Жамбыл
Аймақтар • 12 Маусым, 2020
Жамбыл облысында коронавирусқа қарсы вакцина шығарылады
Премьер-Министр Асқар Мамин Жамбыл облысында Қордай ауданының Гвардейский қала үлгісіндегі кентінде ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институты (ҒЗИ) жанындағы вакцина шығаратын биофармацевтикалық зауыттың құрылысын бастап берді. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.
Аймақтар • 11 Маусым, 2020
Жамбыл облысында еңбек қатынастары қалай қалыптасқан?
Жамбыл облысының әкімдігінде бүгінде өңірдегі еңбек қатынастарының қалай қалыптасып отырғандығы жөнінде мәселе қаралды. Облыстық еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Қайрат Досаевтың айтуынша, осы кезеңде 3262 жұмыскер ақысыз, 10904 жұмыскер ақылы еңбек демалысына жіберілген екен. Өңірдегі эпидемиологиялық жағдай әлі толық тұрақтанбағандықтан, 10904 адам қашықтықтан, 4109 адам толық емес жұмыс режімінде еңбек етуге мәжбүр болып отыр. Бұл ретте Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев дәл қазіргі шақта еңбеккер құқығының қорғалуы қатаң қадағалауда болуы тиіс екенін айтты, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 10 Маусым, 2020
Жамбыл облысында 305 жобаның құжаттары әлі дайындалмаған
Жамбыл облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Гүлдана Жауынбекованың айтуынша, өңірде 2019-2020 жылдарға жоспарланған 412 жобаның 305-і бойынша жобалық-сметалық құжаттамалар әлі дайындалмаған. Оның 56-сы күзге дейін мақұлданбақ. Жобалардың көпшілігі Тараз қаласында және Жуалы, Жамбыл, Байзақ, Сарысу, Т.Рысқұлов аудандарында жүзеге асырылмаған.
Аймақтар • 10 Маусым, 2020
Жамбыл облысында бірнеше ауылға ауыз су мен газ жетеді
Бүгінде Жамбыл облысының тұрғындарын ауызсу және газбен қамту өзекті мәселелердің бірі. Аталған мәселеге орай, облыстық әкімдікте жиын өтіп, ауыз су және газ тарту мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 09 Маусым, 2020
Жамбыл облысында шегірткеге қарсы өңдеу жұмыстары жүргізіліп жатыр
Биылғы жылы «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» мемлекеттік кәсіпорнының болжамына сәйкес, Жамбыл облысындағы 10 010 гектар алқапқа саяқ шегірткеге қарсы өңдеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.
Аймақтар • 09 Маусым, 2020
Жамбыл облысынан 57 отбасы қоныс аударған
Бүгінгі таңда Жамбыл облысынан еліміздің жұмыс күші тапшы өңірлеріне 57 отбасы, яғни 163 адам қоныс аударған. Оның ішінде Павлодар облысына 11 отбасы, Қостанай облысына 20 отбасы, Солтүстік Қазақстан облысына 20 отбасы және Шығыс Қазақстан облысына 6 отбасы бар.
Аймақтар • 05 Маусым, 2020
Оралхан Дәуіт «Ақ жол» газетінің бас редакторы болып тағайындалды
Әріптесіміз, елімізге белгілі журналист Оралхан Дәуіт бүгін Жамбыл облыстық «Ақ жол» газетінің бас редакторы болып тағайындалды.