Ел
Қоғам • 07 Сәуір, 2021
Елордада су тасқынының алдын алу үшін қандай жұмыстар атқарылып жатыр?
Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаменті елорда аумағында су тасқыны қаупінің алдын алу және оған жол бермеу мақсатында жұмылдырылған қызметтермен және ұйымдармен бірлесіп су тасқынының өтуіне дайындық жүргізіп жатыр. Бұл туралы онлайн брифингте Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД бастығының орынбасары Есен Байыров мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Президент • 07 Сәуір, 2021
Мемлекет басшысы Алтай Көлгіновті қабылдады
Президентке елордадағы эпидемиялық жағдайды тұрақтандыру және вакцина салу шаралары жөнінде мәлімет берілді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елорда • 07 Сәуір, 2021
Елордада су басу қаупі бар учаскелер саны азайды
Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтанда су басу қаупі бар 29 учаске анықталды. Бұл сан 2020 және 2019 жылдармен салыстырғанда 8 учаскеге азайды. Қалалық Отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Сыздықов онлайн брифингте су тасқынының алдын алу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Қоғам • 07 Сәуір, 2021
Елордадағы бірнеше мектепке «Алаш» қайраткерлерінің есімі беріледі
Елорданың бірқатар мектебіне «Алаш» қайраткерлерінің есімдері берілмек. Бұл туралы Мәжіліс депутаттарының сауалына Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың жауабында айтылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 07 Сәуір, 2021
Елімізде қанша жер алқабы шетелдіктерге жалға берілген?
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров жер қатынастары мәселелері туралы заң жобасын талқылау кезінде елімізде қанша жер алқабы шетелдіктерге жалға берілгенін нақтылады, деп хабарлайды Egemen.kz
Коронавирус • 06 Сәуір, 2021
Нұр-Сұлтанда коронавирусқа қарсы вакцина алуға жазылу басталды
Елордада егу пункттері көбейді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 06 Сәуір, 2021
Бішкекте дзюдодан өтіп жатқан Азия мен Мұхит жағалауы елдерінің біріншілігінде Қазақстанның балуандыр сәтсіз өнер көрсетуде.
Парламент • 06 Сәуір, 2021
Сенат Төрағасы Жапония елшісімен кездесті
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Жапонияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Тацухико Касаимен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тәуелсіздік • 06 Сәуір, 2021
Тәуелсіздікке 30 жыл: Сәуір айы «Ғылым және технологиялар» айдарымен өтуде
Елімізде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шаралар өтуде. Мерейтойды мерекелеу тұжырымдамасына сәйкес әр ай белгіленген жеке тақырыппен өтеді. Атап айтқанда, Наурыз елдің ұлттық дәстүрлері мен мәдениетіне арналса, ал сәуір айы «Ғылым және технологиялар» айдарымен өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 06 Сәуір, 2021
Ресми шағымдар нашар интернет мәселесін шешуге көмектеседі
2021 жылы 286 ауыл 2G-ден 3G және 4G-ге, 51 ауыл спутниктік трансмиссиядан жерүсті инфрақұрылымына ауыстырылады, халқының саны 250 адамнан аз тағы 292 ауыл байланыс сапасын жақсартады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте цифрлық даму министрлігінің басшысы Бағдат Мусин мәлімдеді. Оның айтуынша, техникалық мүмкіндіктер бар. Сонымен қатар, байланыс сапасын бақылау күшейтілді, деп хабарлайды Egemen.kz ОКҚ-ға сілтеме жасап.
Елбасы • 05 Сәуір, 2021
Тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңде Қазақстан Республикасы әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани, ғылым-білім саласында үлкен табыстарға жетті. Еліміздің мұндай биік деңгейге көтерілуі, ең алдымен, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ұшан-теңіз еңбегінің нәтижесі. Тұңғыш Президентіміздің ерен еңбегінің ең бастыларының бірі – әлемнің әр түкпірінде шашырап жүрген сан миллион қазақтармен тығыз байланыс орнатып, олардың атажұртқа көптеп оралуына кең жол ашуы болды.
Технология • 05 Сәуір, 2021
LG компаниясы телефон шығаруды ресми тоқтатты
LG Electronics Inc. (LG) компаниясының директорлар кеңесі ұялы байланыс бөлімшесінің жабылатыны туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 05 Сәуір, 2021
Алматыда жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырады
Әлеуметтік желіде жедел жәрдем көлігі мен жеңіл көліктің соқтығысып қалған видеосы тарады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 05 Сәуір, 2021
Нұр-Сұлтанда көпбалалы және жалғызбасты аналарға баспана кілті табыс етілді
«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында көпбалалы және жалғызбасты аналарға баспана кілттері табысталды, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Елбасы • 05 Сәуір, 2021
Елбасы жазушы Қабдеш Жұмаділовтің отбасына көңіл айтты
Елбасы көрнекті қаламгер, Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Қабдеш Жұмаділовтің өмірден өтуіне байланысты орны толмас ауыр қайғыға ортақтасып, көңіл айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Тұңғыш Президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 05 Сәуір, 2021
Елордада карантин тәртібін бұзған 28 мекеменің қызметі тоқтатылды
Каратиндік шектеулерді бұзушылықтарды анықтау және оларға жол бермеу жөніндегі мобильді топтар күшейтілген режимде жұмысын жалғастыруда. Елордада ескертулерге қарамастан кәсіпкерлік субъектілерінің карантин режимін бұзуы күн сайын тіркеледі. Кейбір мекемелер мұны жүйелі түрде жасайды, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Білім • 05 Сәуір, 2021
Тестілеу нәтижелері ҰБТ аяқталғаннан кейін бірден дайын болады
Электрондық ҰБТ нәтижелерін өңдеу барысында парақтағы ішінара боялған жауаптардың есептелмей қалуы сияқты техникалық қателердің болуы мүмкін емес. Тестілеудің бұл форматында оқушылар жауап парағын толтыруға уақыт жұмсамай, бұл уақытты тест тапсырмаларын орындауға пайдалана алады. ҚР БҒМ ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте тестілеу қорытындысы бойынша жиналған ұпай саны экранға шығарылатынын атап өтті. Сондай-ақ ҰБТ қатысушысы қандай сұрақтарға қате жауап бергенін бірден көре алады.
Тағайындау • 05 Сәуір, 2021
Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі тағайындалды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Ержан Нигматоллаұлы Ашықбаев Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.
Аймақтар • 05 Сәуір, 2021
Шығыс Қазақстанда газ баллон жарылып, әйел адам қайтыс болды
Шығыс Қазақстан облысына қарасты Глубокое ауданында жер үйде газ баллон жарылып, әйел адам қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz
Елорда • 04 Сәуір, 2021
Елорданың қоғамдық көліктерінде дезинфекциялық жұмыстар жүріп жатыр
Елордада қоғам көлік жүргізушілері күн сайын өз ауысымынан кейін автобусына дезинфекция жасайды. Тұтқалар мен орындықтар, есіктер, валидаторлар және жолаушылар ұстайтын жерлер сүртіледі. Вирустың таралуының алдын алу үшін автобус салоны желдетіледі, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Елорда • 04 Сәуір, 2021
Алтай Көлгінов елорданың шеткері аймақтарының даму барысы туралы айтты
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында елорданың шеткі аймақтарының абаттандырылуы жайлы мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Коронавирус • 04 Сәуір, 2021
Шетелден келген жолаушылардан коронавирус анықталған жоқ
Кеше елімізге халықаралық әуе рейстерімен келген жолаушылардан коронавирус инфекциясы анықталған жоқ, деп хабарлайды Egemen.kz.
Коронавирус • 03 Сәуір, 2021
Елордада кинотеатрлар мен қонақүйлерде коронавирусқа қарсы егу пункттері ашылуы мүмкін
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында бизнес өкілдерімен санитарлық нормаларды қатаң сақтай отырып, кейбір бизнес субъектілеріне жұмыс істей беруге мүмкіндік беретін Ashyq жобасын масштабтау мәселелері талқыланғанын мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 02 Сәуір, 2021
Нұр-Сұлтанда жедел жәрдемге «жасыл бағдаршам» жобасы енгізілді
Нұр-Сұлтанда «103» санитариялық автокөліктеріне арнап «жасыл бағдаршам» қанатқақты жобасы сәтті енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 02 Сәуір, 2021
Өскеменде ер адам жеделсатының есігіне қысылып қалып қайтыс болды
Өскемен қаласындағы Ана мен бала орталығында электрші жеделсатының есігіне қысылып қалып қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz
Спорт • 02 Сәуір, 2021
Париж-Рубе веложарысы қазан айына ауыстырылды
Велоспорттан Париж-Рубе біркүндік жарысы сәуір айынан қазанға ауыстырылды, деп хабарлайды Egemen.kz Халықаралық велосипедшілер одағының (UCI) баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елорда • 02 Сәуір, 2021
Елордада әлеуметтік көмек алуға өтініштерді қабылдау басталды
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 2021 жылдың ІІ тоқсанына АӘК алу үшін өтініштер қабылдау басталды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Білім • 02 Сәуір, 2021
Қазақ ғалымы 60 жасында қалай ағылшынша меңгергені туралы айтып берді
Қазақстандық гигиенист-нутрициолог, медицина ғылымдарының докторы, профессор Төрегелді Шарманов алпысқа таяған шағында ағылшын тілін қалай үйренгені туралы айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 02 Сәуір, 2021
Оралда үш баланың анасы 10 күннен бері табылмай жатыр
Орал қаласының 40 жастағы тұрғыны Райхан Шәріпова іздестіріліп жатыр. Жергілікті Мой город порталаның мәліметінше, оның жоғалып кеткеніне 10 күн болды, деп хабарлайды Egemen.kz
Коронавирус • 02 Сәуір, 2021
ПТР анықтамасыз келген Өзбекстан азаматы еліне депортацияланды
Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитеті 1 сәуірде халықаралық авиарейстермен келген жолаушылар бойынша ақпарат таратты, деп хабарлайды Egemen.kz.