Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
90785 материал табылды

Қазақстан • 25 Шілде, 2018

Кеншілер 1 миллион тонна көмір өндірді

Биыл Еуразиялық топ (ERG) құрамына кіретін «Еуразиялық энергетикалық корпо­рация» АҚ-тың «Шығыс» кенішіне қ­а­расты жаңа «Шығыс-2» алабының екін­ші кезегі  іске қосылды. Жобаға ин­вес­тициялық бағдарлама шеңберінде 9,3 млрд теңге бөлінді. 

Қазақстан • 25 Шілде, 2018

Депутаттар – ел ішінде

Парламент Сенатының депутаттары Дәурен Әділбеков пен Рашит Әкімов Ақмола облысына жұмыс сапары аясында Президенттің бес әлеуметтік бастамасының орындалу барысымен танысты. Парламентшілер бастаманың әр тармағы бойынша өзекті мәселелерді, пікірлер мен ұсыныстардың топтамасын жинақтауды жоспарлап отыр.

Қазақстан • 25 Шілде, 2018

Ұлттық ұлан делегациясы Түркияда болды

Ұлттық ұлан Бас қолбасшысы, генерал-лейтенант Руслан Жақсылықов бастаған делегация Түркия Республикасында жұмыс сапарымен болды. Сапар түрік ағайындардың шақыртуымен ұйымдастырылып, қызметтік-жауынгерлік әрекетте тәжірибе алмасу, әр салада екіжақты ықпалдастық мәселелерін талқылау мақсатында өтті.   

Медицина • 25 Шілде, 2018

Әскери өмірдің қыр-сырымен танысты

Қарағанды облысының «Спасск» оқу-жаттығу орталығының полигонында елорданың 20 жылдығына арналған «Айбын» төртінші республикалық әскери-патриоттық жастар жиынының салтанатты жабылу рәсімі өтті.

Қазақстан • 25 Шілде, 2018

Қоқыста қомақты қаржы бар

Астана тұрғындары шикізат қабылдайтын эко-пункттерге қоқыс өткізіп, ақша таба алады. Бүгінде елордада «Astana clean time» компаниясының 9 қоқыс қабылдайтын пункті орнатылып, жұмыс жүйелі жолға қойылып үлгерген. Компания оның санын жыл соңына дейін 31-ге жеткізуді жоспарлап отыр. Қоқыстың бір килосы 20 теңге мен 70 теңге арасында бағаланады.

Қазақстан • 25 Шілде, 2018

Алакөлдің инфрақұрылымы жақсарып келеді

Алакөлдің Шығыс Қазақстан ау­ма­ғындағы бөлігіне тынығуға келу­ші­лер қатары кейінгі жылдары күрт көбейді. Бұған соңғы екі жыл мұғ­дар­ындағы қомақты қаржы бөлі­ніп, көл жағасына жүргізілген абат­тан­дыру жұмыстары, демалыс үй­лерінің ретке келтірілгені, автовокзал, сауда орындары, дәмханалар мен ойын-сауық нысандарының салынуы себеп болғаны анық.

Футбол • 24 Шілде, 2018

«Астана» Данияның «Мидтьюлланд» командасын жеңді

Елорданың «Астана» командасы УЕФА Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңі аясында өз алаңында Данияның «Мидтьюлланд» командасын қабылдады, 2:1 есебімен басым түсті.

Қазақстан • 24 Шілде, 2018

Халықаралық сарапшылар шеберлік сабақтарын өткізді

Жуырда «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ «Стартап жобаларды дамыту және нарыққа шығару» тақырыбында шеберлік сабақтарын ұйымдастырды. Шара барысында әлемге халықаралық сарапшылар өздерінің табысты кейстер тәжірибесімен бөлісіп, жаңа жобалар құрудың инновациялық тәсілдерін айтып берді. Шара технологиялық кәсіпкерліктің құзыреттілігін арттыру, технологиялық кәсіпкерлікке қызығушылықты ынталандыру және инновациялық стартаптарды дамыту мақсатында өткізілді.

Президент • 24 Шілде, 2018

Елбасы Шавкат Мирзиёевті туған күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

Яндекс.Метрика