Қазақстан • 30 Қазан, 2017
Жаңа әліпби тіліміздің ұлттық сипатын арттырады - ҰҒА академигі
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы Жарлыққа қол қойып, халқымыздың рухани кеңістігіне тарихи жол ашып отыр. Бұл заман талабынан туындап отырған кемел оқиға.
Қазақстан • 30 Қазан, 2017
Жұмыскер құқын бұзғандарға шара қолданылды
Мемлекеттік еңбек инспекторлары биыл 9 ай ішінде 7 743 тексеру жүргізген. Шара барысында мекемелерде заң талаптарын сақтау жағдайы сарапқа салыныпты. Нәтижесінде 11 019 құқық бұзушылық тіркелсе, оның 212-сінде жұмыс уақыты сақталмаған. Ал еңбек қатынасына қатысты адам құқы 7 400 рет бұзылған.
Қазақстан • 30 Қазан, 2017
Адал еңбек – ауқатты тұрмыс арқауы
Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Еңбек күні және Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері күніне арналған «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы» республикалық форумы өтті. Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова қатысқан шарада «Еңбек жолы» мен «Әлеуметтік қорғау жүйесінің үздік қызметкері» байқауларының жеңімпаздары марапатталды.
Қазақстан • 30 Қазан, 2017
Қазақстан мен Әзербайжанды байланыстыратын ортақ көпір
Қазақстан мен Әзербайжан – ежелден достығы жарасқан мемлекеттер. Екі елдің арасында дипломатиялық қарым-қатынас орныққан ширек ғасыр ішінде ынтымақтастықты барлық салада дамыту мәселесі ұдайы жүргізіліп келеді. Бүгін ашылғалы отырған Баку – Тбилиси – Карс темір жол желісі де – қос мемлекеттің көлік-транзиттік әлеуетін арттырудың маңызды стратегиялық жобасы.
Қазақстан • 30 Қазан, 2017
Тоқаев фин сарапшысы Паси Салбергпен кездесті
Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақтағы білім беруге арналған құндылықтар, игіліктер және инновациялар» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысу үшін Қазақстанға келген білім беру саласындағы белгілі фин зерттеушісі әрі сарапшысы Паси Салбергті қабылдады. Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 30 Қазан, 2017
Академиктер Елбасы Жарлығын қолдады
Алматыдағы «Ғылым ордасының» мәжіліс залында Түркі академиясы Халықаралық ұйымы түркі әлеміне ортақ құндылықтарды саралау мақсатымен «Рухани жаңғыру: тұлғалар тағылымы» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырып, зиялы қауым өкілдерінің басын қосты.
Әлем • 30 Қазан, 2017
Қазақстан мен Қытай ұлттық кітапханалары тәжірибе алмасты
Жуырда Қытай Халық Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығының қолдауымен Ұлттық кітапхана делегациясы кітапханалық танымдық іссапармен Қытайдың Ұлттық кітапханасы, Бейжің астаналық және Сиань бас кітапханалары сынды ең ірі кітапханаларына сапарлап қайтты. Делегация аталған кітапханалардың жұмыс барысымен танысып, тәжірибе алмасып, ынтымақтастық жөніндегі келісімге қол қойды.
Қазақстан • 30 Қазан, 2017
Бес күн бойы Алматы шаһары республикамыздың түкпір-түкпірі мен әлемнің әр шалғайынан жиналған ұстаздарды тоғыстырып, «Өзін-өзі тану – сүйіспеншілік пен шығармашылық педагогикасы» тақырыбындағы халықаралық форумына ұйытқы болды.
Қазақстан • 30 Қазан, 2017
Астанаға әлемнің білім саласындағы айтулы спикерлері келді
ЭКСПО қалашығының Конгресс-Холл сарайында «Білім берудің жарқын болашағына арналған құндылықтар, әл-ауқаттылық және инновация» тақырыбында IX халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.
Қазақстан • 30 Қазан, 2017
Азық-түлік бағасын ауыздықтаудың амалы қандай?
Азық-түлік бағасы арзандар емес. Арзандағанды айтамыз-ау, қымбаттап барады. Бастысы, бұл үрдістің басталғаны соңғы бір-екі айдың айналасы емес, жылдап жалғасуда. Бұрын көбіне маусымдық кезеңдерде белең алып, кейін қалпына келіп жататын сияқты еді, қазір өскеннің үстіне өсіп жатыр. Иә, өсу бар да түсу жоқ.