ер
Қоғам • 25 Қаңтар, 2024
Етке берілетін анықтамаларды оңды-солды беруді тоқтату қажет–депутат
«Amanat» партиясы фракциясының мүшесі Мархабат Жайымбетов ветеринария саласы мәселелері және кадрлармен қамтамасыз ету туралы Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғаринге депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 25 Қаңтар, 2024
Президент Үкіметке зілзала қаупі туралы алдын-ала ескерту жүйесін жетілдіруді тапсырды
Бұл туралы Мемлекет басшысы сейсмикалық қауіпсіздік мәселелері жөнінде өткен кеңес барысында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 25 Қаңтар, 2024
«Жұмысыңызды ауыр санайтын болсаңыз, ашығын айтыңыз»: Президент министрге ескерту жасады
Президент Алматыға сапары аясында сейсмикалық қауіпсіздік мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Кеңесте құзырлы органдар мен азаматтардың табиғаттың тосын мінезіне дайын болмай шыққанын айтып, жауапты министрлікті сынға алды. Мемлекет басшысы Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпхановқа теориялық білімін іс жүзінде көрсету керек екенін ескертті, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 25 Қаңтар, 2024
27 мың сейсмикалық жаттығу мен 2,5 мың семинардың да түк пайдасы болмады - Қ.Тоқаев
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласына жұмыс сапары барысында сейсмикалық қауіпсіздік мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Жиын барысында Президент қаланың азаматтық қорғаныс жүйесі жер сілкінісіне дайын болмай шыққанын, ал құзырлы органдар табиғаттың бұл сынағынан өте алмағанын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 25 Қаңтар, 2024
Жер сілкінісінен сабақ алып, жіберілген олқылықтарды түзету қажет - Президент
Мемлекет басшысы Алматы қаласына іссапары барысында сейсмикалық қауіпсіздік мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Жиында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жүйесін материалдық-техникалық тұрғыдан жарақтандыру деңгейінің төмендігін сынға алды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 25 Қаңтар, 2024
Алматы маңында тағы екі балдық жер сілкінісі тіркелді
Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «СОМЭ» ЖШС мамандары 25 қаңтар күні Алматы уақыты бойынша сағат 04:21-де Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 273 шақырым жерде Қытай аумағында кезекті жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Таным • 24 Қаңтар, 2024
Шоқан Уәлиханов: Қазақ халқы – ең бір бейбіт халықтардың бірі
Афоризм – шағын философиялық ой, тәжірибелік түйін, логикалық қисын. Афоризмнің басты шарттары – өмірлік құбылыстарға және адам мінездеріне деген көзқарастағы анықтық, ойды жеткізудегі дәлдік пен қысқалық. Афоризм – ой тамызығы. «Афоризмдер» айдарында бүгін Шоқан Уәлиханов, Абай ойларын ұсындық.
Сенат • 24 Қаңтар, 2024
Сенаторлар еліміздегі демографиялық ахуалды зерделеді
Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің депутаттары Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросында болды. Талқыланған негізгі тақырыптардың бірі – мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін демографиялық өсудің маңызы.
Әскер • 24 Қаңтар, 2024
Ұлттық ұланның әскери кеңесінде жыл қорытындыланып, алдағы кезеңнің міндеттері айқындалды
Ұлттық ұланның Бас қолбасшылығында Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Ержан Сәденовтің басшылығымен және өзара іс-қимыл жасайтын орган басшылары және әскердің генералдары мен офицерлерінің қатысуымен Әскери кеңес өтті. Күн тәртібінде құқықтық тәртіп әскерлерінің 2023 жылғы қызметтік-жауынгерлік әрекеті қорытындыланды. Сондай-ақ алдағы кезеңге арналған міндеттер мен тапсырмалар айқындалды.
Зерде • 24 Қаңтар, 2024
Бас редакторлар «Тіл - қазына» орталығының жобаларымен танысты
Бүгін республикалық Бас редакторлар клубы Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығына арнайы келіп, ұйым жұмысымен танысты. Бас редакторлар клубының президенті, Парламенті Сенатының депутаты Бибігүл Жексенбай бастаған клуб мүшелері ғылыми-әдістемелік және мемлекеттік тілді цифрландыру бағытындағы ІТ өнімдер туралы ақпарат алды.
Қоғам • 24 Қаңтар, 2024
Қыста көлікті қанша уақыт қыздыру қажет?
Қыс көлік жүргізушілері үшін оңай еңсеретін кезең емес. Мезгілдегі ауа райы ерекшеліктері оларды біраз сарсаңға салып жүргені белгілі. Осы уақытта көлік күтіміне қатысты сұрақ көп. Автокөлік тізгіндегендердің пікірін қақ бөлетін жайттың бірі - қыста көлікті қыздыру-қыздырмау мәселесі. Алғашқы топ көлікті міндетті түрде қыздыруды қажет деп тапса, келесі топ бұл процеске кеткен минуттарды бос уақыт өткізуге теңейді. Ал көлік эксперттері екі қағиданың алтын аралығын ұстанған жөн деген пікірді алға тартады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 24 Қаңтар, 2024
«Ауылға барса, 9 миллион теңге алады». Депутат көтермеақы кімдерге берілетінін айтты
Елімізде ауылдық жерлерде медицина мамандарының тапшылығын шешу үшін қазынадан қомақты қаржы бөлініп, елді мекендерге барған жас дәрігерге қомақты сомада бір реттік көтермеақы беріледі. Мұны Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов айтты, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 24 Қаңтар, 2024
Алматыдан 260 шақырым жерде тағы екі жер сілкінісі тіркелді
Төтенше жағдайлар министрлігі ғылыми орталығының сейсмологтары 24 қаңтар күні күндіз Қытай мен Қырғызстан шекарасында болған жер сілкінісінің эпицентрінде тағы екі жер асты дүмпуін тіркеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 24 Қаңтар, 2024
Қазақстанда 24 мың студент үйсіз жүр – депутат
«Жатақханаларда бос орындардың болмауы себебінен студенттер жалдамалы пәтерлерді немесе техникалық қауіпсіздігі осал, арзан хостелдерді паналауға мәжбүр». Пленарлық отырыс барысында мәжілісмен Нұргүл Таудың Үкіметке жолдаған депутаттық сауалы осылай басталды, деп хабарлайды Egemen.kz Respublica партиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматы • 24 Қаңтар, 2024
Аграрлық университет студенттері Ташкентке оқуға барады
Қазақстан мен Өзбекстан оқу орындарының келісімі аясында биыл ақпан айында Қазақ Ұлттық аграрлық зерттеу университетінің бірінші курс студенттері Ташкентке оқуға барады.
Денсаулық • 24 Қаңтар, 2024
Былтыр 108 дәрігер шетелде біліктілігін арттырды
Кадрларды даярлау және біліктілігін арттыру жүйесінің тиімділігін арттыру үшін 2023-2024 оқу жылынан бастап міндетті резидентурамен жалпы оқу мерзімі алты жыл үздіксіз интеграцияланған медициналық білім беру бағдарламасы енгізілді, оны аяқтағаннан кейін бітіруші дәрігер біліктілігін және медицина магистрі дәрежесін алады, деп хабарлайды Egemen.kz Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 24 Қаңтар, 2024
Оралда өрт шыққан үйден 88 жастағы зейнеткер құтқарылды
23 қаңтар күні кешке Оралдағы Тайманов көшесінде жеке тұрғын үй өртеніп, үйдің иесі зардап шекті, деп хабарлайды Egemen.kz «Мой город» басылымына сілтеме жасап.
Қоғам • 24 Қаңтар, 2024
Алматыдан 212 шақырым жерде жер сілкінді
Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы бүгін таңертең Алматыда жер сілкінісін тіркеді. Жер дүмпуі қаладан 212 шақырым жерде болған. Тұрғындар жер сілкінісін сезген жоқ, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 24 Қаңтар, 2024
Қазақстан әскерилерінің жаңа киім үлгісі таныстырылды
2023 жылы 5 мамырда өткен Бүкілармиялық кеңесте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барлық әскери қызметшілерге арналған жаңа киім үлгісін мақұлдаған болатын. Қорғаныс министрлігі қоғамдық талқылаудан кейін, әскерилердің жаңа формасын таныстырды, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 23 Қаңтар, 2024
Шикізаттық емес тауарлардың экспортын ілгерілету туралы заңға өзгерістер енгізілді
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экспорттық-кредиттік агенттік және шикізаттық емес тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) экспортын ілгерілету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 23 Қаңтар, 2024
Ішкі істер министрлігінде кадрлық өзгерістер болды
ІІМ-де орталық аппарат қызметтері мен аумақтық департаменттердің, қалалық басқармалар мен аудандық полиция бөлімдерінің бастықтарымен, Ұлттық ұланның өңірлік қолбасшылықтары басшыларының қатысуымен отырыс өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Спорт • 23 Қаңтар, 2024
Биыл Астанада қандай жарыстар өтетіні белгілі болды
2024 жылы Астанада бірнеше ауқымды халықаралық спорттық іс-шара өтеді. Елорданың Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының м.а. Еркеғали Корбозов спортшылар дайындықты бастап кеткенін мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Қазақстан • 23 Қаңтар, 2024
Жер сілкінісі Астанада да сезілді ме? - министр жауап берді
23 қаңтар сағат 00:19 шамасында елордалық ТЖД дағдарыс жағдайлары басқармасына жергілікті тұрғындардан жер сілкінісінің сезілгені туралы 30-дан астам қоңырау түсті. Астананың Төтенше жағдайлар департменті бұл мәселеге қатысты түсініктеме берді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 23 Қаңтар, 2024
Сейсмологтар тағы бір жер сілкінісін тіркеді
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС сейсмикалық стансалар желісі кезекті жер сілкінісін тіркеді. Оның ошағы Алматыдан оңтүстікке қарай 263 шақырым жерде орналасқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы • 23 Қаңтар, 2024
Алматыдағы жер сілкінісі: 11 мың адам арнайы қауіпсіз орында түнеді
Алматыдағы жер сілкінісі кезінде 11 мың адам арнайы қауіпсіз орында түнеп шыққан. Бұл туралы Алматы қаласы ТЖД бастығы Нұрлан Атығаев брифинг барысында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 23 Қаңтар, 2024
Алматыда тұрғын үйлер тексеріле ме?
Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Нұрлан Атығаев жер сілкінісі салдарынан үйлер қирап немесе зақымданып қалса қала тұрғындарына қайда жүгінуге болатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 23 Қаңтар, 2024
Төтенше жағдайлар министрлігінің сейсмикалық станциялар желісі Алматы қаласында тағы екі жер дүмпуін тіркеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 23 Қаңтар, 2024
Көкшетауда Асқар Забикулинге ескерткіш орнатылды
Қызмет барысында ерлікпен қаза тапқан өрт сөндіруші Асқар Забикулиннің құрметіне тағы бір ескерткіш қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 23 Қаңтар, 2024
Уақтылы ақпарат алмаған адамдар дүрбелеңге жол берді - Әлихан Смайылов
Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында күн тәртібінен тыс Алматыдағы жер сілкінісі бойынша ахуал қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 23 Қаңтар, 2024
Алматы аумағында жойқын жер сілкінісі күтілмейді - министр
Қазіргі уақытта өңірлерде ғимараттар мен құрылыстардың, оның ішінде қорғаныш гидротехникалық объектілердің ықтимал бұзылуына комиссиялық тексеру жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Үкімет отырысында Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.