Қазақстан • 11 Маусым, 2018
«Родина» агрофирмасының бас директоры, Қазақстанның Еңбек Ері Иван САУЭР туралы толғам. Адам баласына берілетін ең жоғары әрі жүрекке жақын баға – абырой. Халқымыз мұны «тірнектеп жиналады» деген пәлсапалық тереңдікпен әу бастан-ақ биіктетіп қойған. Әрине, бұл көктемнің жылымығындай жалғандықпен емес, қиындығы қырық қарыс қайсар еңбектің қайтарымындай жаныңды жадыратса ғана қайырлы болмақ. Мұндай адамдар көп бізде. Саралап санай берер тұлғалардың да тұлпары барын ескеріп барып, жұлдыздарға көз қадайсың. Ағып та жатқандары бар, жанып та жатқандары бар. Жақсы мағынада айтқанда, «Родина» агрофирмасының бас директоры Иван Сауэрді осы байламның абыройлы санатына алақайлап қоссақ, аса қателесе қоймаспыз. Өйткені Иван Адамович өз еңбегінің жемісін көріп қанаттанған, өзі аузынан тастамайтын «Мен әрқашанда істің көркеюін, адамдардың сәттілік сатысынан түспеуін қалаймынның» адамы.
Футбол • 11 Маусым, 2018
«Роналду «Реалдың» қожайыны емес!»
«Реалдың» қорғаушысы Марсело отандасы Неймардың трансфері жайлы ой бөлісті. Ол өз сөзінде командада Криштиану Роналдудың ойнағаны Неймардың «Реалға» ауысуына еш кедергі келтірмейтінін атап өтті.
Әдебиет • 11 Маусым, 2018
Елші – қайраткер, елшіл – қаламгер, белгілі түркітанушы ғалым Әділ Ахметовтің жаңа жинағының салтанатты тұсаукесері өтті. «Ғасыр ғибраты» деп аталатын бұл еңбекте автордың егемен еліміздің әлемдік геосаясаттағы дара жолын көрсететін сараптамалық мақалалары топтастырылған.
Қазақстан • 11 Маусым, 2018
Цифрландыру секторларын қолдайтын жаңа заң жобалары әзірленуі тиіс - Азат Перуашев
Мемлекет басшысы 2017 жылғы Жолдауында Үкіметке «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын жасау туралы тапсырма берді. Сол бағдарлама қабылданып, қазір мемлекеттік органдар түрлі жобаларды іске асыруда. Алайда мына үш мәселені шешпейінше цифрландырудың тиімді болмайтынын айтуға тиіспіз.
Аймақтар • 11 Маусым, 2018
Ақтөбеде тірек және түзету балабақшасы бой көтерді
Қандай қоғамда болмасын мүмкіндігі шектеулі, дүниеге келе салысымен тағдырдың теперішіне тап болған, айырықша қамқорлық пен қолдауды қажет ететін балалар болмай тұрмайды.
Қазақстан • 11 Маусым, 2018
Мұғалім еңбегін лайықты бағалайық
Аймақтарға шығып, сайлаушылармен кездесу барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауындағы жаңа мазмұндағы білім беретін мұғалімдердің еңбекақысын 30 пайызға арттыру туралы тапсырманың толық орындалмайтынына қатысты пікірлер естідік.
Қазақстан • 11 Маусым, 2018
Ғайнолла Есенғалиев: Ендігі белес – Олимпиада
Мамыр айында дзюдодан жасөспірімдер мен жастар арасында жылдың ең маңызды додасы саналатын құрлықтық чемпионаттар өтіп, еліміздің жалауы көкте бірнеше рет желбіреді. Ел абыройын асқақтатқан жампоздар арасында жас татами шеберлері де бар.
Қазақстан • 11 Маусым, 2018
Емле ережесін әзірлеуде ерекше мұқияттылық қажет - Қуат Бораш
Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты стратегиялық мақаласында қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастау туралы мәселе қозғап, Үкіметке нақты тапсырма берген болатын. Біздің Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің төрағасы Қуат БОРАШПЕН сұхбатымыз да қазақ тілінің латын графикасына көшуіне байланысты өрбиді.
Тарих • 11 Маусым, 2018
Есімі елге елеулі: Өресі биік Бижігіт
Сөз арқауы – көрнекті заңгер, белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, ардақты азамат – Серік Қатенұлы Байбатыров. Оның өмір жолы, жарты ғасырға жуық ел игілігіне атқарып жүрген қызметі, жақсылық пен ізгілікке, адамгершілік пен адалдыққа, әділдік пен тазалыққа толы тұлғалық ұстанымдары тек өзінің ғана абырой, беделі емес, әсіресе өскелең жас ұрпаққа өнеге.
Қазақстан • 11 Маусым, 2018
Сенат және Мәжіліс депутаттары жұмыс сапарымен Қызылжар өңірін аралады
Сенат және Мәжіліс депутаттары жұмыс сапарымен Қызылжар өңірінде болып, агроқұрылым жетекшілерімен кездесті. Елбасы Жолдауынан туындайтын міндеттер мен талаптарды талқылап, проблемаларды бірлесіп шешудің жолдарын қарастырды.