Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
90785 материал табылды

Қазақстан • 12 Қыркүйек, 2017

Екі ішекте – ел тарихы

Таяуда Қарағандының «Шалқыма» концерт залында жыр мен терме орындаушылары арасында Қазыбек бидің 350 жыл­­дығына арналған «Ордалы сөздің иесі – Қазыбек» атты сай­ыс өтті. Қазақстан Рес­пуб­ли­касы Мәдениет және спорт ми­нистрлігінің ұйым­да­с­ты­руы­мен  өткен дүбірлі дода екі ке­зеңмен үш күнге жалғасты. Бірінші кезеңде қатысушылар түр­­лі терме мектептері өкіл­де­рінің шығармаларын орын­дады. Екін­ші кезеңде өнер­паз­дар қазақтың эпостық дастан­да­рын жыр­лады. Сайысқа Қазақ­стан­ның әр өңірінен бар­лығы  16 термеші мен жыршы қатысты.   

Аймақтар • 12 Қыркүйек, 2017

Алтай теңізі туралы білесіз бе?

Өскеменнен 26 шақырым жерде, Глубокое ауданының Тарханка ауылының маңында «Тархан геологиялық разрезі» деп аталатын ерекше бір жер бар. 

Аймақтар • 12 Қыркүйек, 2017

Бойжеткенді құтқарған курсант

Ішкі істер министрлігі Қостанай академиясының 3-курс курсанттары Еркебұлан Төлебеков пен Нұрбол Сәмке сол күні аулаларға, аялдамаларға хабарландырулар жапсырып, жоғалып кеткен әйелді іздестіруге волонтер қызметін атқарып жүрген болатын. Кешке қарай олар Тобыл өзенінің жағасына келді. Кенет олар өздерінен әудем жердегі көпірдің үстіне шығып, телефонмен сөйлесіп тұрған қызды байқады. Жігіттер «мына қыз машиналар жүріп жатқан жерде неге тұр?» деп, кідіріп тұрып қалды. Бұл жер тек көліктің ғана емес, жүргіншілердің де көп жүретін орны. Сол сәтте-ақ қыз өзенге секіріп кетті.  

Жазғы спорт • 12 Қыркүйек, 2017

«Астана» командалық сында үздік шықты

Велоспорттан Испания тасжолдарында өткен «Вуэльта-2017» көпкүндігі аяқталды.

Хоккей • 12 Қыркүйек, 2017

«Барыс» «Шығыс» дивизионында топ бастады

Елорданың «Барыс» хоккей клубы Құрлықтық хоккей лигасында сәтті өнер көрсетіп келеді. Өткен аптада олар Риганың «Динамо» командасына қарсы ойын өткізіп, айдын иелерінің қақпасына жауапсыз алты шайба соқты. Чемпионаттың Астанада өткен екінші турында жерлестеріміз дәл осы клубтан 3:5 есебімен жеңіліп қалған болатын.  

Футбол • 12 Қыркүйек, 2017

Жауапты ойын алдындағы ірі жеңіс

Өткен сенбі-жексенбі күндері шағын үзілістен кейін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы Қазақстан чемпионатының 26-тур ойындары өтті. Көш басындағы «Астана» мен «Қайрат» бұл турда өздерінің кезекті жеңістеріне қол жеткізді. Елорда клубы «Атырауды» 7:0 есебімен күйрете жеңсе, алматылықтар «Қайсардан» 3:1 есебімен басым түсті.  

Қазақстан • 12 Қыркүйек, 2017

Тоғызқұмалақтан әлем чемпиондары анықталды

Астана қаласында ЭКСПО-2017 халық­аралық көрмесі аясында ұйым­дастырылған тоғызқұмалақтан IV әлем чемпионаты аяқталды. Дүние­жүзілік Тоғызқұмалақ федерациясы, Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және денешынықтыру істері комитеті, Астана қаласының әкімдігі жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан турнирге әлемнің 25 елінен 70-тен астам тоғызқұмалақшы келіп, бақ сынады.  

Қазақстан • 12 Қыркүйек, 2017

Сексеуілден дарыған жігер

Тәуелсіз Қазақстанның ширек ғасырдан сәл асатын, тарихи тұрғыдан алғанда қыс­қа уақыттың ішінде дү­ние жүзіне танымал өз бе­дері мен беделі бар мемле­кет ретінде қалыптасуы Елбасы Нұрсұлтан Әбіш­ұлы Назарбаевтың ке­мең­­г­ерлікпен жүргізіп отыр­ған саясаты мен оны іске асырушы отан­сүй­гіш, мем­ле­кеттілік ұста­ны­м­да­ғы біл­гір де білім­ді, ел қа­мын ой­лаған азамат­тар­дың қа­жыр­лы еңбегінің нәти­же­сі екендігі анық.   

Қазақстан • 12 Қыркүйек, 2017

А.Квочур, Ресей батыры: Кенен білімді, қыран қайратты

Ең алғаш 1986 жылы ұмытпасам, қазан айында, тоқ­тар оңғарбайұлы «Тбилиси» авиа­та­сы­мал­­да­ғы­шы­на «МИГ-29к» ұша­ғын қондырды. Қон­ды­рып қа­на қой­май қайтадан ұшып шықты. Тең­­дес­сіз ер­лік жа­сады. Күздің қара су­ығы бет қа­ратпай тұр­ған ке­зі тол­қыған теңізде теңселген ко­ра­бл­ьге ­ең төменгі жыл­­дамдығы 270 шақы­рым­­дық әс­кери ұшақты қа­­ру-жарағы сы­қиған күйі қон­ды­рудың адам айт­­қысыз қиындығын біздер, оның әріптестері ға­на түсінер едік.

Қазақстан • 12 Қыркүйек, 2017

Олег Смоляков: «Біздің мақсатымыз – банк жүйесін қалыпқа келтіру»

Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы қабылдаған Банк секторының қаржылық орнықтылығын арттыру бағдарламасы банк жүйесінің жинақталған проблемаларын түпкілікті шешуге, кредиттік портфельді қалыпқа келтіруге, кредиттеуді жандандыруға, қаржы институттарында тәуекел-менеджментті жетілдіруге арналған. Бұл туралы біздің басылымға берген сұхбатында Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары Олег СМОЛЯКОВ айтып берді.    

Яндекс.Метрика