Ұлттық спорт • 30 Маусым, 2017
Ұлан Рысқұл: Биыл екінші рет «Қазақстан барысы» атанамын
2 шілдеде Астанадағы «Барыс Арена» мұз сарайында «Қазақстан барысы» республикалық турнирінің финалдық кезеңі өтеді.
ЭКСПО-2017 • 30 Маусым, 2017
ЭКСПО – 2017 көрмесіне келушілер саны жарты миллионнан асты
«ЭКСПО– 2017» көрмесін тамашалауға 20 күнде жарты миллионнан астам адам келді. 2017 жылдың 29 маусымында кешкісін Халықаралық мамандандырылған көрменің 500 000-шы келушісі тіркелді, деп хабарлайды «Астана ЭКСПО – 2017» ҰҚ» АК-ның баспасөз қызметі.
Аймақтар • 30 Маусым, 2017
Шымкентте Еуро-4 және Еуро-5 стандартымен жанармай шығарыла бастады
Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғырту жобасының бірінші кезеңі аяқталды. Нәтижесінде мұнай өңдеу тереңдігі 80 пайызға артып, өнім шығару көлемі жылына 6 млн тоннаға, жанармай өндірісі 3 есе көбейді. Ең бастысы – жанармай сапасы Еуро-4 және Еуро-5 экологиялық стандартына көшті, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.
Аймақтар • 30 Маусым, 2017
Атырау театры халықаралық фестивальден олжалы оралды
Махамбет атындағы Атырау облыстық қазақ драма театры Ресейдің Керчь қаласынан олжалы оралды. «Боспорские агоны» атты антикалық өнердің XIX халықаралық фестивалінде Атырау театры «Антикалық тақырыпқа қазіргі заман көзімен» аталымын жеңіп алды.
Аймақтар • 30 Маусым, 2017
БҚО тілдерді дамыту басқармасына жаңа басшы тағайындалды
Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы болып осы кезге дейін аталған облыстың білім басқармасын басқарған Айгүл Әділгерейқызы Мыңбаева тағайындалды. Жаңа басшысыны облыс әкімінің бірінші орынбасары Арман Өтеғұлов таныстырды.
Аймақтар • 30 Маусым, 2017
Солтүстік Қазақстанда дәрі-дәрмек мәселесі өткір тұр
«Нұр Отан» партиясы СҚО филиалының бюро мәжілісінде денсаулық сақтау саласындағы түйткілді мәселелер талқыланып, көптеген олқылықтар анықталды.
Қазақстан • 30 Маусым, 2017
Түзеу мекемесінде де дінаралық татулық бар
Ағымдағы жылдың 29 маусым күні Астана қалалық Дін істері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен ҚАЖ департаментіне қарасты ЕЦ-166/10 түзеу мекемесінде діни бірлестіктермен бірлескен маңызды шара болып өтті, деп хабарлайды Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқармасы.
Білім • 30 Маусым, 2017
ҰБТ ережесін бұзғаны үшін 12 түлек тестілеуден шығарылды
Биыл Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу ережесін бұзғаны үшін 12 түлек шығарылды. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының директоры Рамазан Әлімқұлов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазақстан • 30 Маусым, 2017
Еліміздің үш облысында 43 градус ыстық болады
Қазақстанның үш облысында аптап ыстыққа байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Қазгидромет».
Аймақтар • 30 Маусым, 2017
Солтүстік Қазақстан бишілері халықаралық байқауда лауреат атанды
14-ші «Қазан өрнектері» халықаралық байқауы балалар мен жасөспірімдер арасында ұйымдастырылып, «Экспромт» халықтық би театрының бишілері топ жарды.