ардагерлер
Аймақтар • 17 Наурыз, 2022
Ұлы Отан Соғысы ардагерлеріне қанша жәрдемақы беріледі?
БҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының хабарлауынша, Жеңіс күніне орай бір реттік жәрдемақы төрт мың адамға төленетін болады. Төлемдердің жалпы сомасы 138 миллион теңгені құрайды, деп хабарлайды Egemen.kz «Мой город» сайтына сілтеме жасап.
Тарих • 14 Ақпан, 2022
15 ақпан - Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылған күні. Бір байқағанымыз, жат жерде Отанды қорғағандар еш жерде «менмұндалап» өздерін ерекшелемейді екен. Кішік мінездік, қарапайымдылық пен сабырлық өздерін «ауғандықпыз» деген ардагерлерге тән қасиет болып шықты.
Қоғам • 11 Қаңтар, 2022
Шекарашы ардагерлер жас жауынгерлерге алғыс айтты
Сын сағатта ешкім де, ештеңе де көзден таса қалмайды. Жақсылық та, жамандық та. Бейбіт шерудің соңын бүлікке айналдырып, бейбіт адамдардың өміріне қауіп төндірген содырлардың сұрапыл соққысын еліміздің күштік құрылымдарының қатарында шекарашылар да қарсы алып, лайықты тойтарыс берді. Тәуелсіз Қазақстан елінің тыныштығын ешкімнің бұзуға қақысы жоқ екенін көрсетті.
Елорда • 25 Тамыз, 2021
Жас тергеушілер сот саласының ардагерлерімен кездесті
Конституция Күні қарсаңында елордада жас тергеушілер сот саласының ардагерлерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 12 Тамыз, 2021
Ақсақалдар орны ойсырамасын...
Қазақ қоғамында ақсақалдар институтының алар орны ерекше. Халқымыз қарттарды ақыл дариясы, даналық қазынасы ретінде қадірлеген. Қариялардың қатысуынсыз қоғамда қордаланған мәселелер шешіліп, қарымды істер қолға алынбаған. Қартын қадірлеп, қара шаңырақтың құты мен киесі деп ұққан халқымыз оларға қашанда төрден орын берген.
Парламент • 09 Мамыр, 2021
Соғыс және еңбек ардагерлерінің ерліктерін ешқашан ұмытпаймыз - Мәулен Әшімбаев
Ұлы Жеңіс күні – елге мұра, ұрпаққа ұран болған өшпес ерліктің мерекесі. Бұл туралы ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 08 Мамыр, 2021
Жамбылдық соғыс ардагерлеріне көмек көрсетілді
Биыл Ұлы Отан соғысының басталғанына 80 жыл болса, Ұлы Жеңіске 76 жыл толып отыр. Қан майданда Отан алдындағы ұлы міндетін қалтқысыз өтеп, борышына адалдық танытқан әрбір азаматтың ерлігі ел есінде.
Аймақтар • 08 Мамыр, 2021
Тараз қаласында 20 соғыс ардагері бар
Жыл өткен сайын Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің қатары сиреп келеді.
Аймақтар • 08 Мамыр, 2021
Арыста ардагерлерге арналған орталық ашылды
Жеңіс күні мерекесі қарсаңында Арыс қаласында орналасқан бұрынғы тойхана ғимараты ардагерлерге арналған орталық ретінде пайдалануға берілді. Әсем ғимаратта қариялардың бас қосып, жиын өткізуіне, тынығып, шығармашылықпен айналысуына барлық жағдай жасалған.
Қоғам • 06 Мамыр, 2021
Елордалық ардагерлерге азық-түлік себеті табысталды
Нұр-Сұлтан қаласында Жеңіс күні мерекесі қарсаңында соғыс ардагерлеріне азық-түлік себеттері таратылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 04 Мамыр, 2021
Шығыс Қазақстан: ҰОС ардагерлері 1 миллион теңге алады
Шығыста Ұлы Отан соғысының 79 ардагері тұрады. Биыл жеңіс мерекесіне орай ардагерлердің бәріне 1 млн теңге ақшалай сыйлық беріледі, деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 27 Сәуір, 2021
Чернобыль ардагерлеріне 540 млн теңгеден астам қаржы төленеді
2021 жылы Қазақстанда Чернобыль ардагерлері жалпы сомасы 540,7 млн теңгеге біржолғы төлем алады, деп хабарлайды Egemen.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 20 Сәуір, 2021
БҚО-да ҰОС ардагерлеріне миллион теңгеден беріледі
9 мамырға дейін төлемдерді фашистік лагерлердің кәмелетке толмаған тұтқындары мен қоршаудағы Ленинград тұрғындары алады, деп хабарлайды Egemen.kz «Орал апталығы» басылымына сілтеме жасап.
Аймақтар • 02 Наурыз, 2021
Атыраулық әскерилер ардагерлер тұратын үйдің ауласын тазартып берді
Атырау қалалық қорғаныс істері жөніндегі біріккен басқарманың әскери қызметшілері Екінші дүниежүзілік соғыстың ардагерлері тұратын үйлердің ауласын қардан тазартып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 02 Наурыз, 2021
«Алғыс айту күнінде» ардагерлер тыс қалған жоқ
Көктемнің алғашқы күнімен тұспа-тұс келетін мерекеде ГМ-172/8 мекемесінің қызметкерлері Маңғыстау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесінің ардагерлеріне алғыс айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 01 Қазан, 2020
Қазақстанда зейнеткерлерді қолдауға 32,6 млрд теңгеден аса қаржы қарастырылды
2020 жылы зейнетақы төлемдерін қоспағанда, егде жастағы азаматтарды әлеуметтік қолдаудың түрлі бағытына 32 миллиард 670 миллион теңгеден астам қаражат бөлінді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады, - деп жазады Egemen.kz
Руханият • 06 Тамыз, 2020
Еліміздің Ұлттық қауіпсіздік органдарының ардагерлері қайырымдылық жасады
2020 жылғы 3 тамызда "ҚР ҰҚК органдарының ардагерлері" РҚБ мүшелері Нұр-Сұлтан қаласының тұрмысы төмен отбасыларына 1 миллион сомасына қаржылай көмек көрсетті. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Аймақтар • 09 Маусым, 2020
Ардагерлердің жеке куәліктерін қайта рәсімдеуге көмектесуде
Шымкент қаласы Көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлері, Полиция басқармаларының қызметкерлері мен Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлерінен құрылған мобильді топ Ұлы Отан соғысының ардагерлері, Тыл ардагерлерінің үйіне дайын жеке куәліктерін алып барып, заңдастырып берді.