Ар
Қоғам • 05 Сәуір, 2024
Көмек қолын созғандар көбейіп жатыр
Қарғын су басқан аймақ тұрғындарына жиналған гуманитарлық көмек бүгінде 30 тоннадан асты, деп хабарлайды Egemen.kz Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 04 Сәуір, 2024
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев бейресми кездесу өткізеді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев 5 сәуір күні Хиуа қаласында бейресми кездесу өткізеді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 04 Сәуір, 2024
Президент су тасқынымен күресіп жатқан еріктілермен кездесті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында су тасқынына қарсы белсенді шараларға қатысып жатқан еріктілер мен құтқарушылар тобымен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 04 Сәуір, 2024
Доллар мен мұнай арзандап барады
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,42 теңгеге төмендеп, 446,49 теңгені құрағанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 04 Сәуір, 2024
Елімізде тағы бір су қоймасы тасуы мүмкін
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов су тасқынына қарсы іс-шаралар бойынша облыстық штабтың отырысын өткізді. Басты міндет - халықты және аумақтарды су тасқынынан қорғау, барлық қызметтердің іс-әрекеттерін үйлестіру.
Спорт • 04 Сәуір, 2024
Карина Ибрагимова боксқа қалай келгені туралы айтып берді
Төрт жылдықтың басты додасы – Париж Олимпиадасына санаулы айлар қалды. Ұлттық құрама спортшылары лицензиялық турнирлер мен рейтингтік додаларға қатысып, қоржынды мейлінше көп жолдамамен толықтыруға ниетті. Ал басты бәсекеге лицензия алып қойған отандастарымыз жеке бағдарлама бойынша шеберліктерін шыңдап, маңызды жарысқа тыңғылықты дайындалып жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 04 Сәуір, 2024
«АMANAT» партиясы тасқыннан зардап шеккендерге көмектесіп жатыр
«Жастар Рухы» жастар қанатының еріктілері және партия белсенділері су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсетуді жалғастырып жатыр. Осылайша Батыс Қазақстан облысында қалалық және облыстық мәслихат депутаттары, партия қызметкерлері бір күндік жалақыларын қайырымдылық қорына аударды, деп хабарлайды Egemen.kz «АMANAT» партиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 04 Сәуір, 2024
«Ордабасы» клубы былтырғы маусымда 4,9 млрд теңге жұмсаған
Шымкент қаласының дене шынықтыру басқармасы «Ордабасы» ФК 2023 жылғы шығындар сомасын жария еткен есебін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 04 Сәуір, 2024
Қазақстан мен Моңғолия Жоғарғы Соттары арасында ынтымақтастық орнайды
Қазақстан мен Моңғолия Жоғарғы Соттарының Төрағалары Асламбек Мерғалиев пен Ганзориг Дамдин онлайн-кездесуде өзара іс-қимыл аспектілерін талқылады, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 04 Сәуір, 2024
Елордалық ҚХА су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға гуманитарлық көмек жіберді
Елордалық Қазақстан халқы Ассамблеясы Достық үйінің базасында су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің тұрғындары үшін гуманитарлық көмек жинау бойынша әлеуметтік акция ұйымдастырды, деп хабарлайды Egemen.kz Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Қоғам • 04 Сәуір, 2024
«ҚазАвтоЖолдың» бұрынғы басшысы ұсталды
Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 03 Сәуір, 2024
Сенаторлар аймақтарда тасқын сумен күреске көмектесті
Сенат депутаттары су тасқыны болған өңірлерде жүр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 03 Сәуір, 2024
Әскери ұшқыштар су басқан аймақтардан екі мыңға жуық адамды эвакуациялады
Қарулы күштердің әскери қызметшілері республикалық және өңірлік жедел штабтармен келісе отырып, табиғи апат орын алған аймақтардағы жұмысын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 03 Сәуір, 2024
Тасқыннан зардап шеккен оқушылар сауықтыру орталықтарына жолдама алады
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев өңірлік білім басқармалары басшылары қатысуымен өткен аппараттық кеңесте су тасқынынан зардап шеккен аймақтардағы балаларды еліміздегі ең үздік жазғы сауықтыру орталықтарына жіберуді тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz аталған ведомстоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Құтқарушы • 03 Сәуір, 2024
Шатыр құрып, демалмақ болған: Қосшы іргесінде суда қалып қойған ерлі-зайыптылар құтқарылды
Ақмола облысының құтқарушылары Қосшы қаласының Тайтөбе ауылы маңында шатыр құрған 1968 және 1966 жылғы ерлі-зайыптыларды құтқарды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 03 Сәуір, 2024
Ақтөбе және Қарғалы су қоймалары реконструкциядан өтеді
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Ақтөбе облысындағы Қарғалы су қоймасын аралап, «Қазсушар» РМК жергілікті филиалының мамандарының жұмысымен және жағдайлармен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 03 Сәуір, 2024
Жұқамырза Шүкірбеков Гран-при турнирінде жеңімпаз атанды
Түркияның Анталья қаласында пара дзюдодан Гран-при турнирінде Жұқамырза Шүкірбеков алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 03 Сәуір, 2024
Қостанайда ит-мысықтарды аулауға 125,6 млн теңге бөлінді
Жануарларды аулау, зарарсыздандыру, вакцинациялау, босату жүйесі бойынша мемлекеттік сатып алулар сәуір айының соңы – мамырдың басында толығымен аяқталуы тиіс. Бұл туралы 2 сәуірде Қостанай облысының ветеринария басқармасының биологиялық қауіпсіздік басқармасының басшысы Талғат Шамшадин мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 03 Сәуір, 2024
Ұлттық ұлан жауынгерлері мұз жару жұмыстарына қатысты
Ақтөбе қаласының іргесіндегі Кирпичный тұрғын алабында орналасқан «Green Land» демалыс аймағына жақын жерде Елек өзенінің бетіндегі мұз қатпарларын жару жұмыстары жүргізілді. Оған Ұлттық ұланның «Бүркіт» арнайы мақсаттағы бөлімшесінің 3 сапері мен 4 техникасы қатысты. Бұдан бөлек қауіпсіздік үшін аймақты қоршау шараларына 29 жауынгері бөлінген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 03 Сәуір, 2024
Ұлытау облысында түрме қызметкерлері сотталғандарды азаптағаны анықталды
Ұлытау облысы прокуратурасының Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасы Қарағанды және Ұлытау облысы бойынша №62 Мекеме және Ұлттық ұлан №6505 әскери бөлімінің қызметкерлері сотталғандарды азаптағанын анықтады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 03 Сәуір, 2024
Биыл Маңғыстау облысының шекарасы кеңейтіледі
Биыл өңірдің шекарасын кеңейту жоспарланғанын Маңғыстау облысы жер қатынастары басқармасының басшысы Нұржан Қаржаубай аппараттық кеңес барысында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сенат • 03 Сәуір, 2024
Сенаттың алғашқы төрағасы өмірден өтті
Бүгін Астана қаласында көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Өмірбек Байгелді өмірден өтті. Қазаны Сенаттың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 03 Сәуір, 2024
Қазақстанда 2024 жылы олимпиада жеңімпаздарына берілетін сыйақы мөлшері белгілі болды
Мәдениет және спорт министрлігі халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне, жаттықтырушыларға және спорт түрлері бойынша құрама командаларының мүшелеріне берілетін ақшалай сыйақы мөлшерін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 03 Сәуір, 2024
Майқайыңдағы құтқарушылардың туыстары: Тірі дейін десем – үйде жоқ, өлі дейін десем – бейіті жоқ
Майқайың кенішінде құлаған автобуста қалған екі адамның туыстары көмек сұрап, Астанаға барды. Апаттың болғанына үш айға жуықтаса да, құтқарушы мен автобус жүргізушісінің мәйіті әлі табылған жоқ, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 02 Сәуір, 2024
Су тасқыны кезінде дәрігерлер 24 әйелді босандырып алған
Су басқан аудандарда қажырлы еңбектері үшін Ақмола, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарынан барлығы 19 медицина қызметкері Денсаулық сақтау министрінің Алғыс хатымен марапатталды, деп хабарлайды Egemen.kz аталған ведомствоға сілтеме жасап.
Спорт • 02 Сәуір, 2024
Гран-при турнирі: Қазақстан пара дзюдошылары қос қола олжалады
Түркияның Анталья қаласында пара дзюдодан осы айдың 1-3 күндері өтіп жатқан Grand Prix додасында Қазақстан балуандары қос қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сенат • 02 Сәуір, 2024
Сенатта экономикалық қылмыстар үшін жауапкершілік белгілеу мәселелері талқыланды
Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің депутаттары «Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтарды одан әрі қылмыстық сипатынан арылтудың өзекті мәселелері» тақырыбына арналған отырыс өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Медицина • 02 Сәуір, 2024
Су тасқыны: Шұғыл психологиялық көмек сипатындағы 43 қоңырау түскен
Төтенше жағдайлар министрлігі Апаттар медицинасы орталығының бір аптадағы статистикасын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 02 Сәуір, 2024
Халықаралық журналистика мектебінің жаңа деканы тағайындалды
Maqsut Narikbayev University Халықаралық журналистика мектебінің деканы лауазымына халықаралық журналистика магистрі Айгүл Жамалованың тағайындалғаны туралы хабарлады. Аталған ЖОО – халықаралық білім деңгейін ұсынатын еліміздің университеттері арасында көшбасшы білім ордасы.
Аймақтар • 02 Сәуір, 2024
Қанат Бозымбаев жұмыс сапарымен Қостанай облысында болды
2 сәуірде Премьер-министрдің орынбасары – Су тасқынына қарсы шараларды үйлестіру және қарғын су жүру кезеңінің салдарын жою жөніндегі республикалық штаб басшысының орынбасары Қанат Бозымбаев Қостанай облысына жұмыс сапарымен барды. Атап айтқанда, төтенше жағдай жарияланған Амангелді, Жангелді аудандары мен Арқалық қаласындағы жағдаймен танысты.