Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
90786 материал табылды

Қаржы • 01 Қараша, 2017

1 қаңтардан бастап ең төменгі күнкөріс деңгейінің құрылымы өзгереді

1 қаңтардан бастап ең төменгі күнкөріс деңгейінің құрылымы да өзгереді. Бүгінгі күнгі мөлшер – 24 459 теңге. Зейнатақы жүйесіне енгізілетін өзгерістер туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова айтып берді. 

Қазақстан • 01 Қараша, 2017

Білім берудің жаңа философиясы: Физика пәнін жаңғырту

«Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында Елбасы білім саласына байланысты «Орта білім жүйесінде орта мектептерді Назарбаев зият­кер­лік мектептеріндегі оқыту дең­гейіне жеткізу керек», деген еді. Міне, Елбасының халыққа Жолдауы қа­зіргі таңда жүзеге асып, білім саласында үлкен өзгерістер болып жатыр.

Қаржы • 01 Қараша, 2017

2018 жылы базалық зейнетақы екі есеге көтерілетін болады

Елбасы Н.Назарбаевтың берген тапсырмасына сәйкес, биыл зейнетақы мөлшері 2016 жылмен салыстырғанда 20 пайызға көбейтілгені белгілі. Осылайша мемлекет әлеуметтік міндеттемелер бойынша тиісті шараларды толық орындап отыр. Зейнатақы жүйесіне енгізілетін өзгерістер туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова айтып берді. 

Қазақстан • 01 Қараша, 2017

Мұғалім пайымы: Жаңсақтық жаза бастырады

Сынаптай сырғып жатқан өмір. Адам есейген сайын өткен өмірін ой елегінен өт­кізіп, дұрысы мен бұрысын саралап, өмір­дің өзінен сабақ ала білетіні рас-ау ша­масы.

Қазақстан • 01 Қараша, 2017

«Бабай-Қорған» жалпы орта мектебінде кембридж бағдарламасымен оқытады

Оқушыларға жақсы білім мен тәрбие беру үшін мұғалімі жаңа формация шарттарына сай болу керек. Ұстаз жоғары ой-өрісті бола алса шәкірттердің бақыты.

Кино • 01 Қараша, 2017

«Әкеге қоңырау шалу»: Ішкі дүниенің үні

Көптен бері Қазақстанның авторлық кино бағытында дәл осындай мазмұны терең фильм көргеніміз жоқ. Кейіпкердің ішкі әлемін төңкерген. Отбасылық құндылықтарды сөз еткен. Жантану мен жаратылыстану тұрғысында терең психологиялық талдау жасаған. Ғылыми зерттеу жүргізген. Бұл біздің отандық киноөндіріс саласында терең пайымдағы, кемел режиссердің бар екендігінің дәлелі.

Қазақстан • 01 Қараша, 2017

Диагноз – үкім емес немесе ем мен сенім

Адам баласы көп ретте оп-оңай-ақ таптаурын ойлардың құрбаны болып жатады. Бірақ сынаптай сырғыған уақыттың бір орнында тұрмайтыны тәрізді, өмір ағымы да соншалықты жылдам, сағат сайын, сәт сайын өзгеріске толы. Оба, тырысқақ тәрізді кеселдердің емі болмай, жаппай індеттен тұтас жұрт қырылып жататын ол күндер қазір келмеске кеткен. Тіпті қазір қатерлі ісікті басқа да созылмалы аурулардың қатарына жатқызатындай мүмкіндік бар, дейді маман дәрігерлер.

Қазақстан • 01 Қараша, 2017

Алатаудың арғы жағы, бергі жағы...

Бүгіннің зиялылары мыңдаған жыл­дар бойы қос қапталын мекен еткен Алатауымыз ғана ортақ емес, айыр­масыз тіліміз ғана емес, қазақ пен қыр­ғыздың генетикалық коды да ортақ еке­нін, тағдырымызды шынайы бауырластығымыз бен тамыры терең этно­мәдени түсіністігіміз байланыстырып отырғанын айтып та, жазып та жатыр.

Әлем • 01 Қараша, 2017

Венада ЕҚЫҰ Тұрақты Кеңесінің кезекті отырысы өтті

Венада ЕҚЫҰ Тұрақты Кеңесінің кезекті отырысы өтті. Жиында ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының президенті Кристин Муттоненнің, Еуразия экономикалық комиссиясының (ЕЭК) төрағасы Тигран Саргсянның және ЕҚЫҰ Қауіпсіздік, Экономика және экология, сондай-ақ Адами өлшем жөніндегі комитеттер төрағаларының баяндамалары тыңдалды.

Қазақстан • 01 Қараша, 2017

Астанада «Қазіргі заманғы Қытай: мәселелер және жауаптар» атты семинар өтті

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының Талдау орталығы мен Қазақстандағы Қытайды зерттеу жөніндегі орталығының ұйымдастыруымен «Қазіргі заманғы Қытай: мәселелер және жауаптар» деген тақырыпта семинар өтті. Онда ҚХР-дың Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Чжан Ханьхуэй Қытай Коммунистік партиясы ХІХ съезінің негізгі қорытындылары туралы айтып берді.

Яндекс.Метрика