Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
90838 материал табылды

Қазақстан • 01 Қараша, 2018

«Оймашадағы» оқу-жаттығу абыроймен аяқталды

Күз басталысымен ел қорғанысы саласында қарбалас. Күздің алғашқы екі айы ішінде бірнеше оқу-жаттығу жүргізіліп, ел әскері сапындағы қызметкерлердің дайындығы тексерілді.

Қазақстан • 01 Қараша, 2018

Жыл соңына дейін астаналықтарға 364 пәтер беріледі

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» «Нұрлы жол» мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы бойынша Астана қаласындағы №227 көшесінде бой көтерген үш тұрғын үй кешеніндегі пәтерлерді сатылымға шығармақ. Бұл туралы банктің Бүкіләлемдік жинақ күніне орай ұйымдастырылған баспасөз турында белгілі болды.

Қазақстан • 01 Қараша, 2018

Мәжілісте үшжылдық бюджет мақұлданды

Палата Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2019-2021 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» заң жобасына қолдау білдірді.

Күрес • 01 Қараша, 2018

Алтын қайда? Алтын!

Күні кеше ғана Будапештте аяқталған әлем чемпионатының нәтижелерін сараптай келе, Қазақстанның еркін және грек-рим күресі шеберлерінің өнеріне «қанағаттанарлық» деген баға беруге болады. Біздің балуандар үш жүлдеге иелік етті: бір күміс және екі қола. Бүгінгі таңда спорттың бұл түрлерінде мықты бәсекелестіктің белең алып тұрғанын ескерсек, осының өзі тәуір табыс. Ал әйелдер күресінен өткен жарыста қатарынан екінші рет қоржынымыз бос қайтты. Әрине, бұл жағдай бізді алаңдатып отыр. Енді осы және өзге де мәселелерді рет-ретімен баяндайық.  

Әдебиет • 01 Қараша, 2018

Кемел қаламгер келбеті

Қазақтың қадірлі қасиетін әспеттеу  ісінде қолы таза, жаны жомарт тұлпар текті ұлт жанашыры қай дәуірде де халқына қалтқысыз қызмет еткен. Бұл  арқауын үзбей  жалғасып отырған. Солардың ішінде  ірілігімен көрінгендер ел тарихында  ешқашан елеусіз қалған емес. Иә,  Александр Пушкин  заманында  оны он орап алам дегендер  аз болмаған көрінеді. Бірақ  тарих таразысы асыл мен жасықты  теңшеп телқоңырын тепсең емес, шыңға шығарған. Сол шыңнан бір мысқал да түсірмеуге ант байласқан.

Руханият • 01 Қараша, 2018

Тілшілер бес жүзге, тиражы жиырма бес мыңға толсын!

1925 жылы «Еңбекші қа­зақ» газетінің №407 санын­да жарияланған қыс­қа ға­на бұл мақа­ладан сол кез­дегі ел өмірі туралы бі­раз ақпарат алуға болады. «... саны 6 миллион ша­маланған қа­зақ елінің...» деген сөй­лемнің өзі Ахаң айтқан «Әлхамдулла, алты мил­­лионбызын» нық­тап өткендей. Газеттің 4 жыл­дық мерекелік санына орай жазылған мақаланың авторы «Сарықұлұлы» деп көр­сетіліпті. 

Руханият • 01 Қараша, 2018

Олар асылдың сынығы еді

Биыл дала данышпаны атанған Шәкәрім қажының туғанына 160 жыл толды. Өкінішке қарай, осыдан он жыл бұрынғыдай емес, мерзімді баспасөзде «қазақтың бас ақыны» (Ахмет Байтұрсынов) Абайдың ақындық мектебінің басты шәкірті туралы мақалалар әзірге аздау болып тұр. Сол олқылықтың орнын толтыру мақсатымен бергі ұрпақ көзін көріп үлгерген қажының ұлы Ахат ата мен немересі Мереке аға туралы сөз қозғағанды жөн көрген едік. Сонымен...

Руханият • 01 Қараша, 2018

Кірме сөздерді меңгеріп жазуды ескеруіміз қажет

Латын графикасына негіз­­­делген жаңа әліпбиге көшудің тілтанымдық артықшылықтарын ескеруіміз қажет. Бұл, әсіресе білім беру жүйесінде латынграфикалы қазақ тілінің емле ереже­сін меңгертудің оң нәтижесін береді деген сенімдеміз. 

Руханият • 01 Қараша, 2018

«Қазақтанудың» қарышты қадамы

Биыл Ассамблеяның көктемгі сессия­сында ұсынылып, Елбасының, қа­ты­су­шылардың тарапынан қызу қолдау тап­қан «Қазақтану» жобасы жазда, маусым айының 25-і күні халыққа жол тарт­ты. Ақмола облысының Бурабай ауданында, қасиетті Абылай хан алаңында, «Еге­мен Қазақстан» жазғандай, «Қазақ­та­ну­дың қазығы қағылып», тұсауы ке­сілді.

Қазақстан • 01 Қараша, 2018

Энергетика саласы цифрлануда

Энергетика министрлігі мұнай-газ бен уран, электр энергетикасы және экология секторларын цифрландыру аясында «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының іс-шаралар кешенін әзірлеу үшін саладағы бизнес өкілдері арасында сауалдама жүргізді. Министрліктің арнайы брифингінде осы сауалдама нәтижесі туралы айтылды.