Аймақтар • 19 Маусым, 2017
Сенбі күні Қарағандыдағы «Спасск» оқу-жаттығу орталығы асқақ рухтың алаңына айналды. Жас сарбаздардың басын қосып, бағын сынаған «Айбын» республикалық әскери-патриоттық жиыны салтанатты жағдайда өз мәресіне жетті. Бірнеше күнге созылған айбынды сарбаздар жиынының шешуші кезеңіне Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары, Қазақстан Қарулы Күштерінің Бас штаб бастығы, генерал-лейтенант Мұрат Майкеев қатысты.
Аймақтар • 19 Маусым, 2017
Петропавл халықаралық әскери институтын 209 офицер бітіріп шықты
Салтанатты іс-шараға Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұланы бас қолбасшысының орынбасары, генерал-майор Альберт Мәткәрімов, облыс әкімінің орынбасары Антон Федяев, соғыс, еңбек ардагерлері, ата-аналар қатысты.
Аймақтар • 19 Маусым, 2017
Түйткілді мәселелердің түйінін тарқату керек
«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы жанындағы саяси кеңес бюросының отырысында қаралған мәселелердің ішінен екеуіне жеке-дара тоқталуды жөн көрдік. Өйткені, бүгінге дейін «жақсысы асырылып, кемшіні жасырылып» келген қос сала әлдеқайда түйткілді болып шыққанын талқылау барысы көрсетіп берді.
Аймақтар • 19 Маусым, 2017
Медицина қызметкерлері күніне орай Талдықорғанда «Кәсібіңе басымды ием» атты салтанатты жиын өтті.
Медицина • 19 Маусым, 2017
«Маған операцияны Башабаев жасасыншы...»
Ол туралы әріптестері бір-ақ ауыз сөз айтады. «Мықты дәрігер!». Ал шипалы қолын сезінген жандар «Алтын қолды» дәрігер» деп ағынан жарылады. Ол деп жұмбақтап отырғанымыз Шығыс өңіріндегі білікті, тәжірибелі дәрігерлердің бірі, Шығыс Қазақстан облыстық ауруханасы хирургия бөлімінің меңгерушісі, облыстық денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас хирургі Марат Башабаев.
Бокс • 19 Маусым, 2017
Бейбіт Шүменов WBA белбеуінен айырылды
Дүниежүзілік бокс қауымдастығы (WBA) қазақстандық боксшы Бейбіт Шүменовті (17-2, 11 КО) тұрақты чемпион белбеуінен айырды.
ЭКСПО-2017 • 19 Маусым, 2017
ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіндегі Жібек жолы павильонында орналасқан Украина экспозициясының аумағы 35 шаршы метрді құрайды. Шағын ғана аумақты еншілеген олар энергетикаға қатысты бірқатар өнертабыстарын қоюға тырысқан. Мәселен, су мен ғимараттарды жылытуға арналған күн агрегаты, жел генераторы және жарықтан энергия өндіретін қондырғы келушілерді елең еткізуде.
ЭКСПО-2017 • 19 Маусым, 2017
Жер аумағының көлемі бойынша Нидерланд Корольдігін үлкен мемлекет деп айтуға келмейді. Жер көлемі және халқының саны жағынан бұл мемлекет әлемде тиісінше 134-ші және 65-ші орындарды иеленеді. Алайда, экономикалық көрсеткіштері жағынан Нидерланд Корольдігі, бұл елді Голландия деп те атайды, дүние жүзінің көптеген елдерінен оқ бойы алда келеді. Голландия экономикасы әлеуеті жағынан әлемде 17-ші орынды, Еуропалық одақта 6-шы орынды иеленеді. Нидерланд мемлекеті еліміздің елордасында өтіп жатқан ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуға ниет білдірген алғашқы мемлекеттердің бірі.
Қазақстан • 19 Маусым, 2017
Франция павильонындағы ақынмен жүздесу
ЭКСПО көрмесіндегі ең ірі павильондардың бірінен саналатын Франция павильоны әрқашан келушілерге толы. Бұл жолы да павильонға келген көрермендер ерекше әсерлі кездесудің куәсі болды. 16 маусым күнгі түс әлетінде Франция Республикасының павильонында қазақтың біртуар перзенті, асқақ ақын Олжас Сүлейменовпен кездесу өткізілді.
ЭКСПО-2017 • 19 Маусым, 2017
Жаһандық жаңалыққа ынтыққан әлем туристерінің ат басын тірейтін орталығына айналған ару Астананың ажары арайлана түсіпті. Әсем Астананың ортасындағы болашақ қаласы – ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің қалашығы Арқа төсіне асыққан төрткүл дүние туристерін кідіріссіз қабылдап, қайталанбас қызықтарға кенелтуде. Маусымның 16 жұлдызындағы Астананың арайлы таңы дауылпаз үнін дүбірлеткен асқақ әуенмен үндесе атты. ЭКСПО қалашығындағы Қытай павильонының алдында шымқай қызыл ұлттық киімдерін киген қытайлық бишілер мен барабаншылар келген қонақтарды риясыз көңілмен қарсы алып жатты.