Қазақстан • 13 Маусым, 2018
Аймақ өмірінің айнасы - «Жетісу» газетіне 100 жыл
Сөз жоқ, ХХІ ғасыр – ақпараттық ат ойнату, бітіспес идеологиялық күрес ғасырына айналды. Осындай өрістің өзінде Қазақ елінің байрақты бейнесін әспеттей әуелетер қазақ журналистикасы қандай күйде дегенде мүдіре қоймасымыз хақ! Әйтсе де бүгінгідей ақпарат шеруі әлемді шарпыған шақта журналистиканы дамыту – ұлттық қауіпсіздікті сақтау деп түйсінгеніміз абзал. Бағдарлап қарасаңыз, қазіргі таңда еліміздің идеологиялық мақсат-мұраты, ұлттық асыл қазыналарды сақтап қалу, халықтық қалыпты негіздету секілді ең басты міндеттерінің ауыр жүгін журналистер қауымы арқалап келеді. Және солай болып қала да бермек! Бұл ретте біз де әрдайым аймақтық ата басылымға тән сөз саптап жатсақ – оқырманымыздың олжаға кенелгені. Қатарымызға ұлтжанды, шығармашылық әлеуеті салмақты қызметкер қабылдап, һәм қанаттандырып, түлетіп жатсақ, бұл да – оқырманның ұтқаны. Алдыңғы аға толқыннан кейінгі толқынға келелі ұласқан киелі дәстүрге кір жуытпай келсек, мұнымызды да оқырманның көмбелі қазынасы деп ұққайсыздар!
Қазақстан • 13 Маусым, 2018
Атырауда мемлекеттік тілдің дамуы жайында ғылыми-тәжірибелік конференция өтті
Қазақ әліпбиін кириллицадан латын қарпіне көшіру мемлекеттік тілдің дамуына оң ықпал етеді, жаһандану жағдайында ұлттық тілдің сақталуына жол ашады. Атырау облысы әкімдігі мен Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті ұйымдастырған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысушы ғалымдар осы тұжырымды қуаттады.
Аймақтар • 13 Маусым, 2018
Маңғыстауда табиғат қорғаушылар марапатталды
Ақтауда дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау және Қазақстан Республикасының экология саласына 30 жылдығына орай салтанатты шара өтті. Шараны Маңғыстау облыстық экология департаменті мен табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы бірлесіп өткізді.
Қазақстан • 13 Маусым, 2018
«Қазақ тілі» пәнінің жаңартылған оқу бағдарламасында кемшілік көп
«Нәрсенің затын алмай, атын ғана алып, құр сөз түрінде үйретуден бас тартып, алған білімі өзіне де, мемлекетке де пайдалы болатынын көздеп оқыту керек!» Бұл – қазақ тілінің ғылыми жүйесін негіздеп, қазақ тілі, қазақ әдебиеттануы, қазақ тілі мен қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі секілді іргелі ғылымдардың негізін қалаған Ахмет Байтұрсыновтың ХХ ғасырдың басында айтқан сөзі.
Қазақстан • 13 Маусым, 2018
Сүлеймен Көшкінов, еңбек ардагері: Астана - бақ-береке мекені
Астанаға алғаш келгеніміз әлі күнге көз алдымда. Осыдан 20 жылдан астам уақыт бұрын Елбасы Жарлығына сәйкес кіші ұлым отбасымен бірге Арқа жеріне, Ақмола қаласына қызмет бабымен қоныс аударды.
Қазақстан • 13 Маусым, 2018
«Ұлы Дала бояулары» атты байқаудың жеңімпаздары анықталды
Елордада Қазақстанның экологиялық білім беру бағдарламасы аясында «Ұлы Дала бояулары» атты Республикалық балалар және жасөспірімдер арасындағы байқау жеңімпаздары анықталды. Жобаны Астана қаласының Балалар көркемсурет мектебі – ЮНЕСКО клубы және Қазақстандағы «Шеврон» компаниясы ұйымдастырды.
Футбол • 13 Маусым, 2018
Данияның чемпиондықтан дәмесі бар
Дания футболдан Еуропада ең кенжелеп қалған құрамалардың бірі саналады. Мемлекеттің чемпионаты мен клубтары да әлемге аса танымал емес. Бұрындары елде әуесқой футболға көп ден қойып, кәсіпқой футболға онша назар аудармағандықтан Дания ірі турнирлерге тек 80 жылдан кейін қатыса бастады.
Футбол • 13 Маусым, 2018
«Альбиселестенің» арманы – алтын жүлде!
Санаулы күндерден кейін Ресейде футболдан әлем чемпионаты басталады. Ала доптың айтулы мерекесіне соңғы сәтте іліккен Аргентина құрамасы алтын жүлдеден дәмелі. Бұл турнир «альбиселесте» үшін маңызды болмақ. Біріншіден, кейінгі дүбірлі додаларда Аргентина ақтық сында ғана сүрініп жүр. Екіншіден, биылғы дода құраманың басты жұлдызы Лионель Мессидің соңғы әлемдік турнирі болуы ықтимал.
Теннис • 13 Маусым, 2018
Алматыда теннистен «Almaty Challenger» халықаралық турнирі басталды
Алматыдағы «Горький теннис парк» кешенінде ATP Challenger сериясының теннистен ірі халықаралық турнирінің алғашқы кездесулері өтті, деп хабарлайды ақпараттық және спорттық ХАБ.
Ұлттық спорт • 13 Маусым, 2018
Бескөлде Мағжан Жұмабаевтың 125 жылдығына арналған спартакиада басталды
Бескөл кентіндегі «Құлагер ипподромында ұлттық спорт ойындары спартакиадасының бірінші кезеңі «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өтіп, Алаштың ақиық ақыны Мағжан Жұмабаевтың 125 жылдығына арналды.