Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
90785 материал табылды

Бизнес • 16 Мамыр, 2017

Кәсіпкерлікті көк тиынсыз да бастауға болады...

Қазіргідей жұмыссыздық пен қымбатшылық бар заманда өмір сүру оңай емес. Мұндай жағдайдан тек жеке кәсібі ғана құтқаратынына көзі жеткендер мемлекет қолдауын пайдаланып, өздерінің жеке жұмыстарын баяғыда-ақ бастап кеткен.

Аймақтар • 16 Мамыр, 2017

Газ мәселелері қоғамдық қабылдауда талқыланды

Ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» компания­сы ұлттың жаңа саяси платформасына айнал­ған қоғамдық сананы жаң­ғыр­ту ісіне үн қосып, өңір­лер­де ерекше кездесулер ұйымдастыруды қолға алды.

Аймақтар • 16 Мамыр, 2017

Биыл Ақтөбе облысында 641 мың гектар жерге егін егіледі

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Қарғалы ауданындағы бірқатар шаруа қожалығына барып көктемгі егіс науқанымен танысты, ауданның ауыл шаруашылық құрылымдарының басшыларымен кездесті, деп хабарлайды Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

16 Мамыр, 2017

Жеңісті Берлинде қарсы алған

Бүгінде Астана қаласында тұратын Анна Павлова таяу күндері тоқсан төр­тінші туған күнін тойлайды. Кіндік қаны Воро­неж­де тамған ол соғыс бас­­талған жылы он тоғыз жас­қа толып, өзі сұранып қан майданға аттанған екен.

Медицина • 16 Мамыр, 2017

Кіндік кескен жер қымбат

Атам қа­зақ­тан қалған үлгі де, өне­ге де аз емес. Со­ның ең бастысы – кін­дік қаның там­ған жерді құр­меттеу. Бұл – ата-ба­ба­­ла­рымыздан қал­ған әдемі салт. Осы бір ұлттық дәс­түрді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Егемен Қазақ­стан» газетінде жарияланған «Бола­шаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты ма­қаласында әдемі айтқан екен. Сүйсіне оқып шықтым. Бүкіл жұртымыздың арғы-бергі тарихы көз алдымнан өтті. Мен барлық саналы өмірімді білім беру саласына арнап келе жатырмын. Ұлтты көркейтетін саналы ұрпақ қой. Сол ұрпақтың, әсіресе, қазақ халқының бүгінгі толқын көп азаматтары ауылдан шыққаны белгілі. 

Қазақстан • 16 Мамыр, 2017

Өңіраралық ықпалдастық арта түседі

Ұлыстың ұлы күнінде Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиеев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келіп, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездескен еді. Астана төрінде кездескен екі елдің басшылары басты салалар бойынша ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселесін сөз еткен болатын.

Парламент • 16 Мамыр, 2017

Қазақстанның көшбасшылық позициясы сақталады

Парламент Мәжілісіндегі кезекті Үкімет сағаты «Уран өнеркәсібінің дамуы туралы» деген тақырыпта өтті. Депутаттар мен Үкімет мүшелері қатысқан алқалы жиынға Мәжіліс Төрағасының орынбасары Гүлмира Исимбаева жетекшілік етіп, негізгі баяндаманы Энергетика министрі Қанат Бозымбаев жасады.

Қазақстан • 16 Мамыр, 2017

Оңтүстік Қазақстан облысының түлектері ҰБТ-ға дайын

Оңтүстік Қазақстан облысында Ұлттық бірыңғай тестілеу әділ әрі ашық өткізілуі тиіс. Түлектерді тасымалдау, тамақтандыру, жатын орындарымен дер кезінде қамтамасыз етуде кедергілер болмауы қажет. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев аудан, қала әкімдерімен және облыстық басқармалар басшыларының қатысуымен өткен селекторлық мәжілісте мәлім етті.

Қазақстан • 16 Мамыр, 2017

Ақтөбеде шекаралас өңірмен салыстырғанда дәрі бағасы екі есе қымбат

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың мәлімдеуінше, Ресейдің Орынбор облысындағы бірқатар дәрі түрлері ақтөбелік дәріхана қожайындары бекіткен дәрілер бағасынан есі есе арзан.

Үкімет • 16 Мамыр, 2017

Уақыт талабынан шығуға талпыныс мол

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысының тапсырмасымен Қостанай облысына барып, онда Елбасының «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауы мен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында алға қойылған міндеттерді түсіндірді, оларды іске асыру барысын талқылады.

Яндекс.Метрика