Қазақстан • 30 Тамыз, 2018
Түркістан облысында 184 оқу ошағын салу қажеттілігі туындап отыр
Ақтөбе • 30 Тамыз, 2018
Сыртқы сәулеті мен ішкі сәні келіскен
Жаңа оқу жылы балалар үшін де, ата-аналар үшін де айтулы кезең. Қуанышты сәт. Білім күні жаз бойы алаңсыз демалып, жүздерін күн қаққан оқушылар сыртқы сәулеті мен ішкі сәні келісім тапқан мектеп ғимараттарының есігінен енсе қуаныш одан әрі еселене түспек. Осы орайда биыл облыста 15 жаңа мектептің құрылысы аяқталады деп күтілуде. Соның ішінде 8 білім шаңырағының салтанатты түрде ашылу рәсімі Білім күніне тұспа-тұс келіп отыр. Ал қалған 7 мектеп жыл аяғына дейін пайдалануға берілмек.
Білім • 30 Тамыз, 2018
Кеше Астанадағы Орталық коммуникациялар қызметінде жаңа 2018-2019 оқу жылына дайындық туралы баспасөз мәслихаты өтті. Шараға Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев, вице-министр Асхат Аймағамбетов қатысты. Жиын барысында министр өткен жылы Елбасы, Үкімет білім саласына, жастарымыз бен ұстаздарға ерекше назар аударып, біршама маңызды мәселе шешілгенін атап өтті.
Білім • 30 Тамыз, 2018
Еліміздегі мектептер Білім күніне арналған салтанатты жиынға дайындалып жатыр. Жаңа оқу жылына қатысты әрбір қадам мемлекеттің жіті қадағалауында. 2018-2019 оқу жылында Қазақстанның 7024 мектебіне 3 млн-нан астам шәкірт бармақ. Оның ішінде 350 мың бүлдіршін мектеп табалдырығын алғаш рет аттайды.
Ақтөбе • 30 Тамыз, 2018
Қазақстан • 30 Тамыз, 2018
Сана жаңғыруы әліпби жаңғыруынан басталады. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен Алматыда өткен «Латын әліпбиіне көшудің ғылыми-ұйымдастырушылық міндеттері» атты республикалық семинар кеңесте кеңінен айтылды. Жетекші лингвист ғалымдар мен зиялы қауым өкілдері бас қосқан жиында латын әліпбиіне көшудің маңызды мәселелері талқыланды.
Әдебиет • 30 Тамыз, 2018
Қазақстан • 30 Тамыз, 2018
Маңғыстау аудандық Жастар орталығының бастамасымен 30 тамыз – Конституция күніне орай «Заң және заман» акциясы ұйымдастырылды.
Қазақстан • 30 Тамыз, 2018
Мемлекеттің мызғымас темірқазығы
Ата Заң – мемлекеттік биліктің қайнар көзі. Қазақстан жаңа Конституция қабылдау арқылы жаңа дәуірге қадам басты. Конституцияны қабылдау кезінде жүргізілген референдум егеменді еліміздің дербестігі мен саяси тұрақтылығын сипаттаған бірден-бір тарихи оқиға болды.
Қазақстан • 30 Тамыз, 2018
Ежелден ел арасында «Хан болсын, ханға лайық заң болсын», «Бүтін хандыққа Есім хан жеткен, бүтін билікке Төле би жеткен», «Қаз дауысты Қазыбек би айтыпты», «Әйтеке би айтқан сөз екен» – деген қағидалы тіркестер ауыздан-ауызға көшіп күні бүгінге дейін жеткен. Осының өзі қазақ мемлекеттілігі мен оның құқықтық ел билеу тарихының тамыры тереңде жатқандығын айқындайды.