Театр • 16 Наурыз, 2023
«Үйлену»: Күлеміз бе, жылаймыз ба?
«Үйлену оңай, үй болу қиын» дейміз. Алайда жаңа заманда үй болу тұрмақ, үйленудің өзі тым күрделеніп кеткендей. Оны қиындатып жүрген – заман емес, тағы да адамның өзі. Неге? Себебі адамға адамның жағуы үшін төрт құбылаң түгел, қоғамнан ойып тұрып алар өз орның, әлеуметтік мәртебең, қалта толы ақшаң, зәулім сарайың болмаса, бәрі бекер. Сонда қалай болғаны? Бақыттың кілті байлықта ма, әлде шын сүйгеннің риясыз сезімінде ме? Ал арманға жету жолында жағымпаздық пен жалғандықтың жетегіне еріп, ардан аттап кете беру қалыпты құбылыс па? Құрдымға кеткен құндылықтардың қадіріне кім жетеді?..
Театр • 30 Желтоқсан, 2022
Сырттан режиссер шақырып, өзгенің ортаңқол жұмысының өзіне таңырқай таңдай қағып, тамсана қол соғатын «кеңпейіл» қазақ театр әлемі үшін, ашығын айту керек, соңғы бес-он жылдықта Фархад Молдағали есімі жаңалық болғаны анық. Әйгілі режиссер әрі педагог Маман Байсеркенов мектебінен түлеп ұшқан талантты жас қазақ сахна өнерінде шын мәнінде сілкініс тудырып, қайталанбас қолтаңбада қойылған «Қарагөзімен» қалғып бара жатқан қазақ театрын оятты.
Қоғам • 19 Желтоқсан, 2022
Кинотеатрлар мемлекеттік тілді неге шеттетеді?
Көрермен асыға күткен әлемдік блокбастер Джеймс Кэмеронның «Аватар: Су жолы» фильмі 15 желтоқсаннан бастап жалпыхалықтық прокатқа шықты. Қуанышты еселей түскен тағы бір жаңалық – жаһан жанарын жаулаған айтулы туындының Мәдениет және спорт министрлігінің қолға алуымен қазақ тілінде дыбысталуы десек, қателесе қоймаспыз. Алайда ақсарбас айтып, бөркімізді аспанға ата қуанған бұл ғаламат сезімнің дәл премьера күні төбемізден суық су құйғандай бір-ақ сәтте түгесілерін кім білген?..
Өнер • 30 Қараша, 2022
Елордада театр мен тұлға тойы қатар аталып өтті. Астаналық Жастар театрының 15 жылдығы және театрдың негізін қалаушы әрі көркемдік жетекшісі, Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Нұрқанат Жақыпбайдың 75 жасқа толған мерейтойы Арқаның аязды күндеріне шуақ сыйлап, көрермендер үшін шын мәнінінде өнердің үлкен мейрамына ұласты.
Театр • 28 Қараша, 2022
Ертегі десе елең етер көрерменді желтоқсанның 4, 9, 10 және 11-і күндері «Астана Балет» театрында «Қар патшайымы» балетінің премьерасы күтеді. Даниялық жазушы Ганс Христиан Андерсен ертегісінің желісімен қойылатын спектакльдің режиссері – Ресейдің еңбек сіңірген өнер қайраткері, Татарстан Республикасының халық әртісі Георгий Ковтун. Спектакль маэстро Арман Оразғалиевтің жетекшілігіндегі симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен өтеді.
Сұхбат • 27 Қараша, 2022
Нұрқанат Жақыпбай, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты: Өмірімнің кредосы – шеңберден шығу
Астананың тағы бір ақ таңы атты. Таңғажайып театр таңы. Сахнада мүлгіген тыныштық. Жастар театрының ат шаптырым залында ноқаттай ғана қарайған бейне көзге шалынды. Оңашаға оқшауланып алған жалқы сұлба алысқа, тым-тым алысқа көз тігеді. Өзі осында болғанымен, ойы қиянда. Маңайында тіршілік барын әлдеқашан ұмытқан. Тіпті жанына жақындап барсаң да, селт етер емес. Иығына түскен ұзын шашын салалап қойып, терең ойдың құшағында отыр. Тіпті біздің қасына қалай келгенімізді де сезбеді білем, тосыннан шыққан үніміз ойын үркіткендей, сәл тосырқап қалды да, лезде өзін жинап ала қойды. Күлімсірей амандасып, бірден: «Жаңа қойылымның премьерасына дайындалып жатырмыз. У.Шекспирдің «Ромео-Жульеттасы». Бұл қойылым менің Шекспир драматургиясына жасаған тәжірибе-триптихымның түйіні десем де болады. Осыған дейін «Асауға тұсауы» мен «Гамлетін» сараптасам, ендігі кезек «Ромео мен Жульеттаға» келді. Көптен бері көңіл түкпірінде толғантып жүр еді, міне, енді көрерменімен қауышатын да сәт жақындап қалды. Бұйырса, ертең премьера. Спектакльдің сахнаға шығар күні жақындаған сайын менде де маза жоқ. Осылай елден бұрын келіп әуелі дайындық алдында өзім оңаша қалып ойланамын, бұған дейін жасалған жұмыстарға қайтадан көз жүгіртіп, ойша артық-кем тұсын екшеп аламын да, содан кейін актерлерімді шақырамын. Сөйтіп, өзімнің ойым мен олардың түнімен ізденіп дайындалған ізденісін бір арнаға тоғыстырып, содан ортақ шешімге келеміз» деп әңгімесін бастаған режиссер тағы да сахнадан көз алмай, үнсіз қалды. Премьераалды толғаныс һәм толқыныс екенін түсіндік. Санада сайрап тұрған сансыз сауалымызбен килігіп, ойын бөлгіміз келмеді.
Театр • 14 Қараша, 2022
«Жібек жолы» – өнер жәрмеңкесі
Елордада бекзат өнер жанкүйерлері асыға күткен «Жібек жолы» халықаралық музыкалық өнер фестивалі шымылдық түрді. Театр думаны Мұқан Төлебаевтың аңызға айналған «Біржан – Сара» операсымен ашылды.
Өнер • 08 Қараша, 2022
«Астана Балет» Грузияға аттанады
«Астана Балет» театрының Грузия еліне жоспарлаған гастрольдік сапары 14-15 қарашада Тбилисидегі З.Палиашвили атындағы Опера және балет театрының сахнасында өтеді. Гастроль аясында елордалық ұжым «Саломея», «A Fuego Lento» бір актілі балеттері мен «Ұлы Дала мұрасы» концерттік бағдарламасын грузиялық көрермен назарына ұсынады.
Кино • 03 Қараша, 2022
Өткен аптада әйгілі Елисей алабында Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының көмегімен шығарылған фильмдердің көрсетілімі өтті. Іс-шара IV Франциядағы Қазақстан киносы фестивалінің аясында ұйымдастырылды.
Сұхбат • 02 Қараша, 2022
Роза Аманова: Қазақ елін ерекше қадірлеймін
«Мен сені сағынғым келеді». Осы бір сыршыл да әуезді әні арқылы тыңдарманның жүрегіне жол тауып, талай жанның рухани жақынына айналған Роза Аманова тек қырғыз елінің ғана емес, қазақ халқының да шексіз махаббатына бөленіп келе жатқан бақытты әнші. Қазақтың «Сегіз қырлы, бір сырлы» деген теңеуі де дәл осы жанға қаратып айтылғандай. Қырғыз Республикасының халық әртісі, Тоқтағұл атындағы Қырғыз мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, этномузыкатанушы, өнертану докторы, профессор, Қырғызстан бойынша әйелдер арасындағы жалғыз дастаншы, қомызшы, сазгер, әнші, мемлекеттік және халықаралық деңгейдегі байқаулардың жеңімпазы – бір басына мың-сан өнерді тоғыстырған талантты тұлғаның жүрек қылын шертер тағылымды әңгімелері де әсерлі. Астанада өткен Қырғызстанның Қазақстандағы мәдениет күндері аясында талайды тамсандырған өнер иесімен сұхбаттасудың сәті түсті. Әңгімеміздің әлқиссасын да әнші төскейде малы, төсекте басы қосылған бауырлас қос мемлекеттің мызғымас достығы мен тереңнен тамыр тартар тіні бұзылмас туыстығынан бастады.