялық жасақтарының «Ашық әлем. Жас турист. Жасөспірім іздеуші» атты облыстық форумы өтті.
Қазақстан • 13 Маусым, 2018
Атыраулық оқушылар елорда төрінде тұрған зәулім ғимараттарды қолдан жасап шықты
Ақорда, Бәйтерек, Хан Шатыр, Бейбітшілік және келісім сарайы, Министрліктер үйі, заманауи тұрғын үй кешені секілді сәулетті ғимараттар Атырауда да бар. Әрине Астанадағыдай аспанмен таласқан ғажайып нысандар емес, бар болғаны қағаздан жасалған көшірме. Бірақ сол қағаз үйлерде қанша баланың арманы мен махаббаты жатыр.
Қазақстан • 13 Маусым, 2018
Сарыағаш ауданында 26 емдік-сауықтыру орталығы қызмет көрсетеді
Елбасы Оңтүстік Қазақстан облысы тұрғындарының талап-тілегін ескеріп, Мақтаарал, Сарыағаш аудандарын бөлу жолымен төрт аудан құру туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл тарихи шешім аудандар тұрғындарын ерекше қуанышқа бөлеп, ел ерекше ризашылығын білдіруде. Халқы көп, тығыз қоныстанған, демографиялық өсімі жоғары өңірде аудандардың құрылуы жергілікті әкімшілік-басқару жүйесінің жұмысын дамытып, жаңа жұмыс орындарының ашылуына мол мүмкіндіктер берері сөзсіз.
Әлем • 13 Маусым, 2018
Қазақстан • 13 Маусым, 2018
Достық қатынастарды нығайту маңызды - Эльвира Айдарханова
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапары өзекті мәселелерді шешу тұрғысынан алғанда екі тарап үшін де маңызды болып отыр. Екі ел арасындағы диалогтың ұтымды перспективаларына келер болсақ, біріншіден, мемлекеттер басшыларының бірыңғай мәлімдемесінде аталып өтілгендей, әлемдік ашық экономика саясатының қалыптасуына жол ашылуы мүмкін.
Қазақстан • 13 Маусым, 2018
«Ұмытпаймыз! Білеміз! Жеңеміз!» атты республикалық науқан басталды
Қазіргінің көзі ашық адамы адамның иммун тапшылығы вирусы тек азғындағандардың ғана айықпайтын дерті емес екендігінен хабардар. Оны жұқтырмауға ешкімге кепілдік берілмегенін Шымкент қаласында 2006 жылы медицина қызметкерлерінің кесірінен 149 баланың осы ауруға душар болғанынан көрдік. Бейкүнә балалардың он шақтысы о дүниелік болды. Бұл трагедияның әлі де соңғы нүктесі қойылған жоқ. Балалардың барлығы дерлік жылдар бойы науқасынан хабарсыз болып, ата-анасын өкіндіріп өсіп келеді. Сондықтан да айналамызда АИТВ статусымен өмір сүріп жүргендер бар екенін қаперден еш шығаруға болмайды.
Қазақстан • 13 Маусым, 2018
Қазақстан экспорт көлемін арттыра алады - Антон Бугаенко
ШЫҰ-ның мүше елдерінің экономикалық байланыстарының тереңдей бастауына қатысты тауарлар мен қызмет түрлеріне қолжетімділікті ортақ жеңілдету бағдарламасын әзірлеу – Циндао қаласында өткен ұйым саммитінің маңызды қорытындысы болып отыр. Жалпы соңғы жылдары ШЫҰ өз қызметінің экономикалық бөлігін бұрынғыдан бетер жандандыра түсуде. Бұл заңдылық. Өйткені ұйым мүшелері арасындағы өзара экономикалық байланыстар күшейе түсуде.
Қазақстан • 13 Маусым, 2018
Қытай Қазақстанға тікелей инвестиция құю көлемі бойынша 4-ші орында тұр
Қазақстан өзімен көршілес мемлекеттермен тығыз ынтымақтастық орнатып, сауда-саттық, қауіпсіздік және басқа да өзекті мәселелер бойынша оңтайлы саясат жүргізіп келеді. Осы орайда елімізбен іргелес жатқан Қытай мемлекетімен арадағы байланыстың маңызды екені анық көрінеді. Өйткені басқасын айтпағанда, әлемдік экономикадағы жетекші орынға ие бұл елмен орнатылған қарым-қатынастың жөні бөлек.
Қазақстан • 13 Маусым, 2018
Қазақстан • 13 Маусым, 2018
Жезқазғанда жаңа нан зауыты ашылды
Жезқазғандағы жаңа нан зауытының құрылысы былтырғы жылдың қыркүйек айында басталған болатын. «Ulytaý Nan» деп аталған кәсіпорынның алдына Жезқазған, Сәтбаев, Қаражал қалалары мен Жәйрем кенті және Ұлытау ауданы тұрғындарын сапалы нан-тоқаш өнімдерімен қамтамасыз ету міндеті қойылды.