Аймақтар • 12 Маусым, 2018
Көкше теңіз жағасының әлеуметтік-экономикалық дамуы талқыланды
Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте Балқаш қаласының әкімі Александр Аглиулин көкше теңіз жағасының әлеуметтік-экономикалық даму барысы туралы баяндады.
Аймақтар • 12 Маусым, 2018
Ақмола электронды карталарды енгізу бойынша елімізде төртінші орынға шықты
Қазіргі таңда жаңа технологиялардың ауыл шаруашылығы саласында кеңінен қолданылуы бұрын мақсатсыз пайдаланылып келген немесе игерілмей жатқан жерлерді бақылауға жол ашты. Ақмола облысы да бұл үдерістен тыс қалмай, электронды карталарды енгізу қарқыны бойынша елімізде төртінші орынға шықты.
Қазақстан • 12 Маусым, 2018
Назарбаев орталығында балама энергия көздерін дамытуға арналған халықаралық саммит өтті
Астанадағы Назарбаев орталығында балама энергия көздерін дамытуға арналған екінші халықаралық саммит өтті. Шараны Қазақстанның жаңғыртылған энергетика қауымдастығы мен Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры ұйымдастырды.
Қазақстан • 12 Маусым, 2018
«Атамекен» ҰКП отандық бизнесті қолдау мен қорғау ісін жүйелі түрде жүргізіп келеді
«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы отандық бизнесті қолдау мен қорғау ісін жүйелі түрде жүргізіп келеді. Соның нәтижесінде ел кәсіпкерлерінің меншік құқығы лайықты түрде қорғалу үстінде. Оның жалпы сомасы 100 миллиард теңгеге жуықтайды. Бұл күші жойылған айыппұлдар мен өсімпұлдар, мемлекеттік органдардың кәсіпкерлерге қайтарып берген қаражаттары және қорғалған бизнестің құны болып табылады. Сондай-ақ соңғы кездері «Атамекеннің» қозғау салуымен нормативтік-құқықтық актілер мен заң жобаларына жүргізілген сараптамалар да оң нәтижеге жол ашты.
Қазақстан • 12 Маусым, 2018
Жерінің қасиетін ұққан жетесіз болмайды
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласынан бастау алатын «Туған жер» жобасы аясында республикалық өлкетану акциясы өз жұмысын бастады. Тұңғыш рет қолға алынып отырған акция шеңберінде Қызылорда мен Батыс Қазақстан облыстары мектептерінің оқушылары үш күн бойы Ақмола облысының киелі жерлерін аралап, өлкенің өңін келтіретін қасиетті мекендерді көздерімен көріп, балғын көңілдеріне көрікті ой түймек.
Қазақстан • 12 Маусым, 2018
Білімді жұрт биік белесті бағындырады
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы іргелі істерге қозғау салды. Ұлттың қайнар бұлағынан бастау алатын ұлттық дәстүрлерімізді ардақтауға, тарихи тұлғаларымызды, қасиетті жерлерімізді қастерлеуге, туған жердің қадір-қасиетін бағамдауға кеңінен жол ашты.
Қазақстан • 12 Маусым, 2018
Астанада «Тіл-Қазына» орталығының ұйымдастыруымен конференция өтті
Кеше елордада Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырмасы бойынша Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастырумен «Қазақ жазуының тарихы және латын әліпбиіне көшудің ғылыми-тәжірибелік негіздері» атты республикалық конференция болып өтті.
Аймақтар • 12 Маусым, 2018
Цифрлы сауаттылық – маңызды өлшем
Елбасы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында еңбек нарығының тиімділігін қамтамасыз етудің, әрбір адамның өз әлеуетін іске асыра алуы үшін жағдай жасаудың қажеттілігін атап көрсеткен болатын.
Қазақстан • 12 Маусым, 2018
Алматыда аграрлық саланың жаңа бағыттары сараланды
Алматыдағы Қазақ ұлттық аграрлық университетінде «Агроөнеркәсіптік кешен саласына білікті маман даярлау және ауылшаруашылық өндірісіне IT-технологияларды енгізу» тақырыбында Парламент Мәжілісі Аграрлық мәселелер комитетінің көшпелі отырысы өтті.
Қазақстан • 12 Маусым, 2018
Рысқали Әбдікеров: Кәсіпкерлікті қорғау мен қолдау – парызымыз
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің барлық жолдауларында, сондай-ақ мемлекеттік бағдарламаларда жеке кәсіпкерлікке қолдау көрсетіп, оның дамуына даңғыл жол ашуды ұдайы айтып келеді. Бұл орайда тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдар ішінде Елбасының бастамасымен орасан іс тындырылғанын атап көрсеткеніміз жөн.