ек
Экология • 16 Шілде, 2024
Бурабайда сирек кездесетін өсімдік гүлдеді
Кеше, 15 шілде күні Бурабай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ботанигі Юлия Боссерт күнделікті жұмысы барысында гүлдеп тұрған ақ тұңғиық байқаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 16 Шілде, 2024
Жәнібек Әлімханұлының қарсыласы айқастың өтпеу себебін «ғасыр оқиғасына» теңеді
14 шілде күні WBO/IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлының кезекті жекпе-жегі өтпей қалды. Оған отандасымыздың жұдырықтасу алдындағы салмақ қуу кезінде есінен танып қалғаны себеп болған. Жәнібек Әлімханұлының қарсыласы Андрей Михайлович бұл оқиғаға қатысты пікір білдірді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 15 Шілде, 2024
Биыл 12 мыңнан астам азамат жүргізуші куәлігінен айырылды
15 шілдеде өткен брифингте Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев 2024 жылдың алты айындағы жол қозғалысы ережелерін бұзу статистикасын жариялады. Оның айтуынша, көлікті масаң күйде жүргізу салдарынан 178 жол-көлік оқиғасы болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 15 Шілде, 2024
Жасанды интеллект және инновациялық даму комитетінің төрағасы тағайындалды
Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Олимпиада • 15 Шілде, 2024
Париж Олимпиадасы: Алматыдан алғашқы лек аттанады
ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарына Ұлттық құраманың алғашқы легі Алматыдан аттанады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Кәсіпқой бокс • 15 Шілде, 2024
Жекпе-жек алдында есінен танып қалған Жәнібек Әлімханұлының жағдайы қалай
14 шілде күні Лас-Вегаста кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы жаңазеландиялық Андрей Михайловичке қарсы рингке шығу керек еді. Алайда жеңіліп көрмеген жерлесіміз салмақ қуу барысында қиындыққа тап болып, ауруханадан бір-ақ шықты, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 14 Шілде, 2024
Шілденің екінші жексенбісі - Балық шаруашылығы қызметкерлері күні
Балық шаруашылығы негізінен ауылдық жерлерде өндіріс көлемінің, халықтың табысы мен жұмыспен қамтылуының өсуі үшін әлеуеті жоғары Қазақстан экономикасының маңызды секторларының бірі, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 13 Шілде, 2024
Олжас Бектенов контрафактілік өнімдермен күрес жұмыстарын күшейтуді тапсырды
Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен кеңес барысында сауданы цифрландыру арқылы көлеңкелі экономиканы азайту мәселелері қаралды. Сауда және интеграция, Қаржы, Өнеркәсіп және құрылыс, Ауыл шаруашылығы министрліктерінің атқарып жатқан жұмыстары, сондай-ақ «Атамекен» ҰКП өкілдерінің пікірлері тыңдалды.
Спорт • 13 Шілде, 2024
Жекпе-жек алдында ауруханаға түскен Жәнібек Әлімханұлы тосын мәлімдеме жасады
13 шілдеге қараған түні Жәнібек Әлімханұлы емделуге жатқан АҚШ-тағы медициналық орталықтан шықты, деп хабарлайды Egemen.kz
Өнер • 13 Шілде, 2024
Димаш Джеки Чанның жаңа фильмінің саундтрегін орындады
12 шілдеде Джеки Чанның көптен күткен жаңа фильмі "Аңыз" прокатқа шықты, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 12 Шілде, 2024
Астаналықтарға үйлеріне газ кіргізу үшін 479 мың теңге беріледі
Астанадағы жеке үй тұрғындарына үйлеріне газ жабдықтарын орнату үшін әлеуметтік көмек беріледі, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 12 Шілде, 2024
Жас ғалымдар робот-курьер жасап шығарды
Робот-курьерді Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің жас ғалымдары мен роботтехника және автоматика техникалық құралдары кафедрасының студенттері жасап шығарған.
Спорт • 12 Шілде, 2024
Жәнібек Әлімханұлы кезекті жекпе-жегінен қанша табыс табады
Кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлының 14 шілдеде өтетін жекпе-жектен қанша қаржы табатыны белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Кәсіпқой бокс • 12 Шілде, 2024
«Әлем жылдың үздік нокаутын көреді». Жәнібек Әлімханұлы мәлімдеме жасады
14 шілде күні Лас-Вегаста кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы жаңазеландиялық Андрей Михайловичке қарсы рингке шығады, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 12 Шілде, 2024
Орманға аса қауіпті испан шырышты ұлуы көбейіп барады
Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында 2020 жылы жаз мезгілінде испан шырышының пайда болғаны туралы дабыл түскен екен.
Қоғам • 12 Шілде, 2024
Қымбат Досжан бельгиялық әйел асырап алған Жәнібекке қатысты тосын мәлімдеме жасады
Біраздан бері туған анасын іздеп жүрген бельгиялық отбасы асырап алған Жәнібектің анасына қатысты жаңа мәлімет пайда болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 11 Шілде, 2024
Үкімет басшысы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынған мектепті аралады
Премьер-министр Олжас Бектенов Алматыға жұмыс сапары барысында оқушылар мен студенттердің білім алуына жағдай жасау жұмыстарының барысымен танысты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстандағы оқушы орнының тапшылығы мәселесін шешу бойынша алға қойған міндеттерін орындау аясында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы іске асырыла бастады. Білікті кадрлар даярлау үшін жоғары оқу орындары жаңғыртылып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 11 Шілде, 2024
Қаржылық тұрғыда еңбек демалысына қай айда шыққан тиімді
Еңбек демалысы жыл сайын қызметкерлердің барлығына беріледі. Демалысты қаржылық тұрғыда ұтымды үйлестіру үшін күнтізбеде мерекелік даталар жоқ айды таңдаған жөн, деп жазады Egemen.kz.
Бокс • 11 Шілде, 2024
Танымал боксшы Асланбек Шымбергенов арманын айтты
10 шілде күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Париж олимпиадасында Мемлекеттік туымызды ұстап шығатын боксшы Асланбек Шымбергенов пен жеңіл атлет Ольга Сафроноваға рәмізімізді табыстады. Маңызды кездесуден кейін бокстан Қазақстан құрамасының капитаны Асланбек Шымбергенов арманы туралы сөз қозғады, деп жазады Egemen.kz.
Тарих • 11 Шілде, 2024
Жартастағы суреттер бүгінгі күнге дейін қалай сақталған
«Egemen Qazaqstan» газетінің бүгінгі санында «Таңбалы» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығының директоры Бибігүл Дандығараеваның «Таңбалыдан басталған таңғажайып» атты мақаласы жарияланды.
Экономика • 11 Шілде, 2024
Қазақстанда темекі бағасы қымбаттайды
Елімізде 15 шілдеден бастап темекі бағасы қымбаттайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 11 Шілде, 2024
Маңғыстау тұрғындары аспаннан ерекше құбылысты байқады
9 шілдеден 10 шілдеге қараған түні Маңғыстау тұрғындары аспаннан ерекше жарқыраған құбылысты байқаған. Бұл көріністің суретін маңғыстаулықтар әлеуметтік желілерге жариялаған, деп жазады Egemen.kz.
Кәсіпқой бокс • 11 Шілде, 2024
Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегін қайдан көруге болады
Рингте жеңіліп көрмеген отандасымыз Жәнібек Әлімханұлы 14 шілде Лас-Вегаста кезекті жекпе-жегін өткізеді. Боксшының бұл жолғы қарсыласы жаңазеландиялық - Андрей Михайлович, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 11 Шілде, 2024
Орманды отап жүрген «Семей орманы» филиалының директоры болып шықты
Абай облысында ІІМ мен прокуратура «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты филиалы директорының басшылығымен заңсыз әрекет еткен қылмыстық топты ұстады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 10 Шілде, 2024
Мемлекеттік қызмет көрсету саласын жетілдіру мәселелері талқыланды
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде агенттік төрағасы Дархан Жазықбайдың басшылығымен сервистік мемлекеттік аппаратты қалыптастыру және оның қызметін бюрократиядан арылту мәселелері жөніндегі Консультативтік-сараптамалық топтың кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 10 Шілде, 2024
Париж-2024: Өзбекстан жолдама саны бойынша Қазақстанды басып озды
XXXIII жазғы Олимпиада ойындары Франция астанасы Парижде жалауын желбіретеді. 26 шілде - 11 тамыз аралығында өтетін дүбірлі додаға әзірге әлемнің 197 мемлекеті мен босқындар құрамасы, бейтарап спортшылар қатысады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 10 Шілде, 2024
Тамыз айында ел азаматтары неше күн демалады?
Тамызда елімізде Конституция күні атап өтіледі. Осыған орай ел азаматтарының демалыс күніне тағы бір күн қосылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 10 Шілде, 2024
Қасым-Жомарт Тоқаев Париж Олимпиадасына аттанатын спортшыларға сәттілік тіледі
Ақордада ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарына қатысатын Қазақстан құрама командасының мүшелеріне Мемлекеттік туды тапсыру рәсімі өтті. Жиын барысында Мемлекет басшысы бейбітшілік және ынтымақтастық саясатына еліміздің қашанда бейілді екеніне тоқтала кетті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 10 Шілде, 2024
Президент ұлттық құрама мүшелеріне Мемлекеттік туды тапсырды
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрама спортшыларымен кездесуде Парижде басталатын дүбірлі доданы бүкіл әлем асыға күтетінін әрі оған төрткүл дүние түгел көз тігіп отырғанын айтты. Сонымен қатар үздіктердің үздігі бақ сынайтын байрақты бәсекеге ең мықты спортшыларымыз бара жатқанын атап өтіп, ел намысын қорғау абыройлы міндет екеніне тоқталды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 10 Шілде, 2024
Жұмыс беруші еңбек демалысынан шақырып алуға құқылы ма?
Қызметкерлер жыл сайынғы еңбек демалысына және әлеуметтік демалысқа шығуға құқылы. Еңбек демалысы жұмыс істейтін азаматтардың барлығына беріледі, ал әлеуметтік демалыс тек заңда қарастырылған жағдайларда ғана ұсынылады. Демалыс беру, оны кейінге қалдыру және жұмыскерді демалыстан шақыртып алу жұмыс берушінің бұйрығымен бекітіледі. Десе де қызметкерді еңбек демалысынан кері жұмысқа шақырып алу үшін ол жазбаша түрде келісім беруі керек, деп жазады Egemen.kz.