Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
90785 материал табылды

Білім • 30 Маусым, 2017

Сардарлардың мәртебелі мектебі

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті биыл өзінің құрылғанына 20 жыл толуын атап өтеді. Ол 2015 жылы әлемдегі әскери жоғары оқу орындары арасынан алғаш рет беделді Оксфорд академиялық одағының және Еуразиялық университеттер қауымдастығының толыққанды мүшесі болды. Әскери білім беру көшбастаушысы қазақстан армиясы үшін жоғары офицерлік құрам дайындауға, әскери кадрларды оқытуға қандай озық әдістер мен құралдарды пайдалануға үлес қосқандығы және басқалар туралы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары, генерал-лейтенант Талғат МҰХТАРОВ әңгімелейді.

Футбол • 30 Маусым, 2017

Еуропа лигасы: «Қайрат» пен «Ертіс» жеңіп, «Ордабасы» жеңіліп қалды

Кеше қазақстандық футбол клубтары Еуропа лигасындағы алғашқы кездесулерін өткізді. «Қайрат» пен «Ертіс» жеңіске жетсе, өкінішке қарай «Ордабасы» клубы қарсыласынан жеңіліп қалды.

Қазақстан • 30 Маусым, 2017

«Цифрлы армия» – ілгерілеудің алғышарты

«Елде 3D-принтинг, онлайн-сауда, мобильді банкинг, цифрлы қызмет көрсету се­кілді денсаулық сақтау, білім беру ісінде қолданылатын және басқа да пер­с­пективалы салаларды дамыту керек. Бұл индустриялар қазірдің өзінде да­мы­ған елдердің экономикаларының құрылымын өзгертіп, дәстүрлі салаларға жа­ңа сапа дарытты». Н.Ә. Назарбаев (Қазақстан халқына Жолдауынан)

Қазақстан • 30 Маусым, 2017

Еңбек қауіпсіздігі «алтын қағиданың» қатарында

Кез келген өндірісте еңбек ресурсы ерекше маңызға ие. Ал ондағы адамдардың денсаулығы мен еңбек қауіпсіздігін сақтауға барынша жағдай жасау ­– әрбір басшының негізгі міндеті. «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының «Қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласындағы көрнекті көшбасшылық» деген тақырыпта өткізген форумында осы мәселе кеңінен талқыланды.

Аймақтар • 30 Маусым, 2017

Топинамбур ауаны тазартады

Мұнайлы аймақтағы экологиялық ахуалды жақсартуды жергілікті тұрғын­дар да қолға ала бастады. Атырау қаласының тұрғыны Арман Хайруллин Сарайшық ауылындағы бір гектар жерге топинамбур өсімдігінің бес сұрыбын отырғызған екен. Ондағы мақсаты – облыс орталығы мен Қарабатан зауыты арасында жасыл белдеу жасау.

Бизнес • 30 Маусым, 2017

Жобалар өңірдің өркендеуіне серпін береді

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстанның Үшін­ші жаңғыруы: жаһандық бәсеке­ге қабілеттілік» Жолдауында еліміздегі экономикалық өсім, бизнесті қолдау, инвестиция тарту мәселелерін айтқан болатын. Елімізде қарқын алған «Нұрлы жол» экономикалық саясаты және «100 нақты қадам» Ұлт жос­пары да өңірлерді дамытуға айрықша серпін беріп келеді. Сондай-ақ, өңірлерде қолға алын­ған инвестициялық жобалар да жаһандық бәсекеге қабілеттілікті арттыра түседі.

ЭКСПО-2017 • 30 Маусым, 2017

Көрме тыныштығы қатаң қадағаланады

Астана қаласында ЭКСПО-2017 халықаралық маман­дан­дырыл­ған көрмесін өткізу кезінде күн сайын ішкі істер органдарының 5 мыңнан астам қыз­меткері кезекші­лік­ке шықса, соның 2 мыңнан аста­мы көрме аумағында қызмет атқара­ды екен. Көрме қалашығында қауіп­сіздікті қамтамасыз ету орталығы, полиция бөлімі және өрт сөндіру депосы тұрақты жұмыс істейді.

Қазақстан • 30 Маусым, 2017

Қызықты шаралардан құр қалмаңыз

ЭКСПО-2017 көрмесіндегі «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингінің стендінде көрме қонақтары арнайы байқау-викторинаға қатыса алады. «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ ұйымдастыратын конкурс барысында кез келген азамат өз бағын сынай алады.

ЭКСПО-2017 • 30 Маусым, 2017

ТМД аумағындағы алғашқы фестиваль

«Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы контент пен шараларды ұйымдастыру департаментінің директоры Марат Омаров әлемге кеңінен танылған британдық MTV фестивалі ТМД аумағында алғаш рет Қазақстанда ұйымдастырылатынын мәлімдеді.

ЭКСПО-2017 • 30 Маусым, 2017

Барабаншылар шеруі келушілерді баурады

Израиль мемлекеті ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі аумағында ұлттық күнін атап өтті. Шара аясында израильдік әнші Aveva ән шырқап, әлемге әйгілі «King David Peace Drummers» барабаншылар тобының шеруі ұйымдастырылды.

Яндекс.Метрика