Қызылорда
Аймақтар • 15 Ақпан, 2021
Қызылордада темір жол паркі пайдалануға берілді
Бүгін Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары Асқарбек Есжанов облыс орталығындағы абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатқан бірқатар нысандарды аралады. Аралауда алдымен қайта жаңғыртудан өткен Темір жол паркінің салтанатты ашылу рәсіміне қатысты.
Аймақтар • 15 Ақпан, 2021
Қызылордалық оқушылар халықаралық байқаудан қос жүлде алды
Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары халықаралық «World Art Games» онлайн байқауында қос жүлдеге ие болды, деп жазады Egemen.kz
Медицина • 13 Ақпан, 2021
Қызылорда облысында жалпы 735 адам вакцина салдырды
Қызылорда облысында 1-12 ақпан аралығында 735 адам коронавирус инфекциясына қарсы вакцина салдырды. Облыста 3697 адам қатерлі індеттің құрығына ілікті. Олардың арасынан 3574-і сырқатынан құлан-таза айықты, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 13 Ақпан, 2021
«Сыр жұрты» танымдық-пассионарлық жобасы жүзеге асырылады
Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мерекесіне орай облыстық басқармалар мен салалық мекемелер «Рухани жаңғыру» бағдарламасы және «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласы негізінде «Сыр жұрты» танымдық-пассионарлық жобасын әзірледі, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 09 Ақпан, 2021
Қызылорда облысында 520 адам вакцина салдырды
Қызылорда облысында ақпан айының басынан бері 520 адам вакцина салдырды, деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 08 Ақпан, 2021
Қызылордада мұғалімдер карантинді елемей, жиналыс өткізген
Қызылорда облысы Қазалы ауданындағы мектеп-гимназияда карантин уақытында көп адам жиналған ұстаздар жиналысы өткен. Бұл жиынды арнайы жасақталған мониторинг тобының мүшелері тоқтатты, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 08 Ақпан, 2021
Қызылорда облысында 5 832 түлек ақылы ұлттық тестілеу тапсырды
Қызылорда облысында қаңтар айындағы ақылы ұлттық бірыңғай тестілеу аяқталып, нәтижесі белгіленді, деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 04 Ақпан, 2021
Қызылордада 300-ден аса қызметкер 4 айдан бері жалақысыз отыр
Қызылорда қаласында «Ұшқын» мүгедектер оқу-өндірістік кәсіпорнының 300-ден аса қызметкері 4 айдан бері жалақысыз отыр, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 01 Ақпан, 2021
Гүлшара Әбдіқалықова «COVID-19» инфекциясына қарсы екпе салдырды
Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова қалалық №3 емханада «COVID-19» инфекциясына қарсы «Спутник V» ресейлік вакцинасын салдырды. Еліміз бойынша 1 ақпан күні ерікті түрде коронавирусқа қарсы вакциналау жұмыстары басталды, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 26 Қаңтар, 2021
Гүлшара Әбдіхалықова облыстағы құрылыс қарқынының баяулау себебін түсіндірді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда облысының басшысы Гүлшара Әбдіхалықовадан құрылыс қарқынының баяулау себебін сұрады, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 21 Қаңтар, 2021
Биыл шалғай өңірлерде 13,9 шақырым жол жөнделеді
Қызылорда облысында «Кіші қалаларды дамыту» бағдарламасы аясында бюджеттен 1 350,9 млн теңге бөлініп, бұл қаржыға 13,9 шақырым жол жөнделеді, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 18 Қаңтар, 2021
Қызылордада абақтыдағылар астау жасап жатыр
Бүгінде Қызылордадағы ЗК-169/5 мекемесінің өндірістік аймағында 11 кәсіпкер жұмыс жасап, сотталғандарды жұмыспен қамтып отыр. Онда сотты болғандар кірпіш өндіріп, пластик терезелер, жалюзилер дайындайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 08 Қаңтар, 2021
Қызылордада ұрлыққа барған күдікті жылқыны атып өлтірді
Қызылорда облысы Полиция департаментінің Арал аудандық полиция бөліміне 39 жастағы жергілікті тұрғын хабарласып, ауыл маңында жайылып жүрген жылқысын ұрлауға әрекеттенгендер туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz
Тағайындау • 07 Қаңтар, 2021
Қызылорда облысы бойынша Соттар әкімшісінің басшысы тағайындалды
Жоғарғы Сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары Нұрсұлтан Байтілесов Қызылорда облыстық сотының ұжымына Соттар әкімшісінің жаңа басшысы Сағатбек Сүлейменді таныстырды, деп хабарлайды Egemen.kz Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Білім • 31 Желтоқсан, 2020
Гүлшара Әбдіқалықова үздік ұстаздарды марапаттады
Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова «Мәртебелі ұстаз – ел мерейі» атты облыстың табысты ұстаздарын марапаттау рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz
Руханият • 31 Желтоқсан, 2020
Еріктілер тобы балаларды қуантты
Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің еріктілер тобы «Атамекен» балалар ауылының тұрғындарын жаңа жылдық сыйлықтармен қуантты, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 23 Желтоқсан, 2020
Мал ұрлығын кәсіп еткен қылмыстық топ ұсталды
21 желтоқсан күні Қызылорда облысы ПД-нің Жаңақорған аудандық полиция бөліміне Шиелі ауданы, Бала би ауылының 60 жастағы тұрғыны арыз түсіреді. Арызында ауыл тұрғыны желтоқсан айының басында белгісіз біреулердің Оқшы Ата кесенесі маңындағы жайылымнан 1 бас сиырын ұрлап кеткендігін көрсеткен, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 23 Желтоқсан, 2020
Қызылордалықтар Жаңа жылды отшашусыз қарсы алады
Коронавирус инфекциясының алдын алу мақсатында биыл жаңа жыл мерекесін атап өту жылдағыдан өзгеше болмақ. Осыған орай Қызылорда қаласы әкімдігі тарапынан шаһарды жаңажылдық безендіруге бюджеттен арнайы қаржы бөлінген жоқ, деп хабарлайды Egemen.kz
Оқиға • 10 Желтоқсан, 2020
Қызылорда облысының экс-әкімі тұтқындалды
Қызылорда облысының бұрынғы әкімі Қуанышбек Ысқақовқа қатысты үкім шығарылды. Соттың шешіміне сәйкес ол жазасын түрмеде өтеуі тиіс, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 08 Желтоқсан, 2020
Қызылордада сауда үйлері мен кинотеатрлар жексенбі күні жұмыс істейді
Бүгін Қызылорда облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Д. Жаңабергенова № 28 қаулыға қол қойды. Жаңа қаулыда 31 қазандағы №25 қаулыға өзгерістер енгізілген. Қаулы 2020 жылдың 11 желтоқсанынан бастап күшіне енеді, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 03 Желтоқсан, 2020
Қызылордада 39 маманға үстемеақы беріледі
Өткен тәулікте өңір зертханаларында барлығы 1021 сынама алынып, 2 жағдай анықталды. Бұған қоса, инфекциялық стационарда 15, ал реанимация бөлімінде 2 науқас ем-дом қабылдап жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 01 Желтоқсан, 2020
Қызылорда әкімі тұрғындарды онлайн қабылдады
Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың кезекті қабылдауында тұрғындар өздерін мазалаған проблемалар мен қатар қоғам үшін маңызды мәселелерді де қозғап, сауалдарын жолдады. Тұрғындар сауалының басым бөлігі үй, жер мен жолға байланысты болды, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 26 Қараша, 2020
Қызылордада медицина қызметкерінің резерві құрылды
Қызылорда облысында коронавирус инфекциясының болжамды екінші толқынына дайындық жұмыстары күшейтілді, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 25 Қараша, 2020
Сыр елінен 450-ге жуық азамат әскерге аттанды
Сыр елінен күзгі мерзімде 800-ге жуық азамат әскерге аттанады. Бүгінде 450 жас әскер қатарына қосылды. Жас сарбаздар әскери борышын ҚР Ұлттық ұлан қызметінде, ҚР Қарулы күштері қатарында, шекара қызметінде өтейтін болады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте Қызылорда облысы ҚІЖД мерзімді әскерге шақыру бөлімінің бастығы Нұржан Мелдебеков мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 20 Қараша, 2020
Қызылордалықтың діни алауыздыққа бағытталған уағыздарды таратып жүргені анықталды
Қызылорда облысының түзеу мекемелерінің бірінде жазасын өтеп жатқан Түркістан облысы тұрғынының діни алауыздыққа бағытталған уағыздар таратумен айналысып жүргені анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz ІІМ сілтеме жасап.
Аймақтар • 17 Қараша, 2020
Қызылордада көктайғақтың салдарынан 43 жол апаты тіркелді
Қызылорда облысында жолдағы көктайғақ салдарынан соңғы екі күнде 43 жол-көлік оқиғасы тіркелген, деп хабарлайды Egemen.kz
Әдебиет • 03 Қараша, 2020
10 мыңнан астам кітап цифрлық форматқа көшірілді
Бүгінгі таңда Қызылорда облысы кітапханаларының кітап қоры 4 млн 482 мың 22 дананы құрайды. Биылғы жылы кітап қоры 28 мың 442 дана жаңа кітаппен толықты. Аймақтағы кітапханалар жыл басынан бері 155 мың 64 оқырманға қызмет көрсетіп, 1 млн 780 мың 472 дана кітапты оқырман қолына ұстатқан, деп хабарлайды Egemen.kz Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 29 Қазан, 2020
Қызылорда облысының күріш өсірушілері жаңа рекорд орнатты
Қызылорда облысының күріш өсірушілері күріш өнімділігі бойынша жаңа рекорд орнатты, деп хабарлайды Egemen.kz облыстың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 28 Қазан, 2020
Қызылордада сала үздіктері марапатталды
Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова онлайн режимде өткен "Алтын дән-2020" шарасына қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 28 Қазан, 2020
Қызылордада интернет алаяқ ұсталды
Қызылордада интернет арқылы адамдардың сеніміне кіріп, ақшасын алған алаяқ ұсталды, – деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.