Футбол • 11 Маусым, 2018
Латын Америкасында өткен іріктеу ойындарының ең соңғы туры драмаға толы болды. Әлем чемпионатына жолдама алып қойған Бразилия өз алаңында Чилимен кездесті. Алексис Санчес бастап, Артуро Видаль қостаған чилиліктер бразилиялықтардан 0:3 есебімен жеңіліп қалды. Ал Перу командасы Колумбиямен кездесіп, кем дегенде тең нәтижеге қолы жетпей жатты. Бірақ матчтың 74-минутында Пауло Герреро гол соғып, таразы басын теңестіріп кетті. Осы голдың арқасында Перу құрамасы Әлем чемпионатына қатысуға мүмкіндік алды.
Театр • 11 Маусым, 2018
Семейде «Жәнібек ән салады...» драмасы сахналанды
Семейдегі Абай театрында Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты, ұзақ жылдар республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің Семей өңіріндегі меншікті тілшісі қызметін атқарған Дәулет Сейсенұлының «Жәнібек ән салады...» драмасы сахналанды. Шығарма әнші, жазушы, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген әртісі Жәнібек Кәрменовтің шығармашылығына арналған.
Театр • 11 Маусым, 2018
Бекзат өнер ордасы - «Астана Балет»
«Астана Балет» театры 2012 жылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей бастамасымен құрылған болатын. Алматыдағы А.Селезнев атындағы хореография училищесінің үздік түлектерінен құралған ұжымның өнері жұртшылықты классикалық үлгідегі, сондай-ақ халықтық дәстүрлер мен заманауи стильдегі билерді үйлесімді біріктіруімен ерекшеленеді. 2016 жылы тәуелсіздік мерекесі қарсаңында елорданың мәдени өмірі тағы бір сәулет өнерінің үздік туындысы «Астана Балет» театры ғимаратымен толыққан еді. Қазақ ұлттық хореография академиясының бірегей кешеніне енген жаңа үлгідегі бұл театр әлемдік үздік шығармалардың орындалуына сай келеді және балет, опера, драма сияқты кез келген жанрдағы өнерді толыққанды көрсете алатын сапасымен қымбат саналады.
Қазақстан • 11 Маусым, 2018
Елбасының Қытайға сапары - шолу
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік сапармен Қытайға барғанын алдыңғы нөмірлерде хабарлаған едік. Осы сапар барысында Мемлекет басшысы Қытай Президенті Си Цзиньпинмен кездесті.
Қазақстан • 11 Маусым, 2018
Қытай-Қазақстан мәдени-білім беру орталығы ашылды
Қытай Халық Республикасының Southwest университетінде Қытай-Қазақстан мәдени-білім беру орталығы ресми түрде ашылды. Орталықтың салтанатты ашылуы осы іске ұйытқы болған Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде онлайн жүйесі арқылы көрсетіліп, оған аталған университет және Southwest университетінің мамандары қатысты.
• 11 Маусым, 2018
6 немесе 7: Баланы мектепке қай жастан берген дұрыс?
Өткен айда Білім және ғылым министрлігі балаларды бірінші сыныпқа қабылдау ережесінің өзгергенін хабарлады. Осы уақытқа дейін 1 сыныпқа қабылдау үшін бала сабақ басталатын қыркүйекке дейін 6 жасқа толуы керек болған. Бұдан былай алты жасқа қарашада не желтоқсанда толатын балаларды да бірінші сыныпқа қабылдайтын болды. Бұл жаңалық баланы мектепке қай жастан берген дұрыс деген сұрақты қайта қозғап отыр. Біреу мейлінше ерте барғаны абзал десе, екіншісі асығуға негіз жоқ дейді. Осы орайда, Фэйсбук әлеуметтік желісінде шағын сауал жолдап, ата-аналар мен оқытушылардың пікірін сұраған едік. Таңдау жасауға қиналып жүргендер үшін пайдалы болар деген үмітпен кейбір пікірлерді оқырман назарына жеткізуді жөн көрдік.
Білім • 11 Маусым, 2018
Докторантураға қабылдау талабын өзгерту қажет - Сенат депутаты
Біз бір топ қазақстандық ғалымдармен кездесулер барысында олардың өтініштерін талдап, төмендегідей қорытындыға келдік.
Қазақстан • 11 Маусым, 2018
Арзан бензин алушылар үшін жағымды жаңалық
19 сәуір күні Мәжілістегі Халықтық коммунистер фракциясының мүшелері депутат Айқын Қоңыровтың бастауымен Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың атына депутаттық сауал жолдап, ішкі нарықта АИ-80 маркалы бензиннің жоғалып кетуіне байланысты алаңдаушылықтарын білдірген.
Қазақстан • 11 Маусым, 2018
Каспий өзара достық,тату көршілік теңізі болуы тиіс
Осы жылдың екінші жартысында Маңғыстау облысының орталығы Ақтау қаласында Қазақстан, Ресей, Әзербайжан, Иран және Түрікменстан президенттерінің қатысуымен Каспий маңы мемлекеттері басшыларының саммиті өтеді деп жоспарланып отыр.
Теннис • 10 Маусым, 2018
Рафаэль Надаль «Ролан Гаррос» турнирінің чемпионы атанды
«Ролан Гаррос» турнирінің ерлер арасындағы финалында испаниялық Рафаэль Надаль мен австриялық Доминик Тим күш сынасты.