Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
61075 материал табылды

01 Ақпан, 2019

Титан өндірісіндегі тың жаңалық жаңа бағытқа жол ашады

Ғалымдар үйінде тұсауы кесілген тың жаңалықты мамандар отандық ғылымдағы соны жетістік деп бағалап отыр. «Титанның қышқыл су ерітінділеріндегі постэлектролиздік химиялық еру құбылысы» ғылыми жаңалығы осы уақытқа дейін беймәлім болып келген. 

01 Ақпан, 2019

Қарулы Күштерде құқық бұзушылықтар азайды

Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстан Қарулы Күштерінің өткен жылғы жұмысының қорытындыларына арналған баспасөз мәслихатында Қорғаныс министрінің орынбасары Талғат Мұхтаров әскердегі құқық бұзушылықтардың 9 пайызға төмендегенін мәлімдеді.

01 Ақпан, 2019

«ҚазТрансГаз» елдің қолын ұзартып отыр

Мемлекет басшысы ірі стратегиялық маңызы бар «Бейнеу – Бозой – Шымкент» магистральды газ құбыры жобасын іске асыруға пәрмен бергелі жел өтінде әбігерге түсіп отырған шалғайдағы жұрттың жағдайы оңала бастады. Ұзындығы 1475 шақырым болатын газ құбыры Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда және Түркістан облыстарынан өтетіндіктен мұндағы елдің алабөтен қуанышын көз алдыңызға елестете беріңіз. Елбасының тікелей бастамасымен қолға алынған жоба бойынша бүгінде облыс халқының 64 пайызы, Қызылорда қаласының 95 пайызының табиғи газға толығымен қолы жетті.

01 Ақпан, 2019

Қоғамның тең мүшесі болғымыз келеді...

  Мүмкіндігі шектеулі адамдардың қоғамнан тыс қалмауына бүгінде мемлекет тарапынан едәуір көңіл бөлініп келеді. Елбасы әр Жолдауында мүмкіндігі шектеулі жандар үшін Қазақстанда кедергісіз орта құру керектігін айтады. Дей тұрғанмен, кейбір мәселенің көлеңкелі жақтары да жоқ емес.

01 Ақпан, 2019

Халықаралық құжаттар қабылданды

Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен палатаның жалпы отырысында еліміздің халықаралық ұйымдармен өзара байланысына қатысты төрт заң жобасы қабылданды. 

01 Ақпан, 2019

Трилогияның тұсаукесері

Ұлттық академиялық кітапханада Мемлекеттік сыйлықтың лау­реаты, жазушы Әнес Сарайдың «Еділ-Жайық» трилогиясының тұсаукесері өтті. Кітап Атырау облысының қолдауымен жарыққа шыққан. Жиынға Төлен Әбдік, Қойшығұл Жылқышиев, Сауытбек Абдрахманов, Алтыншаш Жағанова, Ғарифолла Есім, Қуаныш Жиенбай, Серік Негимов сияқты белгілі жазушылар мен журналистер қатысты. 

01 Ақпан, 2019

Талқыланған жоба – табанды еңбек

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгінде тұжырымдамасы қоғамда қызу талқыланып жатқан «Педагог мәртебесі туралы» заң жайлы «Бұл құжат мұғалімдер мен мектепке дейінгі мекемелер қызметкерлері үшін барлық игілікті қарастырып, жүктемені азайтуға, жөнсіз тексерістер мен міндеттен тыс функциялардан арашалауға тиіс құжат болуы керек», деп мұғалім үшін маңызды құжатқа бүкіл ел болып мән беру керектігін айтқан болатын. 

31 Қаңтар, 2019

Қазақстанда өндірілген күнбағыс майы Қытай нарығына шығады

«KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы күнбағыс майының қазақстандық өндірушісі «Сей-Нар» өндірістік кешені» ЖШС-не (Шығыс Қазақстан облысы) «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ алдындағы екі миллиард теңге міндеттемелері бойынша кейіннен экспортқа шығарылатын, тазартылмаған өсімдік майын өндіру үшін шикізат (күнбағыс) сатып алу мақсатында алынған банк қарызын сақтандыру арқылы қолдау көрсетті.