Медицина • 05 Қыркүйек, 2018
Зағип жандар смартфонды меңгеруде
Алматыдағы зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана қызметкерлері қала маңында тұратын мүмкіндігі шектеулі жандарды қажетті кітаптармен қамтамасыз етуде жүйелі жұмыстарды жолға қойған. Әр аптаның сәрсенбі күндері кітапхана мамандары белгілі мекенжайлар бойынша тапсырыс берілген әдебиеттерді оқырмандарға жеткізіп тұрады. Бүгінде кітапхананың оқырмандары 2 мыңнан асатын болса, үйден тапсырыс беріп оқитындар саны – 45.
Аймақтар • 05 Қыркүйек, 2018
Жабағылының демалушылары жабырқау
Табиғаты таңғажайып Түлкібас ауданындағы атақ-даңқы көпке мәлім «Ақсу-Жабағылы» шипажайында шілде айының бел ортасында демалып, ем қабылдаудың сәті түсті. Бұдан бұрын да бұл демалыс орнында бірнеше рет болғанмын. Биыл барғандағы шипажайдағы бір өзгешелік – бұл емдеу орны сауықтыру және қалпына келтіру деген қосымшамен толықтырылып, жеке кәсіпкердің қарамағына өтіпті. Иә, жекешелендіру мемлекетіміздің бүгінгі талабына сай қолға алып отырған негізгі міндеттердің бірі. G M T Определить языкАзербайджанскийАлбанскийАмхарскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГавайскийГаитянскийГалисийскийГолландскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКиргизскийКитайский ТрадКитайский УпрКорейскийКорсиканскийКурманджиКхмерскийКхосаЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийЛюксембургскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалаяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепальскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийПуштуРумынскийРусскийСамоанскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСиндхиСловацкийСловенскийСомалийскийСуахилиСунданскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФилиппинскийФинскийФранцузскийФризскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийШонаШотландский (гэльский)ЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский АзербайджанскийАлбанскийАмхарскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГавайскийГаитянскийГалисийскийГолландскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКиргизскийКитайский ТрадКитайский УпрКорейскийКорсиканскийКурманджиКхмерскийКхосаЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийЛюксембургскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалаяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепальскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийПуштуРумынскийРусскийСамоанскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСиндхиСловацкийСловенскийСомалийскийСуахилиСунданскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФилиппинскийФинскийФранцузскийФризскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийШонаШотландский (гэльский)ЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский Звуковая функция ограничена 200 символами Настройки : История : Обратная связь : Donate Закрыть
Қазақстан • 05 Қыркүйек, 2018
Қаражыра көмірі қайда жөнелтілуде?
Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов шаһарды жылумен қамту маусымы алдында «Қаражыра» ЖШС-інде болды. «Қаражыра» ЖШС-нің бас директоры Марғұлан Мақышевтың айтуынша, кеніште көмір қоры жеткілікті болғанымен соңғы екі айда қатты отынды таситын вагондар жетпей жатыр. Ал қыр астында қылышын сүйретіп қыс келеді.
Қазақстан • 05 Қыркүйек, 2018
Нұрлан Нығматулин Мәжілістің басты міндеттерін атады
Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин жаңа сессия барысындағы басты міндеттерді атады.
• 05 Қыркүйек, 2018
Ерлерді ел де, жер де ұмытпайды (Әшір Бүркітбаев туралы)
Қазақ тарихындағы қасіретті кезеңнің бірі отыз жетінші жылдың қызыл қырғынында жазықсыз құрбан болған Алаш арыстарының ішінде Әшір Бүркітбаев та бар еді. Ол Әулиеатаның Сарысу ауданы Жон өңіріндегі Қаратас ауылында дүниеге келген. Қазақтың барлық тағдырлы азаматтары сияқты Әшір де жастайынан жетім қалып, қиянат көреді. Ағасы Досай екеуі бай-манаптың малын бағып күнелтеді. Алайда байдың озбырлығына шыдамаған олар 1919 жылы қашып шығып, Ташкент қаласына бара жатқан саудагер-арбашыларға ереді.
Тарих • 05 Қыркүйек, 2018
Ақтауда Сафи Өтебаевқа бюст қойылды
Дала төсінен қара алтын дариясын игеріп, ел ырысын еселеп жүрген маңғыстаулық мұнайшылардың көшбасында тұрған тұлғалардың бірі – Сафи Өтебаев. Даңқты мұнайшының есімі мен ерен еңбегін мұнайшылар ғана емес, барша маңғыстаулықтар құрметпен атап, ықыласпен еске алады. Қазақстан Республикасы Конституциясы күні және Мұнай-газ кешені қызметкерлері күніне орай Ақтауда «Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамының еңселі ғимараты алдына Сафи Өтебаевтың көрікті кеудемүсіні қойылды.
Ауыр атлетика • 05 Қыркүйек, 2018
Толағайлар қатары толығып келеді
Қазақстан ауыр атлетикасының өрлеу кезеңі Қайрат Тұрлыхановтың есімімен тығыз байланысты. Іскер басшы республикалық федерацияның тізгінін ұстаған жылдары отандық зілтеміршілер халықаралық аренада орасан зор табысқа қол жеткізіп, түрлі-түсті медальдарды «күреп» алды. Талай алпауыттардың шаңымызға ілесе алмай, артымыздан сығалап қалғаны да күні кеше ғана еді. Тіптен, Олимпия ойындары мен әлем чемпионаттары секілді мәні зор, мәртебесі биік, бәсі бөлек байрақты бәсекелердің командалық есебінде Қазақстанның ұлттық құрамасы үнемі үздік үштіктің қатарында жүрді.
Қазақстан • 05 Қыркүйек, 2018
Бүгін «Сарыарқа» бағыты экспедициясы өз мәресіне жетті
Бүгін «Сарыарқа» бағыты экспедициясы өз мәресіне жетті. 20 тамызда басталған экспедиция 16 күнге созылды. Осы уақытта қатысушылар 4000 шақырымнан астам жолды еңсеріп, төрт ұлттық табиғи саябақта болып қайтты.
Қазақстан • 05 Қыркүйек, 2018
Данияр Елеусінов: Риода жеңіске жетпесем, Токиоға барарым сөзсіз еді
Қазақ боксында Данияр Елеусінов атты саңлақ бар. Ойын еркін айтатын, әдемі қалыпқа салып қоюға көне бермейтін жампоз жігіт. Қазір кәсіпқой бокста тамаша өнер көрсетіп жүр. Жеңіс – ең әуелі адамның өзі үшін керек, ал қазақтың осы сайыпқыраны бар жетістігін қазақ атымен байланыстырады. Мен жеңдім демейді, ұлтымның жеңісі дейді.
Білім • 05 Қыркүйек, 2018
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қазақ, орыс және ағылшын тілінде 21 кітап шықты
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қазақ, орыс және ағылшын тілінде 21 кітап шықты. Олардың қатарында оқу орнының ғалым-ұстаздарының монография, оқулықтары мен оқу құралдары бар.