Қазақстан • 04 Маусым, 2018
Астанада «Алпамыс» театралды-цирк шоуының премьерасы
Астанада Халықаралық балаларды қорғау күнінде балдырғандарға тосын сый жасалды! Төл мерекелері қарсаңында Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен өткен «Этноауыл» ұлттық–мәдени кешенінің ашылу рәсімі аясында тұсауы кесілген «Алпамыс» театралды-цирк шоуының премьерасы кішкентай көрермендерді қиял-ғажайып әлемінің сиқырға толы ғаламат көрінісімен қуантты.
Қазақстан • 04 Маусым, 2018
Досым Омаров: Жаңғырудың мәні – жүрек көзін ашу
Істің сәтті болуы үшін әуелі оның мән-мәнісін біліп алу керек екені белгілі. Рухани жаңғыру туралы да осыны айтуға болады. Рухани жаңғыру дегеніміз – адамның бүкіл болмысын өзгерту. Адам өмірі осыған арналған, сондықтан бұл маңызды мәселеге жауапты қараған дұрыс.
Әлем • 04 Маусым, 2018
Мағжан рухы Еуропа төрінде асқақтады
Париж қаласында орналасқан ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде Халықаралық түркі академиясының ұйытқы болуымен «Рухани жаңғыру және мұраны насихаттау» атты халықаралық форум-фестиваль өтіп, оның ауқымды бір шарасы Алаш қозғалысының қайраткері Мағжан Жұмабаевқа арналды.
Қазақстан • 04 Маусым, 2018
Артур Платонов: Науқас оқушыларға емдік жаттығулар қажет
«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңның биыл күшіне енуіне байланысты мектеп оқушыларының денсаулықтарын бұрынғыдай медбикелер емес, білікті дәрігерлер қадағалайтын болады. Бұл түрлі аурулардың алдын алуды жоғары деңгейге көтерер деген үміт бар.
Қазақстан • 04 Маусым, 2018
Қоршаған ортаны қорғаудағы түйткілді мәселелер
Жаңа ғасырға аяқ басқан Қазақстан әлемдегі басқа да мемлекеттер сияқты қоршаған ортаның ластануы бойынша күрделі проблемаларға ұшырап отыр.
Қазақстан • 04 Маусым, 2018
Ашаршылыққа құқықтық баға берілуі тиіс
ХХ ғасырдың 30-жылдары әкімшіл-әміршіл жүйе қазақ халқының шаруашылық жүргізудегі ежелден қалыптасқан өзіндік ерекшеліктерін ескермей, көшпенді халқымызды еріксіз отырықшылдыққа мәжбүрледі.
Аймақтар • 04 Маусым, 2018
«SportFEST Kazakhstan» жобасының финалы
Ақмола облысының Бурабай курортында орналасқан «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында 2017 жылдың күзінде бастау алған «SportFEST Kazakhstan» республикалық спартакиадасының финалдық кезеңінің ашылу салтанаты өтті.
Әлем • 04 Маусым, 2018
Басқа басылымдардан. Израиль Газада қарсы шабуылға шықты
Израильдің қарулы күштері Газа секторындағы палестиналықтар орналасқан аймаққа бірқатар әуе соққысын жасап, ракетамен атқылады.
Әлем • 04 Маусым, 2018
Инвестиция тартудағы дипломатиялық ілкімділік
Тәуелсіздік алғалы бері Қазақстанның шетелмен алыс-берісі, байланысы жаңа бағытта өрбіді. Әсіресе еліміз соңғы жылдары сыртқы экономикалық байланыстарын үдете түсіп, сырттан келетін инвесторларға жағымды ахуал жасау арқылы көптеген инвестиция тартылды. Әрине оның бастауында қай елге сапарлап барса да мемлекеттің экономикалық жоғын түгендеп, ел бизнесмендері үшін экспортқа жол ашып жүрген Елбасының еңбегі тұр.
Қазақстан • 04 Маусым, 2018
Астанада қала күніне дайындықпен танысты
Елімізде аккредитациядан өткен шетелдік дипломатиялық корпус өкілдерін елорданың 20 жылдық мерейтойын мерекелеуге байланысты өткізілетін шаралармен таныстыру мақсатында брифинг өтті. Оған Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов, Астана қаласы әкімі Әсет Исекешев, халықаралық G-Global секретариат басшысының бірінші орынбасары Мұрат Қарымсақов, Астана әкімдігі мәдениет және спорт басқармасының бастығы Болат Мажағұлов қатысты.