ек
Экономика • 20 Маусым, 2024
Енді ел азаматтары мерзімі өткен айыппұл үшін артық ақша төлемейді
Бұдан былай айыппұл төлеуді кешіктірген ел азаматтарының мүлкіне шектеу қойылмайды, деп жазады Egemen.kz.
Сенат • 20 Маусым, 2024
Шетелдік өнімдер «отандық» белгімен сатылып жатыр. Мәселе шешіле ме?
Елімізде сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтардың 80 пайызы мемлекеттік сатып алулармен байланысты, оны азайту үшін оқиға болғаннан кейін емес, алдын-ала жұмыс істейтін бақылау жүйесі қажет. Бүгін Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Палата отырысында осындай пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 20 Маусым, 2024
Елімізде 650 мыңнан аса азамат баспана кезегінде тұр
Бүгінде әкімдіктерде баспана алуға кезекте 651 174 адам тұр, деп хабарлайды Egemen.kz Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 20 Маусым, 2024
Елімізде электронды темекіге тыйым салынды
Бүгіннен бастап электронды темекі айналымына кешенді шектеулер енгізетін «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» жаңартылған заң күшіне енді. Енді Қазақстанда вейптерді, сондай-ақ оларға арналған хош иістендіргіштер мен сұйықтықтарды сатуға, әкелуге және өндіруге тыйым салынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Балалар • 19 Маусым, 2024
Биыл 400 мыңға жуық бала мектепке дейінгі дайындықты аяқтайды
Биыл 396 093 бала мектепке дейінгі дайындық ұйымдарын бітіріп, мектепке аттанады, деп жазады Egemen.kz ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 19 Маусым, 2024
Мемлекет басшысы Александр Квасьневскийді қабылдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шығыс, Орталық Еуропа және Орталық Азия елдерінің есірткіге қарсы саясаты жөніндегі комиссиясының төрағасы Александр Квасьневскийді қабылдады, деп жазады Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 19 Маусым, 2024
Меккеде жүрген Қазақстан қажылары аман ба? Мүфтият мәлімдеме жасады
Қажылық миссиясының құрамында 4 дәрігер мен 16 туроператордың әрқайсындағы 1 дәрігер ем-шарамен айналысып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әлем • 19 Маусым, 2024
Меккеде қаза тапқандардың саны 557-ге жетті
Меккеге қажылық сапармен барған 557 адам көз жұмды. Сауд Арабиясындағы қазіргі ауа температурасы 50 градус ыстыққа жетті, деп жазады Egemen.kz.
Сенат • 19 Маусым, 2024
«Ұлттық мүдде» диалог алаңының кезекті отырысы өтті
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың қатысуымен «Ұлттық мүдде» диалог алаңының кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елорда • 19 Маусым, 2024
Астанада екі даңғыл қиылысы жартылай жабылады
Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы тағы бір даңғыл жартылай жабылатынын мәлім қылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аңдатпа • 18 Маусым, 2024
ІІМ детективтік шығармалар байқауын жариялайды
Полиция күні қарсаңында ІІМ «Серт» үшінші республикалық әдеби байқауы өткізілетінін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 18 Маусым, 2024
Биыл Қырғызстаннан 560 млн текше метрден астам су келеді
Биыл суару маусымында елімізге Қырғызстаннан Шу өзені арқылы 180 млн текше метр және Талас өзенімен 380 млн текше метр су келеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шаруашылық • 18 Маусым, 2024
Қырғызстаннан Қазақстанға жөнелтілген шиеден вирус табылды
Қырғызстаннан Қазақстанға тасымалданған шиеден ауру анықталды. Ауыл шаруашылығы министрлігі өнім иелеріне 20 АЕК көлемінде айыппұл салынғанын мәлім етті, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 18 Маусым, 2024
Қазақстанда 8 жаңа мереке пайда болды
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі кәсіби мерекелер қатарын толықтырды, деп жазады Egemen.kz.
Бокс • 18 Маусым, 2024
Жеңіліп көрмеген қазақ боксшысы чемпиондық белбеу үшін жұдырықтасады
Кәсіпқой боксшы, бұған дейін жеңіліп көрмеген Сұлтан Зәуірбек (17-0-0, 12 КО) чемпиондық белбеуді иелену жолында кезекті жекпе-жегін өткізеді, деп жазады Egemen.kz Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
Спорт • 18 Маусым, 2024
Парижде параспортшылар «алтын» және «күміс» еншіледі
Қарағандылық спортшылар паражеңіл атлетикадан Гран-при жүлдегерлері атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 17 Маусым, 2024
Павлодардың автобус жүргізушілері автоматтандырылған медтексеруден өтеді
Елімізде автобус жүргізушілерін рейс алдында медициналық тексеруден өткізудің автоматтандырылған жүйесі іске қосылды, деп хабарлайды Egemen.kz Көлік министрлігіне сілтеме жасап.
Спорт • 17 Маусым, 2024
Грек-рим күресі: Азия біріншілігінде белдесетін балуандар жасақталды
Осы айдың 22-30 күндері Иорданияда күрес түрлерінен 17 жасқа дейінгілер арасында Азия біріншілігі өтеді. Оған грек-рим күресінен қатысатын Қазақстан командасы жасақталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шаруашылық • 17 Маусым, 2024
12 мыңдай шаруаға 2 млрд текше метр су берілді
Суару маусымы басталғалы бері 12 мыңға жуық шаруаға 2 млрд текше метр су берілген. Қазіргі уақытта вегетация кезеңі штаттық кестеге сәйкес өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 17 Маусым, 2024
Президенттің атына Құрбан айтқа орай құттықтау хаттары түсіп жатыр
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Құрбан айт мерекесіне орай шет мемлекеттердің басшылары мен халықаралық ұйымдардың жетекшілерінен құттықтау хаттары мен жеделхаттар келіп түсті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 17 Маусым, 2024
Жолдама иегері: Олимпиадаға қатысуды 11 жасымнан армандадым
Париж Олимпиадасының лицензия иегерінің бірі – каноэ мен байдаркада ескек есу өкілі Мария Бровкова. Ұлттық құрама сапынан ол жолдаманы сәуірде Жапонияда өткен Азия чемпионатында жеңіп алған болатын, деп хабарлайды Egemen.kz Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.
Қоғам • 17 Маусым, 2024
Қазақстанда 352 мыңнан астам адам атаулы әлеуметтік көмек алды
Осы жылы 1 маусымда 66,5 мың отбасындағы 352,2 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Биыл осы мақсатқа бюджеттен 60,8 млрд теңге қарастырылған, деп хабарлайды Egemen.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Білім • 17 Маусым, 2024
Биыл 7420 түлек «Алтын белгі» алды
Осы жылы Қазақстанда 7420 адам «Алтын белгі» алды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 16 Маусым, 2024
Қажылық парызын өтеуге барған 6 адам қаза тапты
Қазіргі уақытта Сауд Арабиясындағы Мекке қаласында 48 градусқа дейін ыстық болып жатыр. Күннің ыстығынан қасиетті мекенге парызын өтеуге барған 6 адам көз жұмды, деп жазады Egemen.kz.
Дін • 16 Маусым, 2024
Бүгін қасиетті Құрбан айт мерекесі басталды
Бүгін әлем бойынша басталған Құрбан айт мейрамы үш күнге созылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Денсаулық • 15 Маусым, 2024
Еліміздің денсаулық сақтау жүйесін дамытудың жаңа кезеңі
Ағымдағы жылдың 16 маусымында бүкіл медицина жұртшылығы кәсіби мерекені атап өтеді. Әрбір медицина қызметкері үшін басты миссия азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау болып табылады. Бұл тапсырманы орындау көп еңбек пен күш-жігерді, жоғары жауапкершілік пен адалдықты, адамгершілік пен қайырымдылықты қажет етеді. Бүкіл ел қазақстандық медицина қызметкерлерінің еңбегін жоғары бағалайды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 14 Маусым, 2024
Жетісулық шаруаларға 150 млн текше метрге жуық су берілді
Жетісулық шаруаларға 148,3 млн текше метр су берілді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Жетісу облысы бойынша «Қазсушар» филиалының директоры Саят Құдайбергенов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тұлға • 14 Маусым, 2024
Гидролог-ғалым Нариман Қыпшақбайұлының 90 жасқа толу құрметіне орай дөңгелек үстел өтті
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым-ұстаз Нариман Қыпшақбайұлының 90 жасқа толу құрметіне орай оқу орны студенттерінің қатысуымен «Қалай кәсіби гидротехник болуға болады?» деген тақырыпта дөңгелек үстел өтті.
Қоғам • 14 Маусым, 2024
Қоғамдық орындардағы тегін Wi-Fi қаншалықты қауіпті?
Кофеханалар мен қонақ үйлерде және қоғамдық орындарда тегін Wi-Fi желісіне қосылу қауіпті. Өйткені хакерлер тегін интернет қолданушылардың жеке деректеріне қол жеткізуі мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz Информбюро агенттігіне сілтеме жасап.
Тұлға • 13 Маусым, 2024
Ол сөйлеп отыр. Ал мен оны үнсіз тыңдаудамын. Осылай сүт пісірілім уақыт өтті. Бір кезде әңгіме иесі екпіндете айтқан сөзін бәсеңдеткендей болды. Сөйтті де: «Бәрі есімде ғой аға, – деді. – Жаз айы. Тау етегіндегі ауыл. Өзен. Балық аулауға бару. Сонда ересек сіздер мені қармаққа ілетін шылаушын іздеттіріп, тыныш таптырмаушы едіңіздер».