Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
90785 материал табылды

Кино • 21 Тамыз, 2018

«Тақиялы періштені» төрткүл дүние көреді

«Қазақфильм» киностудиясы ТМД мен Шығыс Еуропадағы ең ірі халықаралық онлайн-кинотеатр MEGOGO арқылы отандық киноларды интернет желісінде көрудің мүмкіндігі қарастырылған келісімшарт туралы ресми хабарлады. 1 қыркүйектен бас­тап Қазақстан студиясының жүзден астам ө­німін бүкіл әлемнің ғаламтор қолдану­шылары тамашалай алады.

Қазақстан • 21 Тамыз, 2018

Жаңа жобаларды меңгеріп жатыр

«Цифрлы Қазақстан» бағ­дар­ламасына орай «Электрон­ды үкімет және мемлекеттік электрон­ды қызмет» атты оқу курс­тары жер-жерлерде ұйым­дас­тыры­лып жатқаны бар­ша­ға мәлім.

Өнер • 21 Тамыз, 2018

Шындық жұтқан тағдыр

Қазақстан • 21 Тамыз, 2018

Шариғат жайлы шығарма

Өткен апта соңында Қостанай об­лыс­тық Алтынсарин атындағы мемо­риалдық музейі елорда төрінде көрме ұйымдастырды.

Өнер • 21 Тамыз, 2018

Бұқар жырындағы бүгінгі тұрпат

«Абайдың өзге ақындармен сөз жарыстыруынан» оқы­ғаным бар-тын. «Ханым – сен, қарашың – мен, басы­байлы, Ханы жақсы болса, қарашысы жасымайды. Жаманға жақсы қолы ұжымақтай, Әлханжан, бері таста насыбайды» дегенін. Мұны еске түсірген – жазушы Мағауиннің бер­тіндегі бір жазбасы. «Қараша халық емес, дұры­сы қарашы» деп еді. Кеше қарасам, Бұқар жырауда да жүр «қарашы» деп. Абайды түсінбеген қазақ Бұқарды оқып жарыта ма?!

Өнер • 21 Тамыз, 2018

Торғын Тасыбекова: Тұлғалар тәлімін көп көрдім

«...Бірде театрға қарай бағыт түзеп, өнер ошағының маңайындағы  көшеде келе жатыр едік, әдемі көйлек киген қыпша бел ару жүргіншілер жолын асыға кесіп өтіп, аялдамаға қарай жүгірді. Қас пен көздің арасында бұлтты аспаннан жарқ етіп шыға келген жарық күндей маңайына шуақ шашқан сұлу бейне қос студенттің көңілін әп-сәтте нұрға бөлеп үлгерді. Қасымдағы серігім теңдессіз тартымды жаратылыстан көз алмай, сол тұрған қалпы орнында қатып қалыпты. Ал мен болсам: «Сірә, актриса деген осындай болса керек» деп іштей ой түйіп үлгердім...».  Студент шағының естен кетпес әсерлі естелігін осыдан бірнеше жыл бұрын ұстазымыз, театр сыншысы Әшірбек Сығай дәріс үстінде нақышына келтіріп баяндап бергені бар еді. Әр әңгімесін әдемі әзіл мен керемет көркемдікке құрып, суреткерлік қиялмен қызықты жеткізер сыншы баянынан кейін-ақ бұл актрисамен жалқы сәт жүздесіп, пікірлесуге ынтыққанбыз. Болашақ театр төрешісінің көңілінде сол кезде-ақ ұмытылмас әсер қалдырған әсем ару –  бүгінде «Қазақстанның халық әртісі» құрметті атағына ие болған актриса Торғын Тасыбекова, ал сұлулыққа сұқтана көз тіккен сырбаз бозбала – театр өнерінің тарлан таланты Әшірәлі Кенжеев болатын.

Қазақстан • 21 Тамыз, 2018

Біржан сал еліндегі салтанат

– Тоқсан жылдық той құтты болсын! – Той тойға ұлассын! Ел аузындағы сөз, ақжарма тілек осы. 

Аймақтар • 21 Тамыз, 2018

«Тараз» қонақүйі жатақханаға айналады

Қай өңірде болсын, студенттер жатақханасы – басты мәселе. Арман арқалап ауылдан келген жастардың біразы негізінен туыстарының үйін паналап немесе пәтер жалдап күнелтеді. Жатақхана біріне берілсе, енді біріне бұйырмай жатады. Мыңдаған студенттің бәрін бірдей жатақханамен қамту мүмкін болмаса да, Жамбыл жеріндегі жақсы бастамалар жастардың үмітін үкілеп, сенімін нығайта түсуде.

Медицина • 21 Тамыз, 2018

Отандық онкогематология орталығы қалыптасты

25 жыл бұрын белгілі академик Камал Ормантаев пен профессор Күлән Омарованың басшылығымен, «КЭР-Германия» қайырымдылық ұйымымен ынтымақтастық аясында «Бөбек» балалар қорының төрайымы Сара Назарбаеваның қолдауымен Педиатрия және  балалар хирургиясы  ғылыми орталығы базасында тұңғыш  рет 60 төсек-орынға арналған балалар онкологиясы бөлімшесі ашылған еді.

Қазақстан • 21 Тамыз, 2018

Балалар нейрохирургиясына басымдық берілуде

Еліміздегі нейрохирургия саласы бойынша инновациялардың көшбасшысы, алдыңғы қатарлы ғылыми және клиникалық емдеу орны – Ұлттық нейрохирургия орталығында жылына 3 мыңға жуық жүйке жүйесі дертіне операция жасалады. Таяуда аталған орталықтың басшысы, белгілі дәрігер, Қазақстанның Еңбек Ері Серік АҚШОЛАҚОВПЕН әңгімелескен едік.

Яндекс.Метрика