Аймақтар • 12 Қыркүйек, 2017
Орал қаласында 180 пәтерлі және 90 пәтерлі қос үйдің құрылысы аяқталып, тұрғындар игілігіне берілді. Оралда бірнеше күннен бері тойланып жатқан «Қала күні» мерекесі аясында берілген қоныстой салтанатына Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов, шаһар басшысы Мұрат Мұқаев қатысты.
Аймақтар • 12 Қыркүйек, 2017
Қарқынды даму өңірде де етек алған
«Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед Павлодар облысына барды. Сапар барысында ол индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында салынған кәсіпорындардың жұмысымен танысты. Сондай-ақ, Мұхтар Құл-Мұхаммед Павлодар түсті металлургия колледжінің жаңадан салынған Студенттер үйінде және Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының ғылыми бөлімі – «Margulan center» орталығында болды. Бұл орталықта «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Ертіс өңірінен шыққан атақты билеуші Сұлтанбет сұлтанның ордасы қалпына келтірілген.
Аймақтар • 12 Қыркүйек, 2017
Ақсуаттың ажарын ашқан стадион
Жақында Тарбағатай ауданының орталығы – Ақсуат ауылында толықтай күрделі жөндеуден өткен 2000 орындық стадион салтанатты түрде ашылып, ел игілігіне пайдалануға берілді.
Аймақтар • 12 Қыркүйек, 2017
Ертіс өзеніне 35 мың шабақ жіберілді
Қоршаған ортаны қорғау, балықтар мен жануарлар әлемін аялап, су түбінің тазалығын сақтау секілді шараларды «Еуразиялық энергетикалық корпорация» АҚ Ақсу электр стансасы эколог мамандары жыл сайын өткізіп келеді.
Аймақтар • 12 Қыркүйек, 2017
Кәсібі мен өнері өркендеген өңір
Қоянды қойнауындағы тарих. Төрт күн бойы Астанадағы ЭКСПО халықаралық көрмесі аумағында Қарағанды облысының күндері өтті. Ауқымды шараның ашылу салтанатынан бастап, ілкімді іс-шараларда Қарағандының бай тарихы бұқараға таныстырылып, саф алтын өнері сахнада салтанат құрды. Шара шымылдығын түрген облыс әкімі Ерлан Қошанов, қазақтың тұңғыш ғарышкері, Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы Тоқтар Әубәкіров, Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Парламент Мәжілісінің депутаттары, көрнекті қоғам қайраткерлері, елдің түкпір-түкпірінен және шетелдерден келген қалың қауым болды.
Үкімет • 12 Қыркүйек, 2017
Өңіраралық ынтымақтастыққа оң серпін
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин Қытайдың Наньнин қаласында өтіп жатқан ЭКСПО «Қытай-АСЕАН» көрмесі шеңберінде Қазақстан-Қытай өңіраралық ынтымақтастықтың I форумына қатысып, сөз сөйледі. Форум жұмысына, сондай-ақ ҚХР Мемлекеттік кеңесінің премьері Чжан Гаоли де қатысуда, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің баспасөз қызметі.
ЭКСПО-2017 • 12 Қыркүйек, 2017
Еріктілердің есінде ерекше қалады
Әлем назарын аударған ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті зор үлес қосты. Осы игі істің жауапкершілігі жүктелген Астана қалалық ЭКСПО-2017 еріктілер штабының басшысы Думан АЙТМАҒАМБЕТОВПЕН сөйлескен едік.
Қазақстан • 12 Қыркүйек, 2017
Энергетика жаңа дәуірге аяқ басты
ХІ Еуразиялық KAZENERGY форумы – ЭКСПО-2017 көрмесі аясындағы қорытынды шаралардың бірі болды. «Болашақтың энергиясын қалыптастыру» тақырыбында өткен шара Қазақстан Үкіметі мен Энергетика министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылды.
Қазақстан • 12 Қыркүйек, 2017
Дін саласындағы заң жобасы талқыланды
Алматы қаласындағы «Достық үйі» ғимаратында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» әзірленген заң жобасын талқылау бойынша қоғамдық пікір көшбасшылары мен ғылыми-сарапшылар қауымдастығы өкілдерінің дөңгелек үстелі өтті.
Үкімет • 12 Қыркүйек, 2017
Қарым-қатынастар жайы сөз болды
Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев БАӘ Премьер-министрі Кеңсесінің басшысы Мұхаммед Абдалла Әл-Гаргавимен кездесу өткізді, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.