ЕС
Спорт • 12 Тамыз, 2023
Шымкентте футбол жанкүйерлері мен ойыншылар төбелесті
Шымкент қаласында өткен футбол матчы кезінде жанкүйерлер мен ойыншылар төбелесіп қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әскер • 11 Тамыз, 2023
Әскери-әуе күштері С-295МW әуе кемесімен толықты
Қорғаныс министрлігі армияның барлық аспектісін дамыту және әскерлерді техникалық жарақтандыру шараларын кешенді түрде жүзеге асырып келеді. Авиациялық парк те жыл сайын жаңа техникамен толығуда. Астана қаласының авиабазасына испандық Airbus Defence and Space компаниясы шығарған жүк көтергіші орташа С-295МW әскери-көлік ұшағы келіп жетті, деп хабарлайды Egemen.kz аталған министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 11 Тамыз, 2023
Мемлекет басшысы Солтүстік Македония Республикасының Сыртқы істер министрін қабылдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ЕҚЫҰ-ның қазіргі төрағасы, Солтүстік Македония Республикасының Сыртқы істер министрі Буяр Османиді қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Абай • 10 Тамыз, 2023
Абайды оқытқан ұстаздың бейіті табылды
Семей қаласындағы ескі мұсылмандар зиратынан Абайдың ұстазы Риза-ат-дин ибн Уәлидтің бейіті табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Абай • 10 Тамыз, 2023
Абай есімі әлемнің бірнеше елінде салтанат құрған
Бүгін Абай Құнанбайұлының туғанына 178 жыл толды. Ұлы ақынның есімі әлемде салтанат құрғандығын бірнеше елдердегі ойшылдың құрметіне арналған көшелер мен ескерткіштер аңғартса керек, деп хабарлайды Egemen.kz.
Абай • 10 Тамыз, 2023
Семей қаласында Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 09 Тамыз, 2023
Қазақстанда 11 медициналық колледж аттестаттаудан өте алмады
Денсаулық сақтау министрлігі медициналық білім беру сапасы бойынша енгізілген талаптар аясында еліміздің 91 медициналық колледжін мемлекеттік аттестаттаудан өткізді, оның 11-і аттестаттаудан өте алмады, деп хабарлайды Egemen.kz аталған министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 09 Тамыз, 2023
Иорданияда күрес түрлерінен әлем чемпионаты өтеді
Тамыз айының 14-20 күндері аралығында Иорданияның астанасы – Амман қаласында 21 жасқа дейінгі спортшылар арасында күрес түрлерінен әлем чемпионаты өтеді. Еркін күрес және грек-рим күресінен еліміздің ұлттық құрама командалары жасақталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 08 Тамыз, 2023
Ақтөбеде есірткі сатқан адам 12 жылға сотталды
30 наурызда Ақтөбе облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Ақтөбе қаласы Сəңкібай батыр даңғылында орналасқан гараж кооперативінің аумағында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, күдіктіні ұстаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 08 Тамыз, 2023
«Үшарал – Достық» жол учаскесінің 90 шақырымы биыл пайдалануға беріледі
Қазір құрылыс жұмыстарының соңғы кезеңі жүріп жатыр, жолдың барлық аумағы бойынша қозғалыс қауіпсіздігі қамтамасыз етілген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 07 Тамыз, 2023
ЕҚЫҰ төрағасы Қазақстанға келеді
11 тамызда ЕҚЫҰ төрағасы, Солтүстік Македонияның Сыртқы істер министрі Буяр Османи Қазақстанға ресми сапармен келеді. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 07 Тамыз, 2023
«Астана емес, Венеция». Көшені су басты, кінәлі кім?
Күні кеше ғана Астанада қатты нөсер жауып, қала көшелерін су басқан еді. Әкімдік өкілдерінің айтуынша, қаланың нөсерлі кәріз жүйесі істен шыққан, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 07 Тамыз, 2023
Солтүстік Қазақстанда инвестициялық жобалар сәтті іске асырылып жатыр
Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барып, Петропавлда 480 орындық көпбейінді облыстық аурухана құрылысының барысымен танысты. Жоба 2020 жылы іске асырыла бастады, бірақ құрылыс материалдарының қымбаттауына байланысты екі жылдан кейін тоқтатылған еді, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР ҰЭМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 07 Тамыз, 2023
Алматыда жерлеу қызметіндегі көлеңкелі бизнестің жылдық айналымы миллиардтарды құрайды – маман
Қазіргі кезде көпшілік арасында бейіттерді сәндеп, жанына марқұмдардың мүсінін тұрғызып, тіпті сол әсемдеу үшін арнайы дизайнерлердің қызметіне жүгінетіндер саны артты. Қысқасын айтқанда, ақырет мекенге де көк тиынсыз кіре алмайтындай жағдай қалыптасып отыр. Бұл бизнес түрінен нәпәқа тауып жүргендер жайлы «Egemen Qazaqstan» газетінің тілшісі Гүлбаршын Айтжанбайқызының мақаласынан оқи аласыздар.
Қоғам • 06 Тамыз, 2023
Алматы облысында жаппай төбелес болып, 17 жастағы жасөспірім қайтыс болды
Алматы облысында жастар арасындағы төбелес болып, 17 жасар жасөспірім қаза тапты. Оқиғаның барлық қатысушылары ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР ІІМ баспасөз қызметі.
Спорт • 06 Тамыз, 2023
Универсиаданың медальдар кестесінде Қазақстан 17-орынға табан тіреді
Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жатқан ХХХІ жазғы универсиадада Қазақстан құрамасы медальдар кестесі бойынша 17-орынға табан тіреді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 06 Тамыз, 2023
Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасына алғашқы жүлде түсті
Түркияның Стамбул қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында еркін күрестен ел қоржынына алғашқы жүлде түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 03 Тамыз, 2023
Ресей Федерациясында коронавирус жұқтырған науқастардың саны артты. Бір күнде 11 мыңнан астам адамның ПТР сынамасы оң нәтиже көрсеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 03 Тамыз, 2023
Қыркүйектен бастап үй жануарлары есепке алынады
Экология және табиғи ресурстар министрлігі Қазақстан бойынша үй жануарларын есепке алу ережелері 1 қыркүйектен бастап күшіне енетіндігі туралы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Теннис • 02 Тамыз, 2023
Александр Недовесов ATP-250 турнирінің ширек финалына шықты
Автрияның Кицбюэль қаласында ATP-250 турнирі өтіп жатыр. Қазақстандық теннисші Александр Недовесов жұптық сайыста бірінші айналымдағы кездесуін өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 02 Тамыз, 2023
Халықаралық турнирде үш балуанымыз жеңіске жетті
Абай облысы Ақсуат ауданында қазақ күресінен өтіп жатқан «Тұғыры биік Тарбағатай» деп аталатын Ырғызбай Досханаұлы атындағы 10-шы халықаралық турнирінде үш қазақстандық спортшы чемпион атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 01 Тамыз, 2023
Астанада мектепке қажет заттар жәрмеңкесі өтеді
Астана қаласының бірнеше ауданында оқушыларды мектепке дайындау үшін жәрмеңкелер ұйымдастырылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 31 Шілде, 2023
Елордада масаға қарсы дезинсекциялық жұмыстар басталды
Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы қала аумағында түнгі уақытта сағат 21.00-ден 04.00-ге дейін 6 тур бойы басқа өңірлерден масалардың көші-қонын болдырмау мақсатында қорғаныс жасай отырып, шыбын-шіркейлерді құрту іс-шараларын өткізеді, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 31 Шілде, 2023
Жүргізуші куәлігін алу үшін емтихан ережесі өзгерді
Енді электрондық үкімет порталы арқылы теориялық немесе практикалық емтихандарды тапсыруға өтініш берерде биометриялық сәйкестендіру рәсімінен өту қажет. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің бұйрығында жазылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 31 Шілде, 2023
Магистратураға тест тапсырған 149 адамның нәтижесі жойылды
Магистратураға кешенді тестілеу басталғалы 23 мыңға жуық адам емтихан тапсырса, олардың 43 пайызы шекті балл жинады. Орташа көрсеткіш – 73 балл. Ең жоғары балл – 130. Бұл аралық мәліметтерді Ғылым және жоғары білім министрлігі жария етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 31 Шілде, 2023
Жүк көлігіне тиелген қарбыз арасынан есірткінің ірі партиясы табылды
ҚР ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті Павлодар облысының полиция департаментімен бірлесіп, жедел-тергеу іс-шараларын жүргізу барысында Қазақстан арқылы өткен героиннің ірі партиясы «транзитінің» жолын кесті, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға • 30 Шілде, 2023
Маңғыстауда ер адам хабар-ошарсыз кетті
Маңғыстау облысындағы Құрық кентінде жоғалып кеткен адамды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 30 Шілде, 2023
Экономика министрі Тұрғызба ауылының тұрғындарымен кездесті
Атырау облысына жұмыс сапары барысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы бойынша салынып жатқан 200 орындық Мәдениет үйінің құрылысымен танысты. Жобаның құны 725 млн теңгені құрайды. Нысанды осы жылдың соңына дейін тапсыру жоспарлануда, деп хабарлайды Egemen.kz аталған министрліктің ресми сайтына сілтеме жасап.
Есірткі • 28 Шілде, 2023
Шығыс Қазақстанда қарасора өсірген азамат ұсталды
Шілде айының ортасында «Қарасора – 2023» жедел-профилактикалық іс шарасын өткізу барысында 42 жастағы облыс орталығының тұрғыны ұсталды. Ол есірткі заттарын заңсыз өсіргені анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Құтқарушы • 28 Шілде, 2023
Ең үздік іздестіру-құтқару иті - Аксель
Ақмола облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағында 2 кинолог және 3 іздестіру-құтқару иті бар, үш иттің ішінде Аксель есімді бельгиялық ит құтқарушылардың мақтанышына айналған, деп хабарлайды Egemen.kz.