Banner
Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
90784 материал табылды

Қазақстан • 29 Мамыр, 2018

Елімізде «Challenge «Сенің жаңа қырың» республикалық спорт бастамасының іске қосылады

Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында «Challenge «Сенің жаңа қырың» республикалық спорт бастамасының іске қосылуына арналған баспасөз мәслихаты өтті. 

Қазақстан • 29 Мамыр, 2018

Олжас Сүлейменов студенттермен кездесті

Олжас Сүлейменовтің шынайы да шымыр шығармалары әлемдік әдебиетте үлкен құбылыс ретінде жоғары бағаланып, мағынасы терең,  рухы биік өлең-жырлары бірнеше буынды тәрбиелеп келеді. Олжас Омарұлының гуманист ақын ретінде «Невада-Семей» халықаралық антиядролық қозғалысына басшылық жасаған қызметі де жұртшылыққа жақсы мәлім. Ақынның әр кездегі қоғамдағы тұрақтылық пен ұлтаралық татулықты, бейбітшілік пен достықты қадірлеуге үндейтін ой-пікірлері баршамыз үшін өте құнды.

Қазақстан • 29 Мамыр, 2018

Көпжасар Нәрі­баев. Тұлға

Ауыл мектебін бітіріп, үлкен өмірге енді ғана жолдама алып тұрған Көпжасар Нәрі­баевтың көңіл ауаны еріксіз Мәскеу­ге бұрыла берді. Ұстаздары айта беретін М.С.Атлас, А.Л.Дауель, А.Ф.Якович сын­ды атақты ғалымдардың алдынан сабақ алу болашақ жолы – ғылым жолы екенін естіді. Бұл сыннан да Көп­жасар сүрінбей өтті.

Қазақстан • 29 Мамыр, 2018

Сәбидің саулығы сізге де байланысты

Қазақ халқының «Бірінші байлық – денсаулық», «Тәні саудың – жаны сау» деген мақал-мәтелдері адам денсаулығын күтуде терең тәрбиелік және философиялық маңызын жойған жоқ. Неміс философы Артур Шопенгауэрдің айтуы бойынша, «Біздің бақытымыздың оннан тоғызы денсаулығымызға байланысты». Демек әркім денсаулығына ерекше мән беріп, ең алдымен өзі жауапты болуы керек. Ал өмір есігін жаңа ашқан сәбидің денсаулығына кім жауапты? Әрине ең алдымен ата-анасы жауапты екені мәлім. Дегенмен сәбилерге екпе салу кезеңінде жауапкершіліктің жүгі ауырлап, ауқымы ұлғая түседі. Өзінің жеке пікірін білдіре алмайтын сәбидің ертеңгі саулығына қатысты, өкінішке қарай, ересектер арасында түсініспеушілік пен түсіндіре алмаушылық та туындайды.

Қазақстан • 29 Мамыр, 2018

Ел ішіндегі Эскулап. Дәрігерлерге неге сын көп айтылады?

«Бірінші байлық – денсаулық» деген сөздің қадірі ешқашан кемі­мейтіні анық. Өйткені адам үшін жаны мен тәнінің аман­ды­ғынан аяулы нәрсе жоқ. Ал қазіргідей қоршаған ортаның лас­­тануы мен көлденең фак­тор­лардың әсері көбейген шақ­та ден­саулық сақтаудың маңызы одан әрі салмақтанып, озық медици­на­лық қыз­метке сұраныс көбей­е­тіні белгілі. 

Аймақтар • 29 Мамыр, 2018

Сә­кен Сейфуллиннің қарашаңырағы

Ақмола ХХ ғасырдың басында жалғыз Сәкен емес, бү­кіл қазақ зия­лы­ларының да саяси отаны болғанын ескерсек, ел­дің есінен кет­пес тұл­ғалардың ішінен алғашқы мұражайлардың бі­рі Сәкенге бұйы­руы заңды құбылыс. Сондықтан да ел-жұрт Астанадағы Сә­кен мұ­ра­жайын Сәкеннің қарашаңырағындай көреді, құрметпен қа­райды, ру­хани азық алады.  

Қазақстан • 29 Мамыр, 2018

Сағадат Нұр­мағам­бе­тов. Сыпайы генерал, шын сардар

Елбасы – Қазақстан Рес­пуб­ли­касының Тұңғыш Пре­зи­денті қоры­ның қолдауымен, рес­­пуб­­­ли­калық «Гене­ралд­ар ке­ңе­сі» қо­ғам­дық қорының бас­та­ма­­сы­мен тү­сірілген Сағадат Нұр­мағам­бе­тов­тің өмір өрнегіне сал­ған ізінен сыр тар­қататын «Долг. Честь. Отвага» деп аталатын деректі филь­мде Сағадат Қожахметұлы жайын­да пікір білдірген азаматтар «Бауыржан Момышұлы оны «сыпайы гене­рал» дейтін еді» деп еске алады. Бұл ба­тыр­дың батырға берген шын баға­сы, шы­найы сөзі. Ал енді осы күні есім­дері ел ішіне аңыз боп тараған қазақ­тың нар тұлғалы азаматтарының бі­рін-бірі осылайша бағалап, қолдап-қуат­тауы ұрпақтар сабақтастығы үшін зор өнеге болатындықтан, сөзді осыдан бас­тағанды жөн көрдік.

Аймақтар • 29 Мамыр, 2018

Жаңғыру – даурығу емес!

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың 2017 жылы 12 сәуірде жарияланған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы ғасырлар бойы тапталған еңсені тіктеп, тәуелсіздік алғаннан бергі жүріп өткен жолды одан әрі тиянақтап, кеткен кемшілік пен жеткен жетістікті екшей отырып, ендігі жасалар жұмысты айқындаған маңызды құжат болды. Мақалада айтылған мәселелер халық жанына жақын, жүрегіне жылы тиіп, олар «көптен күткен көкейдегіні айтты» деп құжатты қуана қабылдады. 

Аймақтар • 29 Мамыр, 2018

Жезқазғанда мұражайлардың мүмкіндіктері сараланды

Жақында Жезқазған қала­сын­да жергілікті тарихи-ар­хе­ологиялық мұражайдың 40 жыл­дық мерейтойы мен Ас­та­наның 20 жылдығына ар­­нал­ған республикалық мұ­ражай фестивалі өтті. Мәдени шараны Елбасы Н.Назарбаевтың «Бо­ла­шақ­қа бағдар: рухани жаң­ғы­­ру» бағдарламалық мақа­ла­­­сының аясында Қарағанды об­лысының мәдениет, мұрағат жә­не құжаттама басқармасы ұйым­дастырды.

Қазақстан • 29 Мамыр, 2018

Мира Шүйіншәлиева: Сананы сілкіп, жайықты жаңғыртқан рух

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» ат­ты бағдарламалық мақаласының жарық көргеніне мінекей, бір жылдан асып барады. Осы айтулы әрі маңызды, мағынасы ерекше мақаланы тұшына оқы­ған Жайық жұрты таяуда өңірімізге ресми сапармен келген Елбасына ри­з­ашылығын айтып, сананы сілкіп, рухты жаңғыртқан, тарихтың төрінен ойып тұрып орын алған маңызды мақала аясында жан жадыратар жарқын іс­тер жалғасып жатқанын жеткізді. Мемлекет басшысы да өңірде бес әлеу­­меттік бастаманың үздіксіз дамып жатқанына куә болып, атқарылған іс­терді оң бағалады.  

Яндекс.Метрика