Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
90785 материал табылды

Қазақстан • 30 Қазан, 2017

«100 нақты қадам» Ұлт жос­парының мол мүмкіндігі

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2015 жылдың мамыр айында ұсынған «100 нақты қадам» Ұлт жоспары еліміздің уақыт талабына сай дамуына, заман сұранысына лайықты жауап беретін ауқымды шараларды жүзеге асыруға оң ықпалын тигізіп келеді. 

Аймақтар • 29 Қазан, 2017

Франция елшісі іссапармен Қостанайда болды

Қазақстанда қызметін бастағанына көп уақыт болмаған Францияның Төтенше және өкілетті елшісі Филипп Мартинэнің алғашқы сапарларының бірі Қостанайға түсіпті. 

Кино • 29 Қазан, 2017

Жапон фильміндегі жатпланеталықтар «қырғыз» ба, әлде «киллгис» па?

Жапон фильміндегі «қырғыз» атты жат планеталық басқыншылардың атауын қырғызстандықтар ерекше таңданыспен қабыл алды. 

Қазақстан • 29 Қазан, 2017

Өскемен мен Курчатовта латын тіліндегі басылымдардың көрмесі өтті

Семейдегі Абай атындағы әмбебап кітапхананың латын әліпбиіне арналған кезекті шаралары Өскемен және Курчатов қалаларында жалғасты.  Екі қала Семейден өте алыс орналасқандықтан, кітапхана қызметкерлері шалғай жолды қиынсынбай, латын тіліндегі басылымдары мен кітаптарын арқалап, жергілікті халықты рухани тың дүниемен сусындатып қайтуды жөн көріпті. 

Қазақстан • 29 Қазан, 2017

Алматыда «Алтын жүрек» ұлттық сыйлығының иегерлері марапатталды

Егер жер бетінде құм түйіріндей ізгілік пен мейірім болмаса тіршіліктің еш мәні қалмас еді. Айналаға жанашырлық танытып жығылғанды сүйеп, жылағанды жұбату әрбір қоғам мүшесінің адами борышы. Мұқтаж жандарға қол ұшын созып қоғамның ізгіленуіне қомақты үлес қосып жүрген ақжүрек азаматтар біздің арамызда да бар. Тек олар істеген жақсы амалын айтып айналаға жар салмайды. Алайда, басқаларға үлгі ету үшін ол жандарды  марапаттаудың еш артықтығы жоқ. Жыл сайын дәстүрлі түрде Алматыда өтетін ұлттық қоғамдық қайырымдылық аясындағы «Алтын жүрек» сыйлығының биылғы иегерлері анықталды.

Аймақтар • 29 Қазан, 2017

Маңғыстауда қазақтың үш биіне ескерткіш қойылды

Биыл Маңғыстау жеріндегі «Отпан» тарихи-мәдени кешеніне - 10 жыл. Осыған орай, облыс көлемінде мерекелік шаралар ұйымдастырылып, кең көлемде аталып өтілді. 

Аймақтар • 29 Қазан, 2017

Батыс Қазақстанда мемлекеттік қызметшілер сыйлық алмай ма, әлде алған сыйлығын тапсырмай ма?

Биылғы 26-28 қазан аралығында Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Алик Шпекбаев БҚО-да мемлекет тарапынан көрсетілген қызмет нысандарының жұмысын тексерді деп хабарлайды өңірлік департаменттің баспасөз қызметі.

Аймақтар • 29 Қазан, 2017

Қостанай облыстық кітапханасына 80 жыл толды

Кітапхананың мерейтойына орайластырып, «Қоғам дамуындағы мемлекеттік кітапханалар ролі» атты өңіраралық ғылыми-практикалық конференция өтті. 

Аймақтар • 29 Қазан, 2017

Семейде газ баллонды тексеремін дегенде атылып кетті

Семейде газ баллонын сіріңке жағып, тексеріп көрмекші болған 68 жасар ер адам дүрс ете атылған өрттің ішінде қалды. 

Аймақтар • 29 Қазан, 2017

Қостанайда ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күні өтті

Биыл қостанайлық диқандар қамбаға 5,2 миллион тонна астық құйды. Бұл еліміз бойынша биыл өндірілген астықтың төрттен бірі.

Яндекс.Метрика