атф
Білім • 03 Қыркүйек, 2020
БҒМ білім берудің онлайн-платформаларына бірыңғай талаптар әзірлейді
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифинг кезінде Мемлекет басшысының 1 қыркүйектегі "Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі" Жолдауын іске асыру аясында білім беру саласында қабылданып жатқан шаралар туралы айтып берді, - деп хабарлайды Egemen.kz Премьер-Министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.