Тіл
Аймақтар • 10 Қыркүйек, 2021
Мектеп меңгерушісі балаларды қорлады
Шахтинск қаласындағы № 6 жалпы білім беру мектебінің меңгерушісіне балаларға тіл тигізгені үшін қатаң сөгіс жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 08 Қыркүйек, 2021
Асылы Осман: «Мен сүйетін қазағымдай халқым бар»
Ел алдында жүрген кей қазақты әр қазақ танымауы мүмкін, бірақ Асылы Османды бәрі таниды. Елім деп елжіреп, тілім деп жүрегі қарс айырылардай шырылдап жүретін қамқор жанды әдеттегідей жайдарлы кейіпте кездестірдік. Шындықты, турашылдықты көк байрағындай қастерлейтін асыл адамның кейпі осындай болса керек. Осы бір дара қасиеттері оның өскен еліне деген ерекше махаббатынан туғаны аңғарылады.
Қоғам • 02 Қыркүйек, 2021
Мемлекеттік қызметкерлер қазақ тілін білуге міндеттелуі мүмкін
Қазақстанда мемлекеттік қызметке орналасу үшін қазақ тілін білу міндетті болуы мүмкін. Мемлекеттік қызмет істері агенттігі осындай бастама көтерді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 02 Қыркүйек, 2021
«Білім туралы» Заңға өзгерістер енгізіледі
Педагогтің кәсіби дамуының жаңа моделі құрылады. Бұл туралы Мемлекет басшысының Жолдауында берілген тапсырмаларды орындауға арналған Үкімет отырысында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 01 Қыркүйек, 2021
Қазақ тілі білім мен ғылымның тіліне айналды - Тоқаев
Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында айтты деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 27 Тамыз, 2021
Мұхтар Тілеуберді Роберт Флойдпен кездесті
Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Қазақстанға ресми сапармен келген Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарт ұйымының Атқарушы хатшысы Роберт Флойдпен кездесті, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 26 Тамыз, 2021
Қазақстан мен Швейцария арасындағы байланыс дамып келеді
Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Қазақстанға ресми сапарымен келген Швейцария Конфедерациясы Федералдық Жиналысы Ұлттық Кеңесінің Төрағасы Андреас Эбимен кездесті, деп жазады Egemen.kz.
Тарих • 26 Тамыз, 2021
Петропавлда Алаш қайраткерлері туралы кітаптар таныстырылды
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шаралар аясында С.Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында мемлекетіміздің қалыптасуы мен дамуына елеулі үлес қосқан қайраткерлердің өмірі мен қызметі туралы «Жас Азамат» және «Жұмағали Тілеулин» атты екі кітаптың тұсаукесері өтті, деп хабарлайды Egemen.kz кітапхананың Facebook парақшасына сілтеме жасап.
Қазақстан • 25 Тамыз, 2021
Ауыл әкімдері біліктілігін арттыру курсынан өтеді
Биыл елімізде алғаш рет ауыл әкімдерінің сайлауы өтіп, өңірлердің 730 ауыл әкімі сайланды. Жыл соңына жаңа сайланған әкімдер өз біліктіліктерін арттыратын курстардан өтетін болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 25 Тамыз, 2021
Елордада оқушылардың тәуелсіз тестілеуі өткізілуі мүмкін
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов білім беру мәселелері жөніндегі тамыз конференциясында оқушыларды тәуелсіз тестілеуден өткізу қажеттілігі туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 25 Тамыз, 2021
«Үлкен жетілік» елдері Ауғанстанға алаңдаушылық білдірді
Сейсенбі күні Ұлыбританияның төрағалығымен Ауғанстандағы жағдайға арналған «Үлкен жетілік» елдерінің саммиті өтті, деп хабарлайды Egemen.kz GOV.UK сайтына сілтеме жасап.
TOKYO2020 • 23 Тамыз, 2021
Паралимпиада ойындарын қайдан тамашалауға болады
24 тамыз бен 5 қыркүйек аралығында Токиода өтетін XVI Паралимпиада ойындарын «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 20 Тамыз, 2021
Мұхтар Тілеуберді ЕО-ың Орталық Азия бойынша арнайы өкілімен кездесті
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Орталық Азия бойынша турнесі аясында Қазақстанға сапармен келген Еуропалық одақтың Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Тери Хакаламен кездесті, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 19 Тамыз, 2021
Педагогтар біліктілігін арттыру екі жылда бір рет өтуі мүмкін
Мұғалімдер біліктілігін арттыру екі жылда бір рет өткізілуі мүмкін. Бұл туралы «Білім және ғылым – елдің тұрақты дамуының кепілі» тақырыбындағы педагогтердің Республикалық тамыз конференциясының пленарлық сессиясында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 15 Тамыз, 2021
Әділеттілікті дұрыс түсінеміз бе?
Заманның өзгеруімен әділеттілік түсінігінің мәні де басқа бола бастады. Ол жалаң демагогиялық ұранға айналып бара жатқандай көрінеді. Әділеттілікті қамтамасыз ету үшін халық мемлекеттің, билеуші элитаның басқарушылық құқығын мойындаған бейресми әлеуметтік келісімнің бір маңызды бөлігі болуы қажет. Ол туралы ортақ, қоғамның басым көпшілігі түсініп, мойындаған пікір қалыптасуы керек.
Қазақстан • 14 Тамыз, 2021
Мұхтар Тілеуберді АҚШ Мемлекеттік хатшысымен сөйлесті
Қазақстан мен АҚШ арасындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды, деп жазады Egemen.kz СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 13 Тамыз, 2021
Дәурен Абаев мемлекеттік тілді кемсіткен жоқ – Ерлан Қарин
ҚР Президентінің көмекшісі Ерлан Қарин ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы Дәурен Абаевтың «Ашық сұхбат» диалогының кезекті шығарылымында көтерген тіл мәселесіне қатысты айтқандарына пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 12 Тамыз, 2021
Қазақстан мен Түркіменстан СІМ басшылары телефон арқылы сөйлесті
Бүгін Түркімен тарапының бастамасы бойынша Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Сыртқы істер министрі Рашид Мередовпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Egemen.kz министрлік сайтына сілтеме жасап.
Коронавирус • 12 Тамыз, 2021
Вакцинаның екінші компонентіне қарсы медициналық көрсетілімдер қандай?
Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің басқарма басшысы Марал Рахымжанова коронавирусқа қарсы вакцинаның екінші компонентіне қарсы медициналық көрсетілімдер туралы мәлімет берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 11 Тамыз, 2021
Атырауда жыл басынан бері 5 адам өрттен қайтыс болды
Мұнайлы шаһарда биылғы жыл басынан бері 117 өрт оқиғасы тіркелген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 11 Тамыз, 2021
Полицейлер жүкті әйелді құтқарып қалды
Рудный полицейлері көшеге патруль жүргізу кезінде аялдамада ес-түссіз жатқан жүкті келіншекті байқаған. Мақсұт Досыбаев пен Олжас Батырханов жүктіліктің соңғы айындағы келіншекке іле-шала көмек көрсетіп, бірден жедел жәрдем шақырған, деп жазады Egemen.kz Tengrinews.kz мәліметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 10 Тамыз, 2021
ШҚО-да табылған артефактілер Ұлыбритания мұражайына қойылады
Шығыс Қазақстан облысының ежелгі сақ қорымдарынан табылған 300 алтын артефакт алғаш рет қыркүйек айында Кембридждегі Фицуильям мұражайында ұсынылады, деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 08 Тамыз, 2021
Павлодар облысында медбикеге тіл тигізген тұрғын қамауға алынды
Сотта ер адам өз кінәсін мойындап, жәбірленушіден кешірім сұрады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 06 Тамыз, 2021
«Мен қазақша сөйлеймін» акциясының жеңімпаздары анықталды
Бүгін «Мен қазақша сөйлеймін» республикалық акциясының ІІІ кезеңіне қатысқан ЖОО студенттері мен ересек тұрғындары марапатталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 05 Тамыз, 2021
Калифорниядағы алапат өрттен мыңдаған адам зардап шекті
Калифорнияда тез тарап жатқан өрт салдарынан Плейсер және Невада округтерінде мыңдаған адам эвакуацияланды, 600 гектар жер отқа оранған, деп хабарлайды Egemen.kz Reuters-ке сілтеме жасап.
Білім • 04 Тамыз, 2021
Тамызда өтетін ҰБТ-ға өтініш қабылдау басталды
Тамыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш қабылдау басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 16 Шілде, 2021
Мұхтар Тілеуберді Өзбекстан Президентімен кездесті
Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев «Орталық және Оңтүстік Азия: аймақтық өзара байланыс. Қиындықтар мен мүмкіндіктер» атты халықаралық конференцияға келген Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары - сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердіні қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Өзбекстан Республикасы Президентінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Аймақтар • 15 Шілде, 2021
Ақтау дәрігерлері жүкті әйелді коронавирустан емдеп шықты
Маңғыстау облыстық «Ана мен бала» перинаталдық орталығының дәрігерлері коронавирус инфекциясымен ауырған жүкті әйелді аман алып қалды. Науқастың өкпесі 70% зақымдалған еді, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.
Қазақстан • 12 Шілде, 2021
Әлемнің 12 елінде қазақ тілін үйрететін сынып ашылды
«Отандастар қоры» КЕАҚ шетелде тұратын отандастарға қазақ тілі курстарын ұйымдастыру үшін 12 елде 31 онлайн сынып ашқан. Бұл туралы қордың вице-президенті Мағауия Сарбасов айтты, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 30 Маусым, 2021
Жас педагогтер жұмысқа қалай қабылданады?
Елімізде жоғары оқу орындарының жас педагог-түлектерін Ұлттық біліктілік тестілеуін тапсырғаннан кейін ғана жұмысқа қабылдау жоспарланып отыр. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.