ми
Әлем • 08 Тамыз, 2020
АҚШ-та миллиардерлерге 60% салық салу идеясы талқылануда
Америка Құрама Штаттарында 60%-дық миллиардерлерге біржолғы салық төлеу идеясы күшейе түсуде. "Демократ сенатор Бери Сандрес пандемия басталғалы бері миллиардерлер тапқан барлық табыстың 60%-ына бір реттік салық төлеуді ұсынатын заң жобасын ұсынды", деп жазады Egemen.kz "Market Watch" порталына сілтеме жасап.
Бағдарламалар • 08 Тамыз, 2020
Ауыл шаруашылығы министрлігі германиялық инвесторларға перспективалы салаларды белгіледі
Қазақстан мен Германияның агроөнеркәсіптік кешені ынтымақтастығы аясындағы жұмыстар жайлы Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров ГФР Азық-түлік және ауыл шаруашылығы Федералды министрлігінің Парламенттік статс-хатшысы Уве Файлермен талқылады. Кездесу іскерлік және ғылыми орта өкілдерінің қатысуымен онлайн-форматта өтті. Бейнеконференцияда тараптар аграрлық сала проблемаларын, оның ішінде COVID-19 пандемиясының тамақ өнімдерін өндіру мен өткізуге тигізген әсерін талқылады. Бұл туралы АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Үкімет • 08 Тамыз, 2020
Премьер-Министр Асқар Мамин Ақмола облысының Ақкөл қаласына жұмыс сапары кезінде "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы аясында "ақылды қалалар" жобаларын іске асыру барысын, сондай-ақ ұлттық ғарыштық байланыс жүйесінің дамуын тексерді. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Қазақстан • 08 Тамыз, 2020
Әскери дәрігерлер зардап шеккендерге көмек көрсету үшін Ливанға ұшады
Кеше ҚР Президенті – ҚК Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министріне Ливанға әскери медицина мамандарын жіберу туралы мәселені шешуді тапсырды. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды, деп жазады Egemen.kz
Руханият • 08 Тамыз, 2020
Абай күні "Астана Опера" ұлттық өнердің шедеврін ұсынады
Ұлттық классиканың тың жаңалығы – А.Жұбановтың "Абай" операсы, Л.Хамидидің нұсқасында жазылған М.Әуезовтің либреттосын 10 тамыз күні Tengri TV-де және "Абай ТВ" телеарнасында көрсетіледі, деп хабарлайды Egemen.kz
Медицина • 07 Тамыз, 2020
Вице-министр коронавирустың екінші толқынына дайын болу керек екенін айтты
Бүгін ОКҚ брифингінде Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова ауруханаларда қосымша төсек орындарын жасақтау жоспарланғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 06 Тамыз, 2020
Қазақстанға Ресейдің әскери дәрігерлері көмекке келді
Ресейлік әскери дәрігерлер коронавируспен күресуге көмектесу үшін Қазақстанға келді, - деп хабарлайды Egemen.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Коронавирус • 06 Тамыз, 2020
Алматы дәрігерлері: Қарапайым ережелер қайғыдан сақтайды
Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында өткен онлайн-брифингте Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығының директоры Ғани Бодықов мәлімдеді.
Руханият • 06 Тамыз, 2020
Еліміздің Ұлттық қауіпсіздік органдарының ардагерлері қайырымдылық жасады
2020 жылғы 3 тамызда "ҚР ҰҚК органдарының ардагерлері" РҚБ мүшелері Нұр-Сұлтан қаласының тұрмысы төмен отбасыларына 1 миллион сомасына қаржылай көмек көрсетті. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Қоғам • 06 Тамыз, 2020
Жүкті әйелдерде коронавирус қалай емделеді?
"Акушерия, гинекология және перинатология ғылыми орталығы" АҚ Басқарма Төрағасы, жоғары санатты акушер-гинеколог дәрігер Динара Мирзахметова жүкті әйелдердегі коронавирус кезіндегі іс-қимыл механизмі туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz
Коронавирус • 06 Тамыз, 2020
COVID-19: Мексика бір күнде 829 адамынан айрылды
Мексика халқы COVID-19 салмағын қатты сезінген елдің қатарында. КВИ-дан өлім-жітім жөнінен Бразилия мен АҚШ-ты алдына салған жұрттың вирустық ахуалы турасында Мексика Денсаулық сақтау министрлігінің деректерін REGNUM келтіреді.
Қазақстан • 06 Тамыз, 2020
Ұшу қауіпсіздігі органдарының өкілдері үшін тексеру нысаны жеңілдетілді
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 16 шілдедегі № 327 бұйрығымен "Ұшу қауіпсіздігі мәселелері бойынша мемлекеттік авиация қызметіне мемлекеттік бақылау және қадағалау жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 424 бұйрығына өзгерістер енгізілді. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Қазақстан • 06 Тамыз, 2020
Швейцария Елшісі Қазақстандағы дипломатиялық миссиясын аяқтады
Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Швейцарияның Қазақстандағы Елшісі Урс Шмидті еліміздегі дипломатиялық миссиясының аяқталуына байланысты қабылдады, - деп хабарлайды Egemen.kz
Коронавирус • 06 Тамыз, 2020
Қазақстанда өткен тәулікте 1840 адам коронавирус індетінен емделіп шықты
Қазақстан бойынша коронавирустан жазылғандар саны 68 871-ге жетті, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 05 Тамыз, 2020
Мемлекет басшысы Асхат Аймағамбетовты қабылдады
Асхат Аймағамбетов Қасым-Жомарт Тоқаевқа Білім және ғылым министрлігінің жаңа оқу жылына дайындық және бұған дейін берілген тапсырмалардың орындалу барысы жайында есеп берді. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Экономика • 05 Тамыз, 2020
Ұлттық Банк Қазақстан экономикасының құрылымдық проблемалары туралы айтып берді
Қазақстан Ұлттық Банкінің баспасөз қызметі банк төрағасының орынбасары Ақылжан Баймағамбетовтің базалық мөлшерлеме, инфляцияны төмендету және 2020 жылдың бірінші жартыжылдығындағы төлем балансының жай-күйі туралы негізгі тезистерін таратты. Біз соның ықшамдалған нұсқасын дайындадық, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 05 Тамыз, 2020
Министрлік жануарларға қатыгездік көрсеткендерді жазаға тартуды қолдайды
Қазақстанда жан-жануарлардың өліміне әкеп соқтырған әрекеті үшін қылмыстық жауапкершілік енгізу қажет, деп мәлімдеді ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев. Ол бұл пікірді Парламент Мәжілісінің бір топ депутаттары әзірлеген "Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" заң жобасын қоғамдық талқылау нәтижесінде білдірді.
Үкімет • 05 Тамыз, 2020
А. Маминге "СҚ-Фармация" COVID-19-бен күресуде дәрі-дәрмектермен қамту шаралары туралы баяндады
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Нұр-Сұлтан қаласындағы «СҚ-Фармация» логистикалық хабына барып, онда COVID-19-дан емдеуге арналған дәрілердің бар-жоғымен және ҚР денсаулық сақтау мекемелерін медициналық дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралармен танысты.
Қазақстан • 05 Тамыз, 2020
Бейруттегі жарылыс бойынша Сыртқы істер министрі түсініктеме берді
Бейруттегі жарылыс бойынша ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді түсініктеме берді, - деп хабарлайды Egemen.kz
Қазақстан • 04 Тамыз, 2020
Қазақстан сейсмикаға төзімді құрылыстың халықаралық қауымдастығына енді
Қазақстанның IAEE құрамына енуі Республиканың сейсмикалық қауіпсіздік саласындағы озық әзірлемелер мен технологияларға қол жеткізуін қамтамасыз етеді, деп хабарлады ИИДМ баспасөз қызметі.
Аймақтар • 04 Тамыз, 2020
Елордалық гарнизонда ПТР-зертханасы ашылады
Аппараттық кеңес барысында Қорғаныс министрлігінің басшылығымен Оңтүстік өңірдің бөлімдері мен бөлімшелерін тексеру қорытындысы, сонымен қатар Қарулы Күштерді кадрлармен жасақтау мәселелері қарастырылды. Одан бөлек, нормативтік-құқықтық базасына өзгерістер енгізу және басқа да өзекті бағыттар талқыланды.
Қазақстан • 04 Тамыз, 2020
Миссия орындалды: үшінші бітімшерлік рота елге оралды
Бітімгершілік миссияға жіберілген әскери қызметшілерді десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшылығы, әскери бөлім командирлері мен қазақстандық бітімгерлік полкінің жеке құрамы қарсы алды. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі хабарлады, - деп жазады Egemen.kz Алдыңғы топтар секілді еліміздің үшінші бітімгершілік құрамына да сегіз ай уақыт аралығында Ливандағы бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету міндеті жүктелді. Олардың миссиясын орындау кезеңінде қабылдаушы елде әскери-саяси, экономикалық жағдайы күрделі болды, әлемде «COVID-19» коронавирустық инфекциясының тез таралуы байқалды, бірақ біздің әскери қызметшілер қойылған тапсырманы орындады. «ҚР Қарулы Күштерінің контингентімен бітімгершілік миссияны орындау еліміздің халықаралық қоғамдастықтағы беделін нығайту жолындағы маңызы зор. Сіздер жауынгерлік даярлықтың жоғары деңгейін көрсетіп, өз міндеттеріңізді адал атқардыңыздар», - деп атап өтті десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысының бірінші орыбасары - штаб бастығы полковник Бауыржан Артықов. Ол «бітімгершілік күштердің жаңа, төртінші контингенті Қазақстан Қарулы Күштері әскери қызметшісі деген атын асқақтататынына» сенім білдірді. Үнді бітімгершілік батальоны құрамындағы қазақстандық әскерилер өздерін жауапты мамандар ретінде көрсете білді. Миссия басшылығы, шетелдік әріптестер мен бақылаушылар олардың кәсіби қызметіне жоғары баға берді және әлемдік қоғамдастықта лайықты беделдері бар екенін растады. Айта кетейік, Қазақстан Республикасының БҰҰ бітімгершілік қызметіне қатысуы еліміздің халықаралық деңгейдегі сыртқы саясат қызметінің маңызды саласы болып табылады. Жарияланған күні 04 тамыз 2020 Қызмет бағыты Бітімгершілік операцияларына қатысу Жаңалықтарға жазылу
Үкімет • 04 Тамыз, 2020
Коронавирустық жағдайлардың тәуліктік өсім деңгейі 1,2% аспайды
Бұл туралы Премьер-Министр Асқар Мамин айтты, - деп хабарлайды Egemen.kz
Экономика • 03 Тамыз, 2020
Денсаулық сақтау вице-министрі екі айға қамауға алынды
Бұған дейін Қаржы мониторингі комитеті Олжас Әбішевтің қамауға алынғанын растап, бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінген еді, деп хабарлайды Egemen.kz
Президент • 03 Тамыз, 2020
Мемлекет басшысы Есеп комитетінің төрайымын қабылдады
Есеп комитетінің төрайымы Мемлекет басшысына дағдарысқа қарсы шараларға бөлінген қаржының жұмсалуына мониторинг жүргізу барысы және квазимемлекеттік сектор компанияларының активтерін тиімді басқаруға жүргізілген аудиттің алдын ала қорытындылары туралы есеп берді. Бұл туралы Ақорда хабарлайды, деп жазады Egemen.kz
Қазақстан • 03 Тамыз, 2020
Қоқыс мәселесі бойынша жедел желіге 515 арыз түскен
Оның ішінде 384 шағым стихиялық қоқыстарға, 131-і - толып кеткен контейнерлерге қатысты. 5 жағдайда фактілер расталмады. Бұл туралы Экология министрлігі хабарлады, - деп жазады Egemen.kz
Қазақстан • 03 Тамыз, 2020
Қазақстан науқастардың бәрін есепке тіркеуге дайын
Қазақстан ДДҰ-ның соңғы стандарттарына сәйкес науқастардың бәрін есепке тіркеуге дайын. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой хабарлады, - деп жазады Egemen.kz
Тағайындау • 03 Тамыз, 2020
Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетінің төрағасы тағайындалды
Қаржы министрінің бұйрығымен Әнуар Серқұлұлы Жұмаділдаев ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетінің төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі хабарлайды.
Әлем • 02 Тамыз, 2020
ДДҰ пандемияның ендігі беталысы туралы айтты
ДДҰ мамандары қауіптің ең жоғары деңгейіне әлі жетпегенімізді айтып жатыр. Ұйымның аймақтық директоры Ханс Клуге бұған дейін Еуропада коронавирустың өршуіне байланысты жастарды, әсіресе олардың арасында, жұқтырудың көптеген жағдайлары үшін айыптауға болатынын айтқан. Оның пікірінше, өсу жастардың әлеуметтік қашықтық ережелерін сақтағысы келмеуіне байланысты болуы мүмкін, - деп жазады Egemen.kz
Қазақстан • 02 Тамыз, 2020
Асқар Мамин Жақсылық Үшкемпіровтің жақындарына көңіл айтты
Премьер-Министр Асқар Мамин даңқтыспортшы, Олимпиада чемпионы, Қазақстанның Еңбек Ері Жақсылық Үшкемпіровтің қайтыс болуынабайланысты туған-туыстары менжақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады.