Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
61076 материал табылды

Әлем • 30 Қыркүйек, 2019

Басқа басылымдардан

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 74-ші сессиясы Жалпы дебаттарының ашылуына қатысып, сөз сөйледі. Сессия асында екіжақты кездесулер өткізді. Қазақстан Президентінің сөйлеген сөзіне, жоғары деңгейдегі екіжақты кездесулеріне әлемдік бұқаралық ақпарат құралдары айрықша назар аударды. Сол жарияланымдардың бірқатарын «Egemen Qazaqstan» газетінің оқырмандарына ұсынып отырмыз.

Қазақстан • 30 Қыркүйек, 2019

Азаматтарды қабылдады

Премьер-Министр Асқар Мамин Тұңғыш Президент – Елбасының Nur Otan партиясының Саяси кеңесінде берген халықпен кері байланыс құралдарының тиімділігін арттыру бойынша тапсырмасының, сондай-ақ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында қойылған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қалыптастыру бойынша міндеттердің аясында Nur Otan партиясының республикалық қоғамдық қабылдауында азаматтарды жеке қабылдауды өткізді.

Қазақстан • 30 Қыркүйек, 2019

Кеңес отырысы өтті

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары – Қаржы министрі Ә.Смайыловтың төрағалығымен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен (ЭЫДҰ) өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес отырысы өтті.

Қазақстан • 30 Қыркүйек, 2019

ЕАЭО: Балалар ойыншығы үшін бәсеке басталады

Қазақстанда балаларға арналған тауарлардың жылдық айналымы  2 млрд  АҚШ долларын құрайды. Оның ішінде балалар ойыншығының үлесі – 300 млн доллар.  Бұл әлемдегі балалар ойыншығы нарығының 0,4 пайызы ғана.

Қазақстан • 30 Қыркүйек, 2019

Қамданған қапы қалмайды

Қоңыр күз түсіп, қара суықтың алғашқы хабары жете бастады. Алдымыз қыс. Әне-міне дегенше үскірік аяз бен азынаған бораны көп күндер де келері күмәнсіз. Жылыту маусымы жеті айға жуықтайтын аймақтары бар біздің елде қытымыр қысқа қапысыз дайындық керек. Осы аптадағы Үкіметтің селекторлық отырысы да жылыту маусымына өңірлердің дайындық барысын пысықтауға арналды.  Жергілікті әкімдіктер қыстың қамын жазда ойластырды ма? Жылу қазандықтары жөнделіп, тозған желілер жаңартылды ма? Көмір және басқа да отын қоры жеткілікті ме, бағасын халықтың қалтасы көтере ме? Осы және басқа да сұрақтарға жауап алу үшін өңірдегі тілшілеріміз облыстардан тиісінше ақпарат беруді жалғастырады. 

Саясат • 19 Қыркүйек, 2019

Қолбасшы

Еліміз егемендік алған алғашқы жылдарында тыңнан түрен салып, жекелеген қызмет салаларының тұрақты жүйесін құрған, қалыптастырған мемлекет қайраткерлерінің есімдері Қазақстан тарихында алтын әріптермен жазылып мәңгілікке қалады. Солардың бірі – өзінің бүкіл өмірін арнаған әскери саланың бірнеше күштік құрылымдарын басқарған қолбасшы, халықаралық деңгейдегі дипломат-саясаткер, көрнекті мемлекет қайраткері Сәт Бесімбайұлы Тоқпақбаев бүгінде сексеннің сеңгіріне шыққан құрметті ардагер.

Президент • 19 Қыркүйек, 2019

Тиімді әрі батыл қадамдар жасалды

Жаңа сайланған Мемлекет басшысының немесе Үкімет қызметінің алғашқы 100 күнін қорытындылау көптеген Батыс елдерінде, әсіресе АҚШ-та кең таралған тәжірибе.

Президент • 19 Қыркүйек, 2019

Парасат пен тәжірибе ел сенімін нығайтады

Көптеген мемлекеттерде билік басына келген тұлғаның басқару тізгінін қолға алған күннен кейін өткен 100 күнін негізгі меже ретінде алып, оның нәтижесі бойынша басшының іс-әрекетін бағалау және саяси, әлеуметтік және экономикалық салалардағы аралық қорытындылар шығару дәстүрі қалыптасқан. Біз де осы әлемдік тәжірибеге иек арта отырып Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел Президенті ретінде ант қабылдап, қызметіне кіріскелі 100 күн толғанына орай өз пікірімізді білдіруді жөн көрдік.

Аймақтар • 19 Қыркүйек, 2019

Берекелі ауыл – Айнабұлақ

Елордамыздан мың жарым шақырымға жуық жерде Айнабұлақ дейтін кішігірім ауыл бар. Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданына қарасты екі мыңға жуық халқы бар бұл мекен аудан орталығының солтүстік-шығысына қарай он шақырымдық жерде орналасқан.

Президент • 19 Қыркүйек, 2019

Сабақтастықтың жүз күні

«Қасым-Жомарт Тоқаевтың дипломатиялық тәжірибесі Біріккен Ұлттар Ұйымы деңгейінде жоғары бағаланды. Ол ел дамуының өте күрделі кезеңінде Қазақстан Үкіметін басқарды. Қ.Тоқаев Сенат Төрағасы ретінде Қазақстандағы парламентаризмнің және заң шығару қызметінің дамуына мол үлес қосты. Мен оған толық сенемін және оны Қазақстанды басқаруға лайықты азамат деп есептеймін». Nur Otan партиясының сәуір айында өткен съезінде Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев туралы осылай деген еді. Соңғы үш айдың ішінде еліміздің саяси, әлеуметтік өмірінде болып жатқан оң өзгерістер мен бастамалар бұл таңдаудың дұрыстығын тағы бір дәлелдеді. Қазақстанда ешқандай даңғаза, дау-дамайсыз, жоғары сеніммен, парасатпен, бейбіт түрде жүзеге асқан билік транзитін халық та, қоғам да терең түсіністікпен қабыл алды.