Соңғы жаңалықтар
Пікір • 24 Қаңтар, 2026
Ұлы мұрат жолындағы өзгерістер
Қызылордада өткен Құрылтайдың шын мәнінде тарихи мәні зор. Бұл елдің келешегін айқындаған келелі отырыс болды.
Құрылтай • 24 Қаңтар, 2026
Реформаның мәні мен қоғамдық маңызы
Сыр еліндегі алқалы басқосу Ұлттық құрылтайдың миссиясын қорытындылады. Бұл жолы жиында өткен кезеңнің нәтижесі таразыланып ғана қойған жоқ, мемлекеттің ұзақмерзімді даму философиясы нақтыланды. Мұнда басты назар «не істедік?» деген сауалдан гөрі, «алдағы онжылдықтарда қандай ел болуымыз керек?» деген стратегиялық пайымға ойысты. Осыған орай қоғам қайраткерлері арасында сауалнама жүргізген болатынбыз.
Пікір • 24 Қаңтар, 2026
Биылғы V Ұлттық құрылтай заман ағымына орай жаңа бағытқа қадам басқан батыл бастамаларымен ерекшеленді.
Аймақтар • 24 Қаңтар, 2026
Б.Нұржанов атындағы Екібастұз МАЭС-1 стансасында құны 29,1 млрд теңгеге жаңа түтін мұржасын салу бойынша ірі инвестициялық жоба жүзеге аса бастады. Аталған кәсіпорын отандық энергия өндірісінің бестен бірін беріп отыр.
Экспорт • 24 Қаңтар, 2026
Күнбағыс майының экспорты артты
Еліміз былтыр күнбағыс майын экспорттайтын әлемдегі жетекші он елдің қатарына кірді. Ендігі меже – 2028 жылға қарай алғашқы үштіктің біріне айналып, май-тоңмай саласы өнімдерінің экспорт көлемін 1 млрд АҚШ долларынан асыру.
Ауыл • 24 Қаңтар, 2026
Шекара маңындағы ауылдар қайта өркендеу кезеңіне аяқ басты
Кейінгі кезде шекаралық аумақтарды дамытуға ерекше көңіл бөліне бастады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында шекара маңындағы бұрынғы төрт аудан қалпына келтірілді.
Пікір • 24 Қаңтар, 2026
Цифрлық трансформацияның жаңа кезеңі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдағы цифрландыру мен жасанды интеллектіге қатысты айтқан пікірі еліміздің технологиялық бағытын айқындайтын маңызды бағдар болды.
Технология • 24 Қаңтар, 2026
Суперкомпьютердің мүмкіндігі мол
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде әлемдегі үздік 600 суперкомпьютердің бірі орналасқан. Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті, академик Асқар Жұмаділдаев осы суперкомпьютердің жоғары технологиялық әлеуетін пайдаланып, ең күрделі математикалық есептерді шығара бастады.
Ғалам ғажаптары • 24 Қаңтар, 2026
Францияның «Alice and Bob» компаниясы кванттық компьютерлерде жиі кездесетін қателікті азайтудың жаңа тәсілін ұсынды.
Басылым • 24 Қаңтар, 2026
Басқа басылымдардан: Қазақстан мен Өзбекстан Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қойды
Орталық Азияның екі ірі мемлекеті АҚШ президенті Дональд Трамп құрған Бейбітшілік кеңесінің құрамына енді.
Білім • 24 Қаңтар, 2026
Жоғары білімге ЖИ-ді енгізу нені өзгертеді?
Отандық жоғары оқу орындарындағы бағдарламаның басым бөлігі жаңартылды. Бүгінде 95 университет жасанды интеллект бойынша пәндерді енгізді. Бұл студенттерге не береді? Ал Цифрландыру және жасанды интеллект жылын науқанға айналдырмай, нәтижелі өткізуге жоғары білімде нақты қандай жұмыс қолға алынып отыр? Осы және өзге де сұрақтар Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында қаралды.
Әлем • 24 Қаңтар, 2026
Соғыста да адамзаттық қағидаттар сақталуы шарт
Кеше халықаралық гуманитарлық құқыққа саяси бейілділікті күшейту жөніндегі жаһандық бастаманың алты негізін қалаушы мемлекет 2026 жылдың төртінші тоқсанында Иордания Хашимит Корольдігінде соғыс кезінде адамзаттық құндылықтарды сақтауға арналған жоғары деңгейлі конференция өтетінін жариялады.
Мәдениет • 24 Қаңтар, 2026
Кітап қорын толықтыруда нені ескеру керек?
Қызылордада өткен Ұлттық құрылтайдың V отырысында рухани түйінді тақырыптар да көтерілді. Мемлекет басшысы қай кезде де қоғамды кітап оқуға үндеп келеді. Астана мен Алматыда президенттік кітапханалардың құрылысы басталатынын айтты. Ұлттық құрылтайдағы тағы бір жаңалық – Үкімет елдегі кітапханалардың кітап қорын толықтыру мақсатында арнайы комиссия құруы мүмкін. Құрылтай аясында өткен жиында Вице-премьер – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева кітапханаларда оқырман сұранысын өтейтін кітаптар аз екеніне тоқталды. Осы орайда кітапхана қорын көбейту туралы сол саланың мамандарына сұрақ жолдаған едік. Кезекті қонақтарымыз – Ұлттық кітапхана директоры Ғазиза Құдайберген, Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасының директоры Баян Уатаева, Жамбыл атындағы жасөспірімдер кітапханасының директоры Бану Дәулетбаева, Арқалық қаласы орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры Дәмет Құсайын.
Әлем • 24 Қаңтар, 2026
АҚШ Президенті Дональд Трамптың бастамасымен құрылған Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына жиырмаға жуық ел қол қойды. Швейцарияның Давос қаласында өткен қол рәсіміне Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та қатысты.
Білім • 24 Қаңтар, 2026
Елімізде халықаралық ғылыми серіктестік кеңейіп келеді. Биыл Астанада Оксфорд университетінің зерттеу институты жұмысын бастайды. Онда студенттер мен зерттеушілерге оқыту, тәжірибе алмасу, ғылыми зерттеулерге қатысу мүмкіндігі ұсынылады. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек 24.kz телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеді.
Саясат • 24 Қаңтар, 2026
Мәдени құндылықты сақтау жайы байыпталды
Елордада Мәдениет және ақпарат министрлігінің бастамасымен цифрландыру мен креативті индустрияның дамуы жағдайында ұлттық мәдени кодты сақтау мәселелеріне арналған «Заманауи қоғам және ұлттық дәстүр: үйлесім мен ұстаным» атты республикалық семинар өтті.
Пікір • 24 Қаңтар, 2026
Мемлекеттілік тарихының бедерлі белестері
Қазақ тарихында құрылтай – кеңес құратын жиын ғана емес, халықтың тағдырына, елдік сапасына жауап беретін өлшем. Ол – көшпелі өркениеттің мемлекет басқарудағы даналығы, ұлт болмысының терең философиясы.
Саясат • 24 Қаңтар, 2026
Бизнес және жайлы іскерлік орта
Үкімет басшысы Олжас Бектенов Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру аясында Қаржы министрлігінің фискалдық саясатын жетілдіру мен ақпараттық жүйелерді цифрландыру мәселелеріне арналған кеңес өткізді. Оған орталық мемлекеттік органдар мен өңірлік мемлекеттік кірістер департаменттерінің басшылары қатысты.
Пікір • 24 Қаңтар, 2026
Қызылорда қаласында өткен V Ұлттық құрылтай отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұлт ұпайын түгендеуге бағытталған бастамаларды күн тәртібіне қойып, шешімін күткен түйткілді мәселелерге тоқталды. Соның бірі – күннен-күнге құбылып, ойын ережесі өзгерген халықаралық геосаяси жағдайлар. Дегенмен осы тұрғыда өзгермейтін белгілі қағидаттар бар. Яғни еліміздің көпвекторлы саясаты мен мәмілегерлік, бітімгерлік болмысы алға шығып отыр.
Қаржы • 24 Қаңтар, 2026
Қазына қаржысы мақсатсыз жұмсалмауға тиіс
Мемлекет басшысының бюджеттік тәртіпті нығайту жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында Үкімет экономиканың негізгі салаларындағы қаражатты жұмсау тиімділігіне жүйелі талдау жүргізіп жатыр. Осы ретте Премьер-министр Олжас Бектенов Қаржы министрі Мәди Такиевтің жекеменшік мектептерді қаржыландыру аудитінің алдын ала нәтижелері туралы баяндамасын тыңдады.
Қоғам • 24 Қаңтар, 2026
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылордада өткен Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысында көтерген маңызды мәселенің бірі – қыз алып қашу. Мемлекет басшысы мұндай әрекетті өрескел, жабайы қылмыс деп атады.
Ғалам ғажаптары • 24 Қаңтар, 2026
Италия ғалымдары жаңа буындағы ақылды микрочипті таныстырды. Бұл технология есептеу жүйелерінің энергия тұтынуын бұрын-соңды болмаған деңгейде азайтуы мүмкін.
Жәдігер • 24 Қаңтар, 2026
Кеген ауданында адам қызығарлық «Қара шатқал» деп аталатын туристік нысанда әзірге 2-3 сауда желісі, фотоға түсу аймағы мен бес метрге дейін жарқабаққа шығаратын адреналинге толы экстремалды әткеншек жұмыс істеп тұр. Келешекте бұл аймақта әйгілі әйнеккөпір салынып, «демалушыларға ұмытпастай әсер қалдыратын болады» деген болжам бар. Онымен қоса капсулалы қонақүйлер мен мейрамхана, атпен, велосипедпен серуендейтін арнайы орындар ашылады.
Қоғам • 24 Қаңтар, 2026
Қоғамдық көліктегі «кітапхана»
Кейінгі жылдары Кеншілер астанасының қоғамдық көлігі біршама жаңарды. Соған сәйкес автобустарда «Жол үстіндегі кітапхана» жобасы бар. Терезедегі QR-кодтар арқылы электрондық кітаптарды бүгінде 30 915 жолаушы оқып үлгеріпті.
Өнер • 24 Қаңтар, 2026
Мұнайлы Атырауда 60 жыл бұрын облыстық филармония ашылған. Кейін өнер ұжымына әйгілі актер әрі режиссер Нұрмұхан Жантөриннің есімі берілді.
Қоғам • 24 Қаңтар, 2026
Халық әртісі – филармония директоры
Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасына қарасты Семейдегі Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармониясының директоры болып Қазақстанның халық әртісі, күйші-композитор Секен Тұрысбеков тағайындалды.
Спорт • 24 Қаңтар, 2026
Еліміздің биатлоншылары ақпан айында Италияда алауы тұтанатын қысқы Олимпия ойындарының төрт лицензиясын жеңіп алғаны белгілі. Ал жарысқа нақты кімдердің баратынын жергілікті федерация мен ұлттық құрама бапкерлері анықтауға тиіс. Кеше олар өздерінің кесімді сөзін айтты. Мамандардың таңдауы Азия ойындарының жеңімпазы Владислав Киреев пен Азиаданың күміс жүлдегері Әсет Дүйсеновке, дарынды жастар – Милана Генева мен Айша Рақышева түсті.
Қоғам • 24 Қаңтар, 2026
Жақында «Меркіде кәмелет жасына толмаған спортшылар астан уланды» деген ақпарат тарады. Балалар расында астан уланды ма, басқа себебі бар ма, тиісті мамандар зерттеп жатыр.
Спорт • 24 Қаңтар, 2026
Қатардың бас шаһары – Дохада стенд атудан Азия чемпионаты аяқталды. 10 жүлде жиынтығы сарапқа салынған жарыста еліміздің құрамасы зор табысқа қол жеткізді.
Шахмат • 24 Қаңтар, 2026
Нидерландтың Вейк-ан-Зее қаласында өтіп жатқан шахмат фестивалінде Бибісара Асаубаева үздіктерден қалыспай келеді.