Қазақстан • 17 Тамыз, 2018
Қазақстан және Германия Сыртқы істер министрлері екі елдің ынтымақтастығын талқылады
Қазақстан Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Германия Сыртқы істер министрі Хайко Мааспен телефон арқылы сөйлесті.
Медицина • 17 Тамыз, 2018
Балаларға лагерь, лагерьлерге қаражат жеткіліксіз
Бүгінде Семей қаласында 41 416 мектеп жасындағы оқушы бар. Бірақ олардың ішінде 2 мыңы ғана қала сыртындағы жаздық лагерьлерде демала алады. Оларға небәрі үш лагерь қызмет көрсетуде. Атап айтсақ, «Түрксібке − 50 жыл» лагері бір маусымда 320 бала қабылдаса, «Радуга» 120 баланы, «Жас қанат» лагері 80 баланы қабылдай алады. Бір маусым дегеніміз − екі апталық демалыс. Сонда есепке алсақ, Семейдегі әр 20 баланың біреуі ғана жазда лагерьде болады деген сөз. Балалардың жаздағы толыққанды демалысы әрқашан күн тәртібіндегі өзекті мәселе. Үш лагерь, әрине жеткіліксіз болып отыр. Ал осы үш лагердің материалдық-техникалық жағдайы тіптен төмендеп кеткен.
Қазақстан • 17 Тамыз, 2018
Елбасы Ильичевка ауылындағы тұрғын үй құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы Қазақстанның басқа өңірлерінен қоныс аударғандарға арналған 14 тұрғын үйдің құрылысымен танысты.
Қазақстан • 17 Тамыз, 2018
Нұрсұлтан Назарбаев «Тайынша май» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне барды
Мемлекет басшысы кәсіпорынның цехын аралап көріп, майлы дақылдарды өңдеудің және тазартылған майды өндірудің технологиялық процесімен танысты, деп хабарлайды Ақорда.
Әлем • 17 Тамыз, 2018
Жаназаның үстіндеміз. Отыздың жуан ортасына енді ғана табан іліктірген азамат ағайын-туыстың отыз омыртқасын опырып, қырық қабырғасын қақыратып өмірден өтті. Және бір өкініштісі, ту сонау Кореяда. Сүйегін жеткізудің өзі қаншама машақат, бейнет болды.
Қоғам • 17 Тамыз, 2018
Халқымыздың қанындағы қайырымдылық, ізгілік қасиеттері, қиналғанға қол ұшын созу, барын бөлісу, жоқ-жітікке қанатымен су сепкен қарлығаштай болып көмекке ұмтылуы бүгінгі ұрпақ бойынан жоғалған жоқ. Бұл ел арасында атымтай азаматтардың еңбектерінен көрініс беруде. Маңғыстау облысында «Атамекен» кіші бағдарламасы бойынша 2017 жылы 59 іс-шара жүзеге асырылып, жалпы қаржысы 11 млрд 4 млн 514 мың теңгені құрады.
Тарих • 17 Тамыз, 2018
ШҚО-да Шәкәрімнің160 жылдығы тойланып жатыр
Абай ауданының орталығы – Қарауыл ауылында ойшыл, ақын Шəкəрім Құдайбердіұлының 160 жылдық мерейтойы кең көлемде аталып өтіп жатыр.
Қазақстан • 17 Тамыз, 2018
Шекарадағы құқық бұзушылық азайып келеді
Биыл Ұлттық қауіпсіздік қызметі Шекара қызметінің құрылғанына 26 жыл толып отыр. Еліміз тәуелсіздік алған сәттен Мемлекет басшысы шекараны белгілеп, мызғымастан күзетілуіне жоғары маңыз берді. Қазыбек би айтқандай, «жерінің шетін жау баспасын деп найзаға үкі таққан» елдің шекарашылары бүгінде Елбасы сенімін, ел үмітін толықтай ақтап келеді.
Бизнес • 17 Тамыз, 2018
Сүт өнімдеріндегі баға теңсіздігі белең алып тұр
Жамбыл облысы негізінен еліміздегі аграрлық аймақтардың бірі. Мұнда асыраушы саланы дамытуға мол мүмкіндік бар. Көбінесе ет пен сүт өнімдерін өңдеуге бағытталған облыста өнеркәсіп өнімдері арасындағы баға теңсіздігі бұл күнде өзекті болып тұр. Мәселен, соңғы алты айда Жамбыл облысы жалпы көлемі 32 миллиард теңге болатын тамақ өнімдерін өндірген. Оның 7326 тоннасы сүт өнімдері екен. Өңірде 17 кәсіпорын осы салаға бағытталған болса, Меркі, Қордай сияқты 8 ауданда сүт өңдеу цехы жұмыс істейді. Аталған кәсіпорындардың өнімдері ішкі нарықта сатылып, сүт өнімдерімен балабақша, аурухана және мектеп сияқты мекемелерді қамтамасыз етіп келеді.
Бизнес • 17 Тамыз, 2018
Ауыл кооперативінің артықшылығы
Ел ішінде отырып ерніңе табиғи азық-түліктің тимегені қиын екен. Аудан орталығындағы азық-түлік дүкендерінде шеттен тасымалданған сүт өнімдері сыңсып тұр. Ал мал сүмесімен күн көріп отырған шаруалардың өнімі неге осы сөрелерге жетпей жатыр?