Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
90785 материал табылды

Қазақстан • 19 Маусым, 2017

Пластик пакеттің құдіреті

Ұлттық музей Тұңғыш Президент – Елбасы қорымен бірлесіп қазақстандық танымал суретші Сәуле Сүлейменованың «Somewhere in the great steppe. Көкжиек» атты көрмесінің ашылу салтанатын ұйымдастырды.

Аймақтар • 19 Маусым, 2017

Қарауылдағы қымызқұмарлар қоғамы

Абай ауданының орта­лы­ғы – Қарауыл ауылында осындай бір ерекше қоғам бар екен. Мұны әйгілі жазушы Мұхтар Әуезовтің елдегі сенімді серігі болған, «Дана Мұхтардың дара шәкірті» атанған, қаламгер Кәмен Оразалиннің ұлы Елдар ағамыздан әңгіме ара­сында естідік.

Кино • 19 Маусым, 2017

«Ең сұлу қыз» экранға шығады

Режиссер Қанағат Мұстафин «16 қыз» комедиялық фильмінің жалғасы іспетті «Ең сұлу қыз» картинасын түсіріп жатқанын бұдан бұрын айтқан болатынбыз. 21 күнде түсірілім жұмыстарын толық аяқтаған шығармашылық топ енді монтаждау жұмыстарына кірісті. Фильмді Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы, «Kanaidarproduction» және «Шешенфильм» студиясы түсіріп шықты.

19 Маусым, 2017

Отанға қызмет етуден асқан абырой жоқ!

Тәуелсіздігіміздің алтын тірегі ретінде танылған Астанамыз күннен-күнге құлпырып қанатын кеңге жайып келеді. Бас қаламыздың дамуына өз үлесін қо­сып отырған тиісті салалардың еңбегі де өте зор. Солардың қатарында құ­рылғанына 25 жыл толған Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары қыз­меткерлерінің қиын-қыстау кезеңдерде адамдардың қауіп­сіз­дігін қорғау мен қоғам тыныштығын сақтауда, зайырлы мемлекетіміздің құ­қықтық саясатын жүзеге асыруда маңызды рөл атқарып келе жатқандығын ай­рықша атауға болады. 25 жылдыққа орай, біз Астана қалалық Ішкі істер департаментінің бастығы Амантай ӘУБӘКІРОВКЕ жолығып, әңгімелескен едік.

Білім • 19 Маусым, 2017

ҰБТ жаңа форматта өткізіледі

Елімізде 20 маусым мен 1 шілде аралығында ҰБТ өткізілмек. Және биылғы тестілеу алғаш рет жаңа форматта өтеді. Мектеп түлектері тестілеуді 165 ҰБТ өткізу пункттерінде тапсырады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Білім және ғылым министрлігінің жоғары және Жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Дархан Ахмет-Зәки мәлімдеді.

Үкімет • 19 Маусым, 2017

Мақсат – дәстүрлі дінді дәріптеу

Астана қаласында Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаевтың халыққа есеп беру кездесуі өтті. Өзінің баяндамасында Н.Ермекбаев ведомствоның 2016 жылы атқарған жұмыстың негізгі нәтижелері туралы, сонымен қатар болашақта министрліктің алдына қойылған басты міндеттері туралы айтып берді.

Үкімет • 19 Маусым, 2017

Мәдениет – мәртебеміз, спорт – мақтанышымыз

Қазақстанның қатардан қалмай, қарқынды дамуы жолында мәдениет пен спорттың қосар үлесі қомақты. Қос саланың өткен жылғы атқарған айшықты істері мен алдағы күнге қойған маңызды міндеттері жайында Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы халық алдында есеп беру кездесуін өткізіп, кеңінен баяндады.

Аймақтар • 19 Маусым, 2017

«Жаңғырудың негізі – тұрақтылық. Бірлік. Келісім»

Атырауда облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXI сессиясы өтті

Білім • 19 Маусым, 2017

Латынға көшкенде ескеретін жеті ұсыныс

Мемлекет басшысы «Егемен Қазақстан» газетінде шыққан «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында негізгі бірнеше мәселелер туралы, нақтырақ айтқанда, ұлттық сана, бәсекелестік қабілет, ұлттық бірегейлікті сақтау, білім алу, білім бе­ру құндылықтары, латын әліпбиіне көшу ту­­ралы ойларымен бөлісе келе, таяу жыл­дар­ға арналған нақты мақсаттарға сәйкес өзі­нің нақты жобаларын ұсынып отыр.

19 Маусым, 2017

Ұлттық код – рухани болмыс кілті

Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: ұлттық жаңғыру» атты мақаласында санамыздың ісімізден озық жүруінің маңыздылығын атап, жүйелі түрде талдап көрсетті. Аталған бағдарламалық мақалада көңілімізді көптен күпті еткен жайттар қолмен қойғандай жіктеліп, жіліктеліп, алдымызға өте түсінікті түрде тартылып отыр. Сондықтан да болар, жарияланғалы бері оны талқылауға әр саланың адамдары белсенді түрде қатысуда. Қазіргі таңда қоғамдық сананы жаңарту мәселелерімен шұғылдану үшін арнайы құрылған ұлттық комиссия алда тұрған міндеттерді нақтылап, жүйелі жоспар құруға кірісіп кеткені белгілі. Айтылып жатқан ұсыныстар мен пікірлер, бәлкім, біздің де айтпағымыз, сонда жинақталып, қорытылу кезінде кәдеге асырылар.

Яндекс.Метрика