ер
Денсаулық • 26 Қазан, 2024
Дәрігерлер жүкті әйел мен сәбиін аман алып қалды
Шымкентте дәрігерлер жүрегі тоқтап қалған жүкті әйел мен оның сәбиін аман алып қалды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Республика күні • 26 Қазан, 2024
Германияның Бремен қаласында Республика күні тойланды
25 қазан күні Германияның Бремен қаласында Республика күніне орай «Тұғыры биік туған ел» деген тақырыпта мерекелік кеш өтті.
Әдебиет • 26 Қазан, 2024
Ғылыми конференция: «Әлем таныған Әбдіжәміл»
Алматы қаласының «Достық үйінде» қазақ әдебиетінің қайталанбас суреткері, Халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісовтың 100 жылдығына арналған «Әлем таныған Әбдіжәміл» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тарих • 26 Қазан, 2024
Қоғам қайраткері Нұртас Оңдасыновтың туғанына 120 жыл
Бүгін (1904-1989) мемлекет және қоғам қайраткері Нұртас Дәндібайұлы Оңдасыновтың туғанына 120 жыл толды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Республика күні • 25 Қазан, 2024
Бүгін Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрі Республика күніне арналған классикалық музыка кешін өткізді. Жиылған қауымға Қазақстанның халық әртісі, «Қазақстанның Еңбек Ері», профессор, әлемге әйгілі скрипкашы Айман Мұсахаджаева өнер көрсетіп, маэстро Гудни Эмильсон дирижерлік етті, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 25 Қазан, 2024
Астананың бес ауданында концерттік бағдарламалар өтті
Астананың бес ауданында Республика күніне орай шығармашылық ұжымдар, орындаушылардың қатысуымен концерттік бағдарламалар өтіп жатыр. Бұл туралы Астана қаласының әкімдігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Республика күні • 25 Қазан, 2024
Жетісуда Ту көтеру патриоттық акциясы өтті
Республика күні мерекесіне орай Мемлекеттік Ту көтеру патриоттық акциясы өтіп, іс-шара барлық аудан-қалаларды қамтыды. Бір ғана облыс орталығындағы акцияға мыңға жуық адам қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 25 Қазан, 2024
Алматы облысында әлеуметтік нысандар ашылды
Алматы облысы Республика күнін атап өтуді бірқатар маңызды оқиғалармен бастады. Мереке қарсаңында облыста 7 әлеуметтік маңызы бар жаңа нысан – спорт кешендері, медициналық пункттер ашылды. Бұл шаралар өңірдің өткен жылғы жетістіктерін көрсетеді, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 25 Қазан, 2024
Қазақстан - менің екінші отаным – Жоел Адамсон
1990 жылдың 25 қазанында азаттықтың алғышарты «Егемендік декларациясы» қабылданды. Қазақстан қазығын жеке-дара қаққан бұл күні елімізде Республика күні тойланады. Ұлық мерекені тойлау 2009 жылдан 2022 жыл аралығында үзіліп қалды. Рух мейрамын қайта мерекелеу бастамасын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылдың маусым айында Ұлытауда өткен Ұлттық құрылтайда қайта көтеріп, Қазақстанның бас мерекесі ретінде атап өтуді ұсынды. Сол жылдың қыркүйегінде Республика күні заңды түрде қайта оралып, мөрлі жарлық басылды. Президентіміз ұлық мереке Тәуелсіздік тұғырын шегелеуді, оның қадір-қасиетін насихаттауды мұрат ететінін әрдайым еске салып келеді. Бұл күн - тарихи тағдырлы шешімдерге бойлап, болашақты ойлайтын айрықша дата.
Тарих • 24 Қазан, 2024
Елордада Сарайшық жәдігерлерінің көрмесі ашылды
Астана қаласы Қарулы Күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында «Жошы Ұлысы (Алтын Орда) кезеңінің тарихи-мәдени мұрасы» жылжымалы көрмесі ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 24 Қазан, 2024
Жоғары аудиторлық палатаның үздік қызметкерлері марапатталды
Жоғары аудиторлық палатаның үздік қызметкерлері Республика күніне орай мемлекеттік наградаларға ие болды. Салтанатты іс-шара барысында оларды Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайылов табыстады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 24 Қазан, 2024
Тәлімгерлік - болашақ көшбасшыларды тәрбиелеу құралы
Заманауи компаниялар сәттілік тұрақты болуы үшін болашақ көшбасшыларды дамытуға айрықша мән береді. Оның ең тиімді жолдарының бірі – тәлімгерлік. Бұл әдіс қызметкерлерді дамытып қана қоймай, командалық мәдениетке үйретіп, компания құндылықтарын күшейтеді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 24 Қазан, 2024
Ел азаматтарына eGov жүйесінде тұрғын үй сертификаттары беріле бастады
eGov.kz сайтында жаңа қызмет пайда болды. Енді ел азаматтары ипотекалық несие бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін тұрғын үй сертификатын электронды үкімет порталы арқылы ала алады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 24 Қазан, 2024
37 офицерге мерзімінен бұрын әскери атақ берілді
Ұлттық мереке – Республика күні қарсаңында үлгілі қызметі мен әскери міндеттерін адал атқарғаны үшін қорғаныс ведомствосы басшысының бұйрығымен 37 әскери қызметшіге мерзімінен бұрын атақ берілді, деп хабарлайды Egemen.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматы • 24 Қазан, 2024
Алматыда автокөліктер жаппай тексеріліп жатыр
Алматыда экологиялық бекеттерде автокөліктер жаппай тексеріліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Руханият • 24 Қазан, 2024
Қазақ тілін үздік меңгерген өзге этнос өкілдеріне 3 млн теңге үлестірілді
Астанада өзге этнос өкілдері арасында «Елім дегендер» байқауының республикалық кезеңі өтті, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 24 Қазан, 2024
Қазақстанда Гази университетінің филиалы ашылады
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Түркия Жоғары білім кеңесінің президенті Эрол Озвармен онлайн кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Марапат • 23 Қазан, 2024
Алматы қаласының 93 тұрғыны мемлекеттік наградалармен марапатталды
Алматы әкімі Ерболат Досаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан қаланың 93 тұрғынына мемлекеттік наградаларды тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 23 Қазан, 2024
Ақын Төлеген Айбергенов атындағы мектепке - 45 жыл
Елордада қазақтың ақиық ақыны, отызында қазақ поэзиясын биік деңгейге көтеріп кеткен Төлеген Айбергенов атындағы мектеп бар. Кенесары көшесінің бойында орналасқан №16 орта мектебі қала өміріндегі маңызды іс-шараларға белсене қатысып жүрген оқу ордасы. Биыл мектеп 45 жылдығын салтанатты түрде атап өтті. «Мектебім –шамшырағым» деп аталатын айтулы ашық іс-шараға мектептің жүрегі – ұстаздар, оқушылар, еңбек және оқу ісінің ардагерлері, зиялы қауым, ақынның қыздары Махаббат, Айнар Айбергеновалар, өнер қайраткерлері қатысты.
Оқиға • 23 Қазан, 2024
Алматыда Республика күніне арналған конференция өтті
Алматы қаласының Достық үйінде өткен «Елімнің еркіндігі – менің мақтанышым» атты конференцияда тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері талқыланды. Іс-шараға мемлекет және қоғам қайраткерлері, тарихшылар, үкіметтік емес ұйым өкілдері, сарапшылар және жастар қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 23 Қазан, 2024
«Билер» атын жамылған ұйымдарды тексеру керек - депутат
«Аmanat» фракциясының депутаты Керімбек Болат Қазақстан Республикасының Бас прокуры Берік Ноғайұлы мен Әділет министрі Азамат Несіпбайұлына жолдауған депутаттық сауалында «Қазақ билері» сияқты атаулармен түрлі рулық-жүздік қоғамдық ұйымдардың қаптап кеткенін сөз етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 23 Қазан, 2024
Бірқатар депутат мемлекеттік наградаға ие болды
Республика күні қарсаңында Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов Президенттің атынан депутаттар мен аппарат қызметкерлеріне мемлекеттік наградаларды табыс етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 23 Қазан, 2024
Мәдениет саласының үздіктері марапатталды
Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» орталық концерт залында Республика күніне арналған салтанатты іс-шара өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Руханият • 23 Қазан, 2024
«Алпамыс батыр» жыры үш тілде жарық көрді
Жақында «Түркі халықтарының рухани мұрасы әлемдік өркениет аясында: «Алпамыс батыр» жыры» халықаралық ғылыми-теориялық конференциясы өтіп, ғалымдар қаһармандық эпосты ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұрасы репрезентативті тізіміне енгізу мәселесін талқылады. Осы мақсатта қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жарық көрген «Алпамыс батыр» басылымы таныстырылды.
Табиғат • 23 Қазан, 2024
Түркістан облысында браконьерлер қолға түсті
Түркістан облысында полицейлер күдік туғызған көлікті тексеру кезінде браконьерлерден 16 ақбөкеннің ұшасын және түрлі қару-жарақ тәркілеген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 23 Қазан, 2024
Тиранада грек-рим күресінен жүлде бұйырмады
Қазақтың грек-рим күресінің шеберлері Албания астанасы Тиранада өтіп жатқан әлем чемпионатында жүлдесіз қалды, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 23 Қазан, 2024
Қазақстан бұрынғы уақыт белдеуіне орала ма
Бүгін Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин бұрынғы уақыт белдеуін қайтару туралы мәселенің нүктесін қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 23 Қазан, 2024
Еліміздегі ең ұзын көпірде 102 камера қауіпсіздікті қамтамасыз етеді
Шығыс Қазақстан облысында Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін ең ұзын көпір халық игілігіне берілген соң, алғашқы тәулік ішінде көпір үстімен 1,5 мың көлік жүріп өткен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 23 Қазан, 2024
Әскерилер мен полиция қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Ұлттық мереке – Республика күні қарсаңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен бір топ азаматтар мемлекеттік наградалармен марапатталды. Түрлі сала өкілдері арасында құқық қорғау органдарының қызметкерлері және әскери қызметшілер де бар, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 23 Қазан, 2024
Белгілі ғалым Асқар Жұмаділдаевқа «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді
Республика күні қарсаңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы» Жарлыққа қол қойды, деп жазады Egemen.kz