ай
Оқиға • 18 Желтоқсан, 2025
Air Astana ұшағында ақау пайда болып, Делиге шұғыл қонды
Алматыдан Бангкокқа бет алған Air Astana әуе компаниясының лайнері техникалық ақауға байланысты Үндістан астанасы Дели қаласына шұғыл қонуға мәжбүр болды. Жолаушылардың айтуынша, ұшу кезінде қозғалтқыш тұсынан қатты дыбыс шығып, салон ішін иіс жайлаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 18 Желтоқсан, 2025
Президент Жапония Императорының сарайына барды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты Император Нарухито қарсы алды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім қылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 18 Желтоқсан, 2025
Биылғы жыл ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жарияланғаны белгілі. Тыңдарман қауымның құлақ құрышын қандырған облыстық айтыс осы тақырыпқа арналды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 18 Желтоқсан, 2025
Лебіздер легі: Жауапкершілік жүгі
Энергетика саласы – экономиканың күретамыры. Жарық пен жылуды үздіксіз жеткізіп отырған энергетиктер елдің тұрақты дамуы мен халықтың тұрмыс сапасына тікелей үлес қосып келеді. Қыстың қақаған аязында да, жаздың аптап ыстығында да олар тәулік бойы тынымсыз еңбек етеді.
Ауа райы • 17 Желтоқсан, 2025
Қар және боран: бірқатар облыста дауылды ескерту жарияланды
Қазақстан аумағында 17 желтоқсан сағат 20:00-ден 18 желтоқсан сағат 20:00-ге дейін қолайсыз ауа райы сақталады. Кей өңірлерде қар, боран, көктайғақ, тұман және желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 17 Желтоқсан, 2025
Павлодарда мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасына жаңа басшы тағайындалды
Павлодар облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы болып Қазбек Арантаев тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 17 Желтоқсан, 2025
Сирек кездесетін жыртқыш бейнежазбаға ілінген
«Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында жүргізіліп жатқан экологиялық мониторинг жұмыстары барысында Түркістан сілеусіні (Lynx lynx isabellinus) бейнежазбаға түсірілген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 17 Желтоқсан, 2025
Қостанайда жаңажылдық шырша шамдары 18 желтоқсанда жанады
Қостанай қаласы тұрғындары шыршалардың шамын жағу рәсіміне шақырылады. Қала әкімінің орынбасары Мәжит Шүленовтің айтуынша, 18 желтоқсан күні сағат 20:00-де қаланың әртүрлі бөліктерінде шыршалардың шамы бір мезетте жағылады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 17 Желтоқсан, 2025
Қостанайда мектеп мұғалімі әріптестерінің атына несие рәсімдеген
Аталған облыстың мектептерінің бірінде мұғалім әрі кәсіподақ төрайымы әріптестерін алдаған. Нақты айтқанда, олардың атына онлайн-несиелер рәсімдеген. Іс Қостанай қаласының №2 сотында қаралды, деп жазады Egemen.kz.
Футбол • 17 Желтоқсан, 2025
Бапкер Ваня: Талантты ойыншыларды ауладан және мектептен табамын
Қазақстан футболының белді бапкері Иван Ильницкийдің тәрбиесінен өткен ойыншылар 2025 жылғы маусымда жоғары деңгейде өнер көрсетіп, есімдерін жиі естіртті. «Дядя Ваня» лақап атымен танымал маманның ауладан және мектептен тапқан таланттары қазіргі таңда ұлттық құрама мен шетелдік клубтардың негізгі ойыншыларына айналды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 17 Желтоқсан, 2025
Семейде Қайрат Рысқұлбеков пен оны айыптаған прокурордың көшесі қиылысады
Міне, Семейде ақ боран. Мен 4-Лодочнаядан кейінгі Достоевский көшесін көктей өтіп, Гагарин көшесінен түстім. Дала боран. Ұйтқыған жел қойын-қонышыңды орайды. Семейдегі Қайрат Рысқұлбеков көшесі кілт бұрылыс болып басталады. Иә, Қайрат десе, желтоқсан, желтоқсан десе, ойымызға Қайрат Рысқұлбеков оралады. Өйткені ол 86 жылғы азаттықтың алауын мұзға жаққан мыңдаған боздақтардың бір ғана символы десе де болар. Оған қандай жала жабылып, жаза құшса, қалғандары да сондай әділетсіздіктің ақ лағы болып кете барды. Бір айналдырса, шыр айналдыратын көмескі күш оның тағдыр жолында тағы да түйісіп, көрмей кеткен көшесі қиылысады деп кім ойлаған. Бұл кездейсоқ болатын сәйкестік пе, әлде зауал ма?
Экономика • 17 Желтоқсан, 2025
Серік Жұманғарин: Агроөнеркәсіп кешені 6,1%-ға артты
Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Үкімет отырысында жасаған баяндамасында дәнді дақылдардың рекордтық өнімі (екінші жыл қатарынан) шамамен 27 млн тоннаға жеткенін айтты, деп жазады Egemen.kz.
Өндіріс • 17 Желтоқсан, 2025
Шығыста толық циклді май зауыты іске қосылды
Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Өскеменде «ALTAI MAI» толық циклді май экстракциялау зауыты іске қосылды. Бұл ірі өндірістік нысан болашақта елдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға және экономикалық тұрақтылықты арттыруға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 17 Желтоқсан, 2025
Мұнай өндіру мен экспорт жоспардан асты
Биылғы 11 айда елдің мұнай-газ саласында негізгі көрсеткіштер жоспардан жоғары орындалды. Мұнай өндіру мен экспорт көлемі өткен жылмен салыстырғанда едәуір артты, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 17 Желтоқсан, 2025
Батыс Қазақстан облысында үш адам аязда үсіп, көз жұмды
Батыс Қазақстан облысында ауа райының қолайсыздығынан үш адамды үсік шалып, көз жұмды. Түрлі ауданның тұрғындары із-түзсіз жоғалып кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz «Мой город»-қа сілтеме жасап.
Ауа райы • 16 Желтоқсан, 2025
Қостанай облысында қар құрсауында қалған 100 шақты автокөлік құтқарылды
Қарлы бораннның салдарынан «Жезқазған-Петропавл» автожолының 340-377 шақырым аралығындағы жол екі күннен бері жабық тұр. Бұл бағытқа барлық көлік түрлері үшін қозғалыс шектелген, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 16 Желтоқсан, 2025
Ертең Астанада бірінші ауысымның 0-6 сынып оқушылары қашықтан оқиды
Бұл туралы Астана қаласының білім басқармасы хабарлады.
Спорт • 16 Желтоқсан, 2025
Назым Қызайбай сыйлыққа алған көлігін сатқалы жатыр
Боксшы, үш дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай әлеуметтік желісінде Олимпиада ойындарынан кейін сыйға алған көлігін сатқалы жатқанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 15 Желтоқсан, 2025
Майға тәуелділік азаяды: Шығыс Қазақстандағы жаңа зауыттың ерекшелігі неде?
Өскеменде май өнеркәсібі саласында заманауи және ең жоғары технологиялы кәсіпорындардың бірі саналатын ALTAI MAI толық циклді май экстракциялық зауытының салтанатты ашылуы өтті. Зауыт өнімі жоғары сапалы болады әрі өндірістің экологиялық қауіпсіздігі сақталған, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 15 Желтоқсан, 2025
Биыл қысқы уақытта Павлодарда 24 мұз айдыны жұмыс істейді
Мұз айдындарының төртеуінде келушілерге коньки тегін беріледі. Барлық алаңдарды 20 желтоқсанға дейін іске қосу жоспарланған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 15 Желтоқсан, 2025
Астанадан шығатын барлық жолдар жабылды
Қолайсыз ауа райына байланысты Астанадан шығатын барлық автожолдарда көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 15 Желтоқсан, 2025
Аяз, көктайғақ: Астананың бас травматологы тұрғындарды сақ болуға шақырды
Елордада ауа райының күрт нашарлауы байқалуда, аяз буып, боран соғады және жел күшейеді деп болжайды мамандар. Бас штаттан тыс травматолог, басқарма маманы Алексей Солод қала тұрғындарын қауіпсіздік шараларын сақтауға және көшеде сақ болуға шақырады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 15 Желтоқсан, 2025
Қостанайда заңсыз жұмыс істеп жүрген шетелдіктер ұсталды
Қостанайда өтіп жатқан «Құқықтық тәртіп» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы барысында көші-қон полициясы заңсыз жұмыс істеп жүрген шетел азаматтарын анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 15 Желтоқсан, 2025
Қазақстанда мұнай-газ химиясы өнімдерінің өндірісі 12%-ға артқан
Үкіметтің қорытынды баспасөз конференциясында Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов биылғы терең өңдеу және мұнай-газ химиясы саласындағы жұмыстың қорытындылары туралы айтып берді, деп жазады Egemen.kz.
Ұлттық спорт • 15 Желтоқсан, 2025
Айым Тілепберген: Дәстүрлі садақ ату – дәлдік пен байсалдылық спорты
Еліміз дербестігін алғаннан кейін ұлттық спорт жаңа серпінмен дамығаны анық. Дәстүрлі садақ ату ел ішінде ғана емес, әлемдік деңгейде де мойындалып, ұрпақ мақтанышына айналған өнер. Тәуелсіздік күні қарсаңында еліміздің мақтанышына айналған спорт саңлақтары туралы сөз етпекпіз. Соның бірі садақшы Айым Тілепберген. Ол спорттың бұл түрін алғашында жай хобби ретінде қарастырған болса, бүгінде ол осы бағыттың үздігі атанған, деп жазады Egemen.kz
Оқиға • 15 Желтоқсан, 2025
Олимпиада жүлдегері Дәулет Шабанбай 3 жылға сотталды
Павлодар соты еркін күрестен Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Дәулет Шабанбайға қатысты іс бойынша процесті аяқтады. Оған Ұлттық ұлан қызметкерлеріне күш қолданды деген айып тағылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 15 Желтоқсан, 2025
Жамбыл облысындағы ірі химиялық кешеннің экономика үшін маңызы қандай?
Аталған өңірдің Сарысу ауданында ұлттық маңызы бар стратегиялық жобаның құрылысына дайындық кезеңі жүргізіліп жатыр. Бұл минералдық тыңайтқыштарды өндіретін Қазақстандағы ірі химиялық кешен болмақ. Қуаты жылына 1 миллион тонна өнім өндіруді құрайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 15 Желтоқсан, 2025
Астанада екінші ауысымның оқушылары қашықтан оқиды
Бүгін елордада ауа райының қолайсыздығына байланысты екінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары онлайн оқиды, деп хабарлайды Egemen.kz Астана білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Футбол • 15 Желтоқсан, 2025
«Қайрат» қақпашысы Александр Заруцкий енді «Ақтөбе» сапында ойнайды
«Қайрат» командасының қақпашысы Александр Заруцкий Қазақстанның 5 дүркін чемпионы «Ақтөбе» клубымен 2027 жылдың желтоқсанына дейін жарамды екі жылдық келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 15 Желтоқсан, 2025
15 желтоқсанда елдегі қай жолдар ашық, қайсысы жабық болады
Ауа райының қолайсыздығына байланысты бірнеше облыста көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.