П
Аймақтар • 27 Қараша, 2023
Павлодар облысындағы нысандарды қалпына келтіру қашан аяқталады?
Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов дауылды желдің салдарын жою бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 27 Қараша, 2023
Того Республикасының Президенті Қазақстанға ресми сапармен келеді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 27-28 қарашада Того Республикасының Президенті Фор Эссозимна Гнассингбе Қазақстанға ресми сапармен келеді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 27 Қараша, 2023
Каратэден әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы үздік нәтиже көрсетті
Алматыда «Sadu Arena» спорт кешенінде 33 елден 700-ге жуық спортшы қатысқан киокушинкай-кан каратэден әлем чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 27 Қараша, 2023
Оралда басына кірпіш құлаған әйел қаза болды
Оралда үйдің жанынан өтіп бара жатқан әйел адамның басына кірпіш құлап кеткен. Алған жарақаттарынан ол оқиға орнында жан тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz «Мой город» сайтына сілтеме жасап.
Спорт • 27 Қараша, 2023
Өткен аптадағы қазақ спортшыларының жарқын жеңістері
Спортшыларымыздың өткен аптадағы жеңістері туралы деректер Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 27 Қараша, 2023
Әнші Jah Khalib-тің Өзбекстандағы концертінде жаппай төбелес болды
Қазақстандық рэпер Jah Khalib атымен танымал Бақтияр Мамедовтің Өзбекстандағы концертінде жаппай тәртіпсіздік болды. Концерт күні Ташкенттегі Humo Arena спорт кешеніне мыңдаған адам жиналып, ішке кіру қиынға соққан, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 26 Қараша, 2023
«Ауруханада қалсам бола ма?». Жеті жасар қыз отбасындағы соққыдан кейін үйіне қайтқысы келмеген
Астанада жеті жасар қызды ата-анасы үнемі ұрып келген, салдарынан жеткіншек ауруханаға түсті. Бұл туралы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Instagram желісінде жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Таным • 25 Қараша, 2023
Өмір күшті, өлім одан да күшті – Жүсіп Баласағұн
Афоризм – бір үзік ой, оқыс пікір, оқшау сөз. Афоризм алғаш дүние құбылыстары жөнінде жинақталған білімдерін түйіндеп, пікір білдірудің бір түрі ретінде дүниеге келген. Қазақ афоризмдерінің асыл арнасы да сақ-скиф дәуіріндегі ойшылдар сөздерінен, көне түркі жазбаларынан бастау алады. «Афоризмдер» айдарында бүгін Жүсіп Баласағұнның ойларын ұсындық.
Аймақтар • 25 Қараша, 2023
Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай әуежайын жаңарту жұмыстары жанданды
Облысқа жұмыс сапары барысында көлік министрі Марат Қарабаев аэровокзал мен перрон ғимаратын қайта жаңарту жұмыстарымен танысты. Биылғы жылдың 9 айында әуежай 251 мыңнан астам жолаушыға қызмет көрсеткен. Қазіргі уақытта Қостанайдан Астана мен Алматы қалаларына 19 ішкі рейс жүзеге асырылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қылмыс • 25 Қараша, 2023
Қажылық туризм: Фирма басшысы ұсталды
ІІМ тергеу департаменті қажылық туризмін ұйымдастыру саласындағы алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр, нәтижесінде «Zam Zam Qazaqstan» туристік компаниясының басшысы қажылықты заңсыз ұйымдастырғаны әшкереленді, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz ресми телеграм арнасына сілтеме жасап.
Спорт • 25 Қараша, 2023
Әлемнің үздік каратэ шеберлері шайқасып жатыр
Алматының «Sadu Arena» спорт кешенінде жасөспірімдер, жастар, ересектер, ардагерлер арасында киокушинкай-кан каратэден әлем чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Спорты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 25 Қараша, 2023
Қоян-қолтық ұрыстан әлем кубогінде спортшыларымыз топ жарды
Қарашаның 19-23 күндері аралығында Беларусь мемлекеті Минск қаласында қоян-қолтық ұрыс спортынан әлем кубогі өтіп, Қазақстан спортшылары жеңіс тұғырларынан көрінді, деп хабарлайды Egemen.kz almobl_jogary_sport инстаграм арнасына сілтеме жасап.
Қоғам • 25 Қараша, 2023
Бибігүл Жексенбай: Сенімді күшейткен 365 күн
Уақыттың зымырап өтіп жатқанын байқамай да қаламыз. Қазақстан Президентінің сайлауы деп, Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлау алды бағдарламасын зерделеп, сайлау барысын бақылап, телемарафонда жиналып, тікелей эфирде 16 сағат бойы үміт, сенім, ой-пікірлерімізбен жарыса бөліскеніміз күні кеше сияқты еді.
Үкімет • 25 Қараша, 2023
Инвестициялық ахуалды дамытуға үлес қосқан компаниялар марапатталды
Шетелдік инвесторлар кеңесінің аралық отырысы аясында Премьер-министр Әлихан Смайылов Шетелдік инвесторлар кеңесін және жалпы республиканың инвестициялық ахуалын дамытуға қосқан үлесі үшін компанияларға алғыс хаттар табыс етті, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Үкімет • 25 Қараша, 2023
Өңдеу секторын жедел дамытуға басымдық беріледі – Премьер-министр
Үкімет басшысы Әлихан Смайылов Шетелдік инвесторлар кеңесінің аралық отырысын өткізді. Онда Қазақстандағы инвестициялық ахуалды одан әрі жақсарту бойынша шаралар мен ұсыныстар талқыланды. Премьер-министр Қазақстан Үкіметінің алдында 2029 жылға қарай экономика көлемін $450 млрд-қа, яғни, екі есеге арттыру бойынша ауқымды міндет тұрғанын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Парламент • 24 Қараша, 2023
Нұртөре Жүсіп: Айту да, атқару да маңызды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» атты сайлауалды бағдарламасында Үкімет алдына еліміздің агроөнеркәсіптік кешенін дамыту бойынша бірқатар жаңа міндеттер белгіледі.
Қоғам • 24 Қараша, 2023
Әлем чемпиондары шыққан Қостанай спортынан қайрат кетіп тұр
Қостанай облысының халқымен есеп беру кездесуін өткізген Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Қытайда өткен жазғы Азия ойындарына қатысқан өңір спортшыларының көрсеткіші тым төмен болғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 24 Қараша, 2023
Қазақстан көміртегі бейтараптығына қол жеткізуді мақсат етіп отыр - Президент
Қасым-Жомарт Тоқаев 2060 жылға қарай Қазақстан көміртегі бейтараптығына қол жеткізуді мақсат етіп отырғанын мәлімдеді. Бұл туралы Президент БҰҰ-ның Орталық Азия экономикаларына арналған Арнайы бағдарламасында (СПЕКА) айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 24 Қараша, 2023
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев СПЕКА саммитіне қатысты
Мемлекет басшысы, ең алдымен, Саммитті жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевке алғыс айтып, Орталық Азия елдері басшылары мен жиынға қатысушы құрметті қонақтарға ілтипат білдірді, деп жазады Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Спорт • 24 Қараша, 2023
44 инвестициялық жоба жүзеге асады – министр
Өңірде есеп беру кездесуін өткізген Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Қостанай облысының тұрғындарымен жүздесті, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 24 Қараша, 2023
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев келіссөз жүргізді
Мемлекет басшысы Бакуге жұмыс сапары барысында Әзербайжан Президентімен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Парламент • 24 Қараша, 2023
Мәулен Әшімбаев әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі құрылтайға қатысты
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Орталық Азия елдерінің әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі алғашқы құрылтайына қатысты. Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Түрікменстан елдерінен келген қатысушылар аталған бағыттың даму перспективаларын талқылап, әлеуметтік жобалар мен өндірістерді одан әрі қолдауға қатысты өз ұсыныстарын айтты, деп жазады Egemen.kz.
Парламент • 24 Қараша, 2023
Ерлан Қошанов: Экономиканың болашағы мұнай емес, технология, ғылым мен инновацияда
Президент алдағы жылдарға арналған стратегиялық бағытты нақты айқындап берді. Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстан ең алдымен бәсекелестікке назар аударуға тиіс. Атап айтқанда, логистика әлеуеті, қазба байлықтарын өңдеуді ұлғайту және креативті, цифрлық экономика үшін жағдай жасау қажет. Бұл туралы Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов «Казахстанская правда» газетіне берген сұхбатында атап өтті.
Спорт • 24 Қараша, 2023
Ауыр атлетикадан ӘЧ: Айсамал Сансызбаева күміс жүлдеге ие болды
Гвадалахара қаласында (Мексика) өткен ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Айсамал Сансызбаева күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 24 Қараша, 2023
Терроризм туралы жалған хабар таратқандарға қандай жаза қолданылады?
Ішкі істер министрлігінде терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар бергені үшін қылмыскер қандай жауапкершілікке тартылатыны айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Президент • 23 Қараша, 2023
Президент ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кеңейтілген құрамда өткен сессиясына қатысты
Мемлекет басшысы Минск қаласында өткен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына қатысты. Беларусь Президенті Александр Лукашенконың төрағалығымен өткен саммитке еліміздің басшысымен қатар, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Ресей Президенті Владимир Путин, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон барған, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 23 Қараша, 2023
ҰҚШҰ: Келесі жылы төрағалық тізгін бізге тимек
Минскіде (Беларусь) өтіп жатқан ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев есірткі, қару-жарақ айналымы, трансшекаралық қылмыс және заңсыз миграцияның өсуіне Қазақстан да бей-жай қарамайтынын жеткізді деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сүйеніп.
Спорт • 23 Қараша, 2023
Рахат Бралин мәнерлеп сырғанаудан күміс медаль иеленді
Мәнерлеп сырғанаудан ұлттық құрама мүшесі Рахат Бралин Эстонияда өткен Tallinn Trophy халықаралық турнирінде күміс медаль иеленді, деп хабарлайды Egemen.kz Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 23 Қараша, 2023
9 миллион теңгесі бар сөмкені қолына іле кеткен жолаушы ұсталды
Астана полицейлері көліктен 9 млн теңгесі бар сөмкені ұрлаған жолаушыны ұстады. Жеке такси жүргізушісі Нұра аудандық полиция басқармасына жүгініп, ішіне аталған сомадағы теңге салынған сөмкенің жоғалғанын хабарлаған, деп жазады Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Президент • 23 Қараша, 2023
Мемлекет басшысын Тәуелсіздік Сарайында Беларусь Президенті қарсы алды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты Беларусь Президенті Александр Лукашенко Тәуелсіздік Сарайында қарсы алды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.