Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
90785 материал табылды

Қазақстан • 16 Мамыр, 2017

Өзара серіктестіктің келешегі зор

Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшісі Ерлан Ыдырысов Халықаралық теңіз ұйымының (ХТҰ) Бас хатшысы Китак Лиммен кездесіп, аккредитациялық хат тапсырды. Кездесу барысында тараптар өзара ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Бұл туралы Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан • 16 Мамыр, 2017

Ынтымақтастық  меморандумына қол қойды

Бейжіңде «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) мен Цинхуа университеті арасында өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойылды. 

Қазақстан • 16 Мамыр, 2017

Шу тудырған ақпарат шындыққа жанаспайды

Бірнеше күн бұрын ғаламтордағы әлеуметтік желілерде ЭКСПО-2017 қалашығы аумағындағы Конгресс-холл сарайының құрылысымен айналысып жатқан «Sembol» компаниясы құрылысшыларының жұмысына қатысты бейнеролик тараған болатын. Қоғамдық шу тудырған түсірілімде автор жылу сақтайтын құрылыс материалдары жол салу үшін ысырап төселіп жатқандығы туралы айтады. Алайда, белгілі болғандай, карбон материалдарымен жол емес, паркинг салынбақ.

Медицина • 16 Мамыр, 2017

Әскери қызмет – әркімнің азаматтық борышы

Бүгінде жастарға патриоттық тәрбиені насихаттау, Отан алдындағы міндетін түсіндіру маңызды. Қазіргі кезде жас- тар арасында әскерге бару мәселесінің де өзекті екенін айта кету керек. Елімізде әскери қызметке барлық мүмкіндіктер жасалғанмен, көп жастардың әскер қатарына баруға құлықсыз екені белгілі.

Аймақтар • 16 Мамыр, 2017

Таразда «ЭКСПО-2017» тақырыбына арналған шығармашылық жұмыстардың көрмесі ашылды

Жамбыл облыстық көрме залында «Дәстүрдің алтын діңгегі» атты шығармашылық жұмыстардың көрмесі ашылды. «ЭКСПО-2017» тақырыбына арналған көрмеге Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының профессор-оқытушылары мен студенттерінің өнер туындылары қойылған.

16 Мамыр, 2017

74 жылдан соң...

Жуырда Төлеби ауданы Алатау ауылдық округіне қарасты Екпінді орта мектебіне Алматы қаласындағы Ресей Федерациясы Бас консулдығының консул-кеңесшісі С.А.Соколов келді. Ол Ресей Федерациясының Президенті В. Путиннің арнайы тапсырмасымен осы ауылдың тумасы, соғыс кезінде минометшілер взводының командирі болған Лаулан Ағабековтің «Қызыл Жұлдыз» орденінің кітапшасын тапсыруға келіпті. Бұдан 74 жыл бұрын берілмеген марапат Жеңіс жауынгерінің мұрагері – Лаулан Ағабековтің үлкен ұлы Керімбайға салтанатты жағдайда табыс етілді. Бұл ерліктің тарихы төмендегідей екен…

Қазақстан • 16 Мамыр, 2017

Мәдина Жұмақадырова «Бала дауысы» байқауының жеңімпазы атанды

Өскемендегі Металлургтер мәдениет сарайында «Бала дауысы» ұлттық ән байқауының екінші маусымы өз мәресіне жетіп, жеңімпаздың есімі анықталды.

Бизнес • 16 Мамыр, 2017

Мұнай-химия зауытын жаңғырту жұмыстары қалай жүргізілуде?

Энергетика министрі Қанат Бозымбаев таяуда Павлодар мұнай-химия зауытында болып, кәсіпорынды жаңғырту жобасының барысымен танысқан болатын.

Әлем • 16 Мамыр, 2017

Хакерлер Walt Disney компаниясының фильмін ұрлады

Хакерлер Walt Disney компаниясының әлі прокатқа шықпаған фильмін ұрлап алып, оны интернетке жарияламау үшін ақша талап етіп отыр. Бұл туралы компанияның директоры Боб Айгерге сілтеме жасаған The Hollywood Reporter журналы хабарлады.

Медицина • 16 Мамыр, 2017

Ақтөбеде тәртіп сақшылары балалар үйінде қайырымдылық шарасын өткізді

Ақтөбелік тәртіп сақшылары Қазақстан полициясының 25 жылдығына орай 25 игі істі атқаруды белгілеген болатын. Соған сәйкес, бүгінгі күні кешенді іс-шаралар жоспары бел ортаға таяп келеді.

Яндекс.Метрика